Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

2898 Total records
122,107 Unique word forms (full index)
4233 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 2898 records

Қара өлең үлгілері

Бойдай тал-ай, шіркін-ай, болған басым, Боз биенің сүтіне жуған шашым. Қыз да болса біреудің еркесі едім, Енді кімге қор болдың әзіз басым.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айналайын, өкпем деймін, Естісем жаман атың өкпелеймін. Осыдан бірге жүріп кетсең бөлек, Сағыныш басылмайды көпке дейін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тауып алдым аққудың жұмыртқасын, Менен сәлем айта бар ұмытпасын. Бірге өткізген күндерді есіне алып, Менен басқа ешкімді жуытпасын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ана беттен жол еді мына бетке, Сөйлеспедім өзіңмен шығып шетке. Қайсыбірін айтайын, ай-ау, сәулем, Енді кетіп барасың тұрмай сертке.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ қалады, ендеше, ақ қалады, Аттың басқан жерінде дақ қалады. Оралыңның барында ойна да күл, Өлгеннен соң саудырап жақ қалады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Білте бермен, тағы да, білте бермен, Қолаң қара шашың бар күлтеленген. Көмекейің көсілген ақын болсаң, Қара дауыл өлеңді сілте бермен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұлы жұртты жағалай тал болады, Ашылмаса көңілім, дал болады. Қасіретті қайғысы басқа түссе, Айдын көлге үйрек-қаз зар болады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қазығұртты жағалай тас болады, Шын азамат үйіне бас болады. Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін, Ішім жанып, көзіме жас толады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен айтайын сөзімді өлең етіп, Өмір сүрсін жас ұрпақ көлеңдетіп. Бас қосқаны қауымның той емес пе, Отырайық бәлсінбей өлеңдетіп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жолықсаң біздің жақтың тентегіне, Өмірдің қарамайды келтеңіне. Қонаққа жалғыз атын сойып беріп, Жүген ұстап қалады ертеңіне.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жолаушы жолға шығар қосыменен, Шөлдесе, шай қайнатар мосыменен. Осы үйде таң атқанша ән шырқадық, Әнімді тоқтатайын осыменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Күнде жылау, бөпем-ау, күнде жылау, Иіс маймен денеңе бердім сылау. Сен жыламай, бөпем-ау, кім жылайды, Асырайтын әкеңнің сиқы мынау.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қыз қосылса теңімен, жыламасын, Көздің жасын көл қылып бұламасын. Екі жасты бақытты ете көр деп, Біздер бата берелік сұрағасын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дүние өте шығар басымыздан, Бала едің әдеп көрген жасыңыздан. Он бес пен жиырманың арасында, Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жезім деймін, ендеше, жезім деймін, Өлең айтып отырған өзім деймін. Айтар болсаң өлеңді бүгін айтқын, Бүгіннен соң келмейді кезім деймін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, Көк дөненге жарасар өмілдірік. Бізге салған қолқаңыз өлең болса, Біз айтайық өлеңді төгілдіріп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен өзім ақын емес, өрнек едім, Дидарын жақсылардың көрмек едім. Жиылып үлкен-кіші бас қосқанда, Азырақ тамашалап бермек едім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қияның қияласа, қиясы бар, Етекте орып алса, миясы бар. Көңілді көтерейік бас қосқанда, Өлеңнің таңдайымда ұясы бар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келеді басы қайқы қабырғаның, Көп болды айтқаныңнан аңырғаның. Бірге өскен ойнап-күліп көз көрген ең, Кісідей танымайтын не қылғаның.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ала қарға дегенде, ала қарға, Ауыл шалғай болған соң шара бар ма. Жайлаудағы тойға кел жорғаменен, Қой бақтырып қайдағы балаларға.

Genre: Қара өлең
Previous Page 54 of 145 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment