Айдабол ішінде бір Баян деген азғана қаралдысы есектің басындай ел бар. Сол Баян өз балаларына тақымы толмай Бұқар, Самарқан жағынан Көшен деген баланы ұнатып, алып келіп бала қылған екен. Оны өз балаларынан ілгері ұстап күтіп, жүргізіп-тұрғызған екен. Сол Көшен Бұқар базарына барғанда шешесін көрген екен. Елге айта ке...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жұман байдың бәйбішесі – Мәулім бәйбіше, онан – Қорым жалғыз. Бәсентиін қызы Мапашты (Мапаны) тоқалдыққа алған. Өзінің іргесінде отырған төрт-бес үй қоңсы сиіп отырғанда, сідігінің сарылдағанынан Жұман байдың астындағы аты үріккен. Әдейі барып қараса, қара жерді қарыс айырып жіберген екен. Онан [Мапа тоқалдан] туған ба...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Бұрынғылар айтқан сөз дейді: «Алшын болсаң, Адай бол! Арғын болсаң, Алтай бол! Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол! Найман болсаң, Қаракерей, Садыр, Матай бол! Өзгең қалай болсаң, солай бол!» – деп. «Тышқанның да сәуірі (сауыры) болады», – деседі. Алтай – Арғын [ның] сәуірі болған екен. Алтайдың бәйбішесі – Қанжығал...
Genre: Шежіре
Тымақ киіп жүрген күң көгеннің басында, жер-ошақтың қасында жатып жүріп, бір еркек бала тапқан. Атын Қабыла қойған. Жасында қой, түйе бағып, онан жылқы бағып жүрген. Күнінде көтінен ерген баласы бар қатынды алып, баланың көзі шегір болған соң «Шегір» атанып кеткен. Онан соң және бір балалы қатынды алып, ол баланың киге...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды деген сөз естіле бастаған соң Қарақалпақ: «Арғын бұл жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. Өткелден өткізбейміз», – деп, өткел аузын алып тұра қалды дейді. Сыр суында аяқтап өтетұғын өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбішенің а...
Genre: Шежіре
Нұрпия Алшын ішіндегі Құдаспай деген кісінің қызы екен. Шешесі ертерек қайтыс болып, Нұрпия ұзатыларда жеңгесі: «Еркежанға шешесінің жоқтығын білдірмеймін», – деп, бірге ере жүріпті. Ұзатылып бара жатқан Нұрпияның жасауы теңделген түйесінің бұйдасын ұстау үшін бір жетім қызды да ала кетіпті. Ел ішінің бүліншілігі көп,...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Мейрам сопының қайыны Алшын Құдысбай екен. Қалыңдығының аты Нұрфая екен. Өзін қыс ішінде ұзатыпты. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалған екен. «Бикешке шешесінің жоқтығын білдірмеймін» деп, Нұрфаяның ағасының қатыны – жеңгесі еріпті. Түйенің басын жетектеуге бір жетім ертіпті. Көш ілгері кетіп, күйеу жігіт артта қалып, көшті...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Арғынның ортаншы тоқалының аты – Момын. Бұл Момыннан туған Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды Тобықты. Қарасопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл, «Барлыбай» ұранды Бәсентин. Сарысопыдан – «Аушыбай» ұранды Атығай. Ана екі сопыдан нәсіл, тұқым жоқ. Желден келген жеті...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қаракесек ішінде Қалдыбай қожа деген ақын қожа болған. Бір аяғы бір аяғынан шолақ, жергілікті ақсақ екен. Кемпірдің шабаданындай қораш кісі екен. Жылқыбай мырзаға келіп қонып, аттандырып тұрғанда Жылқыбай мысқыл қылып күліп: – Қожекеңнің үзеңгі бауы ұзарайын деген екен, тегі аяғы ұзын-ау, – дегенде, Қожа айтты дейді: –...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ақбура Есен тентек жолаушы болып бір ауылдың сыртына түсіп отырса, бір бала жүгіріп келіп қасына отыра қалыпты. Қоржынының аузын сөгіп балаға үш құрт алып беріпті. Бала құртты алып, ауылға қарай жүгіріпті. Есен тентек өз қоржынын өзі пышақпен жарып, құртты жерге төге салып, баланы қуып барып, жатып жабысыпты. «Менің қо...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Арғынның екінші қатынының аты – Момын. Бұл Момыннан туған: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы мен «Маябоз» ұранды Тобықты. Қара сопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл мен «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сары сопыдан: «Үшбай» ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Керей, Уақ...
Genre: Шежіре
Ақжігіт, Жанжігіт қызы өз күйеуімен қашып кеткенін естіп, Есқара би көңіл айтқан екен: – «Қыз ұзатқан қырғыз шапқанмен бірдей», – деп еді. Жасаусыз қыз ұзатыпсыз. Өзімен-өзі қашып кеткен баланың алдын не қылайын?! Арты өзіңе қайырлы болсын! Құдай берген жоқ шығар. Сенің ырысында қой түнетсе де жарайды. Күйеудің қалың с...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Алтай жігіт күнінде жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып қанжығалы Піспек байдың жылқысын баққан. Ішпек, Піспек деген екі ағайынды байлар екен. Сонда Піспек бай іңірде өз қолынан арқандаған атын түні бойы қарап, орнынан таба алмай әуре болады екен. Таң атса, шөптің, оттың, судың тұнығында арқандаулы тұрғанын көреді е...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Осы күнгі Керей, Уақ деген елдер бар. Олар Арғынның тоқалы Момынның қоңсысы болыпты. Момын оларға қатын әперіп, енші бөліп беріпті. Олар Момын балаларына Момыннан енші алған кірмесі болады. Уақ, Керей – екеуі екі арыс болады. Бұл екеуі «жолдан келген жеті руға» қосылады. Жетіру дегеніміз – Асанқайғының елінен, Бәйбәше...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Күлік қожа диуана болған. Мәжзуп қатын-баласыз, үйсіз-күйсіз, тажародлік һалатта харабатлардан болған. Заманындағы адамлар таһир әулиешілігін көрген. Мұның заманында «Шоң бидің Қарақожасы» деген әулие өткен. Сол Қарақожаның бибісі (бәйбішесі) пұшпағы қанамай, перзент көтермей кешіккен. Жаздың күнінде Қарақожаның бибісі...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қарақожа жасында жалаңаш жүреді екен. Үстіне киім кигізсе, жұлып тастай беретін болыпты. Мұның бала күнінде, заманында бір шадта болыпты (қазақша бір хикаят деп айтады). Ол шадта бір байдың жалғыз баласы қырық жігітпен жорық қа аттаныпты. Аттанып кеткен күні кешке байдың жалғызы: – Басым ауырды, атқа жүре алмадым, қыры...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!» – деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, са...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады. «Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам маған серт, Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет! – де...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Аққа жақса, жұқпайтын күйе болмас, Жүзік көзі қызарып шие болмас. Адам нанбас жақсыдан жаман туса, Тұқым қумай тұрақты кие қонбас.
Genre: Қара өлең
Тексізден текті шықпас мақтаса да, Қанатын қыран ұшар қақпаса да. Жаманның ісі алға баспақ емес, Жақсылар жазатайым жақтаса да.
Genre: Қара өлең