Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4309 Жалпы жазба
174,941 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3979 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4309 жазба көрсетілуде

Кәріжастың «Қаржас» аталуы және Сүйіндікбен еншілес атануы (ІІІ нұсқа)

Мейрамсопының бәйбішесі Ұлпая – Кіші жүз Құдыш бидің қызы. Сол Кіші жүзде Ақшаханның Бибігүл деген қызы бар екен. Қалмақтың бір мықты батыры: «Сен қызыңды маған бер, бермесең, сенің аулыңды шабамын!» – деп маза бермепті Ақшаханға. Содан әкесі қызына жағдайды айтқан соң, қызы әкесіне: – Мен қалмаққа бармаймын, маған пан...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қаржас (ІІ нұсқа)

Жасы егде тартқан кезінде Мейрамсопы бір себеппен оңтүстікке сапармен барып, қыс ерте түсіп кетіп, елге қайта алмайды. Ондағы ел жақсылары Арғын ағаның баласы Мейрамсопы тізесін құшақтап, қалай жатады деп, қойнын жылытуға бір жас қыз әкеліп салады. Көктем келген кезде, Мейрамсопы еліне қайтпақ болады. Қыстай тізесін жы...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Айдаболдың Қошетерді Тайкелтірге еншілес қылуы

Кенжеқозы жастай өліп, қайны Ұлы жүз Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын!» – деген соң, Жанқозы онысына көнбей: «Көттесімнің жесірін тоқал [дың] баласына бермеймін!» – деп, тетелес інісі Малқозының баласы Толыбайға алып беріп: Олжабай, Құлжабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл) – төрт...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Пәлі, Төлебай!»

«Пәлі, Төлебай!» атанған себебі – бұрынғы заманда Арғынның қойшысынан өрт кетіп, Ұлы жүз – Үйсіннің бірнеше қотан қойлары күйген екен. Соны Ұлы жүз – Үйсін Арғыннан даулаған екен. Сонда соның бітіміне Ұлы Жүз Үйсіннен Төле би шыққан екен. Арғыннан Төлебай шыққан екен. Үйсін Төле би: – Қолыңмен салған өртті етегіңмен қа...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Оразкелдінің «Қаржас» аталуы (І нұсқа)

«Толыбай» ұранды Қанжығалы дейді. Сол Қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншы заманында бір жаққа жорыққа бара жатып, бір көлдің басынан бір тірі еркек бала тауып алыпты. Аяғын апыл-тапыл басқан, тілі шықпаған баланың мойнында алтынды айкіл шұбар төсі бар екен асулы, ішінде бір алтын сақа бар екен. «Өзіміз жолаушы, өзі қ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Баянның ұрпағы

Айдабол ішінде бір Баян деген азғана қаралдысы есектің басындай ел бар. Сол Баян өз балаларына тақымы толмай Бұқар, Самарқан жағынан Көшен деген баланы ұнатып, алып келіп бала қылған екен. Оны өз балаларынан ілгері ұстап күтіп, жүргізіп-тұрғызған екен. Сол Көшен Бұқар базарына барғанда шешесін көрген екен. Елге айта ке...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қуандық шежіресі

Жұман байдың бәйбішесі – Мәулім бәйбіше, онан – Қорым жалғыз. Бәсентиін қызы Мапашты (Мапаны) тоқалдыққа алған. Өзінің іргесінде отырған төрт-бес үй қоңсы сиіп отырғанда, сідігінің сарылдағанынан Жұман байдың астындағы аты үріккен. Әдейі барып қараса, қара жерді қарыс айырып жіберген екен. Онан [Мапа тоқалдан] туған ба...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қуандықтың бір баласы – Алтай

Бұрынғылар айтқан сөз дейді: «Алшын болсаң, Адай бол! Арғын болсаң, Алтай бол! Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол! Найман болсаң, Қаракерей, Садыр, Матай бол! Өзгең қалай болсаң, солай бол!» – деп. «Тышқанның да сәуірі (сауыры) болады», – деседі. Алтай – Арғын [ның] сәуірі болған екен. Алтайдың бәйбішесі – Қанжығал...

Жанр: Шежіре

«Майлытон», «Шегір» аталуы

Тымақ киіп жүрген күң көгеннің басында, жер-ошақтың қасында жатып жүріп, бір еркек бала тапқан. Атын Қабыла қойған. Жасында қой, түйе бағып, онан жылқы бағып жүрген. Күнінде көтінен ерген баласы бар қатынды алып, баланың көзі шегір болған соң «Шегір» атанып кеткен. Онан соң және бір балалы қатынды алып, ол баланың киге...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Сүйіндік – Мақпал бәйбіше

Ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды деген сөз естіле бастаған соң Қарақалпақ: «Арғын бұл жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. Өткелден өткізбейміз», – деп, өткел аузын алып тұра қалды дейді. Сыр суында аяқтап өтетұғын өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбішенің а...

Жанр: Шежіре

Нұрпия (ІІ нұсқа)

Нұрпия Алшын ішіндегі Құдаспай деген кісінің қызы екен. Шешесі ертерек қайтыс болып, Нұрпия ұзатыларда жеңгесі: «Еркежанға шешесінің жоқтығын білдірмеймін», – деп, бірге ере жүріпті. Ұзатылып бара жатқан Нұрпияның жасауы теңделген түйесінің бұйдасын ұстау үшін бір жетім қызды да ала кетіпті. Ел ішінің бүліншілігі көп,...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қуандықтың алты баласының «Қаракесек» атануы (І нұсқа)

Мейрам сопының қайыны Алшын Құдысбай екен. Қалыңдығының аты Нұрфая екен. Өзін қыс ішінде ұзатыпты. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалған екен. «Бикешке шешесінің жоқтығын білдірмеймін» деп, Нұрфаяның ағасының қатыны – жеңгесі еріпті. Түйенің басын жетектеуге бір жетім ертіпті. Көш ілгері кетіп, күйеу жігіт артта қалып, көшті...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жетіру туралы бір аңыз (ІІ нұсқа)

Арғынның ортаншы тоқалының аты – Момын. Бұл Момыннан туған Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды Тобықты. Қарасопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл, «Барлыбай» ұранды Бәсентин. Сарысопыдан – «Аушыбай» ұранды Атығай. Ана екі сопыдан нәсіл, тұқым жоқ. Желден келген жеті...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жылқыбайдың күшігі туралы

Қаракесек ішінде Қалдыбай қожа деген ақын қожа болған. Бір аяғы бір аяғынан шолақ, жергілікті ақсақ екен. Кемпірдің шабаданындай қораш кісі екен. Жылқыбай мырзаға келіп қонып, аттандырып тұрғанда Жылқыбай мысқыл қылып күліп: – Қожекеңнің үзеңгі бауы ұзарайын деген екен, тегі аяғы ұзын-ау, – дегенде, Қожа айтты дейді: –...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Үш құрт туралы

Ақбура Есен тентек жолаушы болып бір ауылдың сыртына түсіп отырса, бір бала жүгіріп келіп қасына отыра қалыпты. Қоржынының аузын сөгіп балаға үш құрт алып беріпті. Бала құртты алып, ауылға қарай жүгіріпті. Есен тентек өз қоржынын өзі пышақпен жарып, құртты жерге төге салып, баланы қуып барып, жатып жабысыпты. «Менің қо...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жеті момын туралы (І нұсқа)

Арғынның екінші қатынының аты – Момын. Бұл Момыннан туған: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы мен «Маябоз» ұранды Тобықты. Қара сопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл мен «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сары сопыдан: «Үшбай» ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Керей, Уақ...

Жанр: Шежіре

Ақжігіт ұрпақтары [Ақжігіт, Жанжігіт туралы]

Ақжігіт, Жанжігіт қызы өз күйеуімен қашып кеткенін естіп, Есқара би көңіл айтқан екен: – «Қыз ұзатқан қырғыз шапқанмен бірдей», – деп еді. Жасаусыз қыз ұзатыпсыз. Өзімен-өзі қашып кеткен баланың алдын не қылайын?! Арты өзіңе қайырлы болсын! Құдай берген жоқ шығар. Сенің ырысында қой түнетсе де жарайды. Күйеудің қалың с...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Арғынның Алтайы, Мойын, Кенжеқара рулары (І нұсқа)

Алтай жігіт күнінде жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып қанжығалы Піспек байдың жылқысын баққан. Ішпек, Піспек деген екі ағайынды байлар екен. Сонда Піспек бай іңірде өз қолынан арқандаған атын түні бойы қарап, орнынан таба алмай әуре болады екен. Таң атса, шөптің, оттың, судың тұнығында арқандаулы тұрғанын көреді е...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Мейрам сопы ұрпақтары немесе «Момынның жеті арысы»

Осы күнгі Керей, Уақ деген елдер бар. Олар Арғынның тоқалы Момынның қоңсысы болыпты. Момын оларға қатын әперіп, енші бөліп беріпті. Олар Момын балаларына Момыннан енші алған кірмесі болады. Уақ, Керей – екеуі екі арыс болады. Бұл екеуі «жолдан келген жеті руға» қосылады. Жетіру дегеніміз – Асанқайғының елінен, Бәйбәше...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қара қожа

Күлік қожа диуана болған. Мәжзуп қатын-баласыз, үйсіз-күйсіз, тажародлік һалатта харабатлардан болған. Заманындағы адамлар таһир әулиешілігін көрген. Мұның заманында «Шоң бидің Қарақожасы» деген әулие өткен. Сол Қарақожаның бибісі (бәйбішесі) пұшпағы қанамай, перзент көтермей кешіккен. Жаздың күнінде Қарақожаның бибісі...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 60 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды