Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Жетімдер (І нұсқа)

Мелдеби атамыздың үлкен әйелдері: Құндыз, Бибайша, кіші әйелі Жезбике болды. Бибайша орта жасқа келгенше перзентті болмаған екен. Екінші әйелді сол себепті алса керек. Кіші әйелі Жезбике ұл тауып, атын Құдайберді қояды. Мұның лақап аты «Көктің ұлы» атанып кетті. Анамыз Құндыз да жылап жүріп бір балалы болды, атын Тәңір...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тоқболат

Жабаттың тағы бір баласы Көккөзден Тоқболат, Ақпанбет, Тоқпанбет, туған. Тоқболаттан: Барақ, Қарасақал. Барақтан Түкетай, Масакөшек, Жиенас, Жұдырық. Барақ батыр кісі болған, одан тарағандар: «біздің бабамыз Тәшкеннің қақпасын талқандаған екен» деп мақтаныш қылады. Оның кіші баласыда әкесі сияқты қарсы келгенді бетіне...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Көлеген

Жандербіс босқыншылықпен жүрген бір қарақалпақты асырап алып, малын бақтырып қояды. Ол ер жеткен соң Қараның балаларының бір қызын алады. Аты – Кенжей екен. «Жағдай қалай, Кенжей?» десе, «Шүкір, сіздерді көлеңкелеп жүрміз ғой!» дегеннен басқа ештеңе айтпайды екен. Содан «Көлеген» атанып кеткен.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тама-Көбек

Ораз қайтыс болғаннан кейін Жезтаңдай баласы Ақылбегін алып, төркініне Қарақайға келеді. Әкесі Есқұл мен ағасы Қыдырдың қолында жүреді. Арада бес-алты жыл өткен соң елден қайнысы Аққошқар іздеп келіп, Жезтаңдайды алып кетпек болады. Бірақ Аққошқар момын, мүсәпірлеу болған екен. Жезтаңдай үй-жайға еге бола алмас деп бар...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Қара» атануы

Мынадай да әңгіме бар. Жолдербіс өлген соң, әйелі тоғыз жасар Жандербісті қорқамын деп қасына алған екен. Күйеуінің жылы өткен соң, әйелдің екіқабат екені білініп қалады. Қайнағасы Байдербіс жанжал шығарады. Әйелді жұрттың алдында қаралап, тас атып өлтірмек болады. Байдербістің солтұста келінін тілдеп шығарған өлеңі ел...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Байлар-Жандар ішіндегі Бөлек

Бөлектің азан шақырып қойған аты Бекболат екен. Кішкентай кезінде үлкен шешесінің баласы Шорапалдың қолында біраз тұрыпты. Бір күні інісін көруге келген Құлшық Бекболаттың көзіндегі мөлтілдеген жасты көріп, әкесіне айтып келеді. Әкесі: «жәутеңдетпей, әкеліңдер баланы!» – дейді. Бұған Шорапал өкпелеп: «Тоқалдың балдарын...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тентек Көбек

«Тентек Көбек» атанып жүргендер – Аманқұл батырдан тарағандар. Аманқұл батыр да аңғал, сіңірі шыққан кедей болған. Ол жөнінде мынадай әңгімелер бар. «Итке сүйек қарыздар» демекші, әркімнен қарыздар болып қалған. Қайтарайын десе не малы, не теңгесі жоқ. Бір күні әйеліне айтады: «Бүгін бір кісілер қарызын сұрап келетін ш...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тиекті

Жезбикенің Жиделі Байсыннан Түркістанға келе жатып, жолда қарақалпақтан туып алатын баласын «Тиекті еді» дейді. Енді біреулер Тиекті Жығалының елде қалған Қожахмет деген ағасы болған, соның баласы дейді. Бұл әңгіме бойынша Тиекті елге Құлшығаш қайтыс боп кеткен соң қосылып, Жақып ағаларының бірінен саналатын Мәмбетәлі...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қоңыршұнақ

Құдайбердінің Жаулыбайынан туған Қоңыр сопы дегенкісі болған, өзінен тараған балашағасымен Шолаққорған жақты мекендеген. Бір шапқыншылықта жоңғарлар Қоңырдың әулетін түгел қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған шал: «Шұнақ Құдай, мені де өзің сияқты қу шұнақ қылып қойдың ғой!» – деп жылаған екен. Қоңырдың «Қоңыршұнақ» атану...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Құйысқансыз» атанып жүрген Қожамберді туралы

«Құйысқансыз» атанып жүрген – Қожамберді. Осыған байланысты мынадай аңыз бар. Құдайберді Қанымкүл деген қарындасын көрші жатқан Қаракерей найман Есбайдың баласы Жантуға берген. Қанымкүл құрсақ көтермеген. Сосын ағасының баласы Аманбайды тәрбиелеп алады. Аманбай ер жетеді. Жанту оны өз баласындай бағып-қағып өсіреді, үй...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Көтен атануы туралы (І нұсқа)

Құрбан әулие кісі болған. Ұрлық пен зорлықты жаны сүймеген. Адал, таза жан екен. Ағаларының ұрлықтарын беттеріне басып, қойыңдар деп талай айтады. Бірақ олар көне қоймаған. Құрбан енді олардың ұрлығын қойдырамын деп, қоңсы-қолаңдарға да айтатын болған. Ағайындылар қанша қорқытқанымен, Құрбан оларды әшкерелеуден қайтпағ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қылбелбеу

Жалпы Жаманбайдың бес баласын «Қылбелбеу – Құрбан» деп атайды. Қылбелбеу деп отырғанымыз – Сырман, Ноғай, Таңатар, Мәмбет. Төртеуі де батыр, барымташы, оның үстіне заман сондай, бала-шағаны асырау керек дегендей, сыртқа шықсамал жетектеп қайтатын өнерлері болған екен. Сондықтан дабелдерінен қыл арқан түспепті. Осыдан т...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Алатау» аты қалай шықты?

Жиенәлі он үш-он төрт жастардағы бозбала шағында салт бойынша нағашысының ауылына қыдырып барады. Нағашылары Божбан руының бақуатты, бас көтерер азаматтары болады. Қалмақтардың қайта-қайта шабуылдап, тыныштық бермей жүрген кездері. Ала тайға мініп барған жиен қонған алғашқы түні қалмақтар ауылға шауып, божбандардың қал...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Орта жүздің бір атасы Қоңырат туралы мағлұмат

Орта жүздің бір баласы – Қоңырат. Қоңыраттар Шыңғысханның жорығына қатты қарсылық білдірді. Содан «Қоңырат» дегенді өлтіре берді. Солай бола тұрса да, қоңыраттың бір қызын алады. Ол кісі 7 жасар Мейрамды (інісі) сандыққа салып жасырып жүреді. Шыңғысханның бір көңілді кезді пайдаланып: «Сіз үлкен қателестіңіз, өзіңіз қа...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қоңырат туралы аңыз

Бекарыстың төрт баласы болады: Арғын, Қыпшақ, Тарақты, Найман. Тарақты үлкен үйде қалады. Ол кіші бала, сондықтан оны «Ноқта ағасы Тарақты» деп атайды. Арғынға, Қыпшаққа енші беріп бөлек шығарады. Ал Найманға жалғыз өзін бөліп, енші береді. Найман Жошы ханның баласы – Жолбарыс ханға арыз етеді. Онда былай дейді: «Туысқ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қоңырат елі

Қиян нәсілінен бір кісі бар еді, оның үш ұлы болды. Үлкені – Жорлық мерген, екіншісі – Қабай шере, үшіншісі – Табұдай. Жорлық Қабай шеремен ұрысып қалды. Жорлық жағын алып, көздей бастап еді, Қабай шере басын аттың жалына жасырып, бұғып қалды. Бір кезде басын көтерді. Жорлық інісін аяп, бірақ қорқытайын деп, оның құлағ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қаптағайдың бүкіл Матайға ұран болғаны

Найманнан тарайтын төрт Төлегатайдың бірі Матайдан 3 бала туған. Олар: Келдәулет, Дүзжігіт, Кенже деп аталады. Бұларды «Үш матай» деп те атайды. Матай көп жас жасап, Кенженің қолында тұрған екен. Бір күні Келдәулеттің ауылына барғысы келіп, атқа мінеді. Аталарының келе жатқанын көрген Келдәулеттің балалары дереу ақылда...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ақнайман туралы ел аузындағы ертегі-аңыз

Жолымбет жолаушылап әлде базарлап Ташкент қаласына барады, сол жерде бір сотталып кеткен өзбектің жесір әйелімен көңіл қосып, әйел ұл туып, атын Қуансейіт қояды. Бала 5 жасқа толған соң баланы алып Жолымбет елге келеді. Қуансейіт ұзын бойлы ат жақты, аққұба батыр тұлғалы көрнекті жігіт болып өседі. Бұған сүйсінген елді...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Байжігіт – «Бес байыстың бірі»

Сайбек ханның елін қалмақ шауып, содан жерінен ауып көшіп келе жатып, әз-Жәнібек ханның қорығына келіп, білмей қонып қалады. «Рұқсатсыз ханның жеріне қонған қандай адам ажалына «серік» болған. Қазір біз ханға алып барамыз. Хан бастарыңды алады», – деп әскерлер ажыраңдаған соң: «Елімізді қалмақ шауып, жерімізден ауған м...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қаракерей руы

...Қазақ пен қалмақтың соғысы кезінде 100-дей жасақ жинап, оны жас, қайратты жігіт Ақбелбеу басқарады. Соғыс алма кезек жеңіспен аяқталып отырады. Кешке қарай демалуға сайды өрлеп, үлкен шатқалдың ішіне ене бергенде, жау алдын ала жасырынып жатқан екен. Ақбелбеудің адамдары қоршауда қалғанын сезіп саса бастайды. Қалмақ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 54 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды