Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4309 Total records
174,941 Unique word forms (full index)
3979 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4309 records

Қарақожа – Жалаңаш баба

Қарақожа жасында жалаңаш жүреді екен. Үстіне киім кигізсе, жұлып тастай беретін болыпты. Мұның бала күнінде, заманында бір шадта болыпты (қазақша бір хикаят деп айтады). Ол шадта бір байдың жалғыз баласы қырық жігітпен жорық қа аттаныпты. Аттанып кеткен күні кешке байдың жалғызы: – Басым ауырды, атқа жүре алмадым, қыры...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Орта жүздің алты қожадан тарауы туралы (ІІ нұсқа)

Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!» – деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, са...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Орта жүздің алты тайпасының шығуы туралы (І нұсқа)

Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады. «Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам маған серт, Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет! – де...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қара өлең үлгілері

Аққа жақса, жұқпайтын күйе болмас, Жүзік көзі қызарып шие болмас. Адам нанбас жақсыдан жаман туса, Тұқым қумай тұрақты кие қонбас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тексізден текті шықпас мақтаса да, Қанатын қыран ұшар қақпаса да. Жаманның ісі алға баспақ емес, Жақсылар жазатайым жақтаса да.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жақын боп кім жанасар жаман, қуға, Жақсыға кез келгеннің бәрі тума. Саналы май жесе де, нысап қылар, Қайғысыз семіреді қара суға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кең тұсау сөзде де ұзын арқан болар, Баласы жомарт елдің дарқан болар. Достан—сый, жақыннан жан аямасаң, Көп дұшпан көре алмаған талқан болар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дөнені не жүйріктің, бестісі не, Душар болғын адамның естісіне. Жазатайым жаманмен болсаң жолдас, Үлкен-кіші қарамас ес-түсіңе.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бұлт басса таудың басын, сұстанады, Бұтақты майыстырып құс қонады. Барында өміріңнің ойна да күл, Ырсиып өлгеннен соң тіс қалады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жүреді жақсы жігіт өз жайына, Талшық қып адал дәмін таңдайына. Кетпеннің мұқатпақ боп басын бассаң, Тиеді сабы келіп маңдайыңа.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жапсаң да кілем сиыр түйе болмас, Құлындап есек пақыр бие болмас, Бір жаман бір жаманға қосылса да, Екеуі бір-біріне ие болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ит қызыл болса дағы түлкі болмас, Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас. Әркімнің шылауында жүрер жаман, Өмірі өз басының ырғы болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Би болмас надан белін буғанменен, Тазармас заты жаман жуғанменен. Әртүрлі әр адамға нәсіп тиер, Бәрі де бір кәсіпті қуғанменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас, Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас. Кей жаман мал бітті деп ел билейді, Халық та сол жаманға іңкәр болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Киім тікпес шын шебер үлгі білмей, Сұлу қызбен көреді ел гүлді бірдей. Жамандармен көп ойнап, сан күлгенің Қайдан болсын жақсының бір күніндей.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Он жабы сатсам, жетпес бір тұлпарға, Мың қарға залал қылмас бір сұңқарға. Жаманға жазатайым ісің түссе, Жарамас ашылғанды бір қымтарға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақымақтың жұмысы сырттан сөкпек, Буы шығып басынан ісіп-кеппек. Бір жақсының мінезін баян қылсаң, Болар соның қайтсе де арын төкпек.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде тарылмаймын, Аққудай көлден ұшқан мамырлаймын. Жақсыға жайды білер жаттығым жоқ, Жаманға, іздесе де, табылмаймын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінемін той дегенде қара атымды, Құйрығы қара атымның таратылды. Көз жетті ел сөзінің расына, Деуші еді тәуір бала жаратымды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кимеймін ақтан көйлек бөз болар деп, Жаманға жоламаймын сөз болар деп. Үмітім ақталғандай ойлап жүрген, Өзіңдей бір жақсы жан кез болар деп.

Genre: Қара өлең
Previous Page 61 of 216 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment