Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4402 Total records
176,286 Unique word forms (full index)
3942 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4402 records

Қара өлең үлгілері

Жақсының ісі оңалар әу басынан, Жаманның арылмаған дау басынан. Күңкілдеп қашан көрсең жүрер жаман Жаңылған саудагердей саудасынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Гүл өспес көлеңкеде аптап көрмей, Бәйгеге ат қоспайды баптап келмей. Шарықтап жүрсің, сәулем, көптен бері, Көгінде көңілімнің ақ кептердей.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жібекті бос берсең де, бөз болмайды, Алтынды боясаң да, жез болмайды. Мысалы әр нәрсенің, міне, осындай, Өжетті кемсітсең де, ез болмайды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жапалақ жалп етеді жар басында, Немене жоқтың күні бар қасында. Дос болып қас болғаннан сақта, Құдай, Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қамысты қанша жақсаң, шоғы болмас, Қара су қанша ішсең де, тоғы болмас. Қадір білмес жаманмен жолдас болсаң, Қарап жүріп атарға оғы болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен, Кенептің нарқы бір ме құндызбенен. Есіңе риза етіп түсер жиі Досыңмен өткізген күн сіз-бізбенен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шын досың көзге емес, сырттан мақтар, Досыңның сыртын қойып, ішін ақтар. Сыртыңнан әр ісіңе қамқор болып, Күндерде қиын-қыстау сенімді ақтар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жігітке жараспай ма ақыл мен ой, Не керек қуыс кеуде, сорайған бой. Дос болсаң өмірлікке, жақсымен бол, Жаманмен бір күн жолдас болмай-ақ қой.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шықпайды жерге егін екпесеңіз, Келмейді арман өзі жетпесеңіз. Көнбейтін дұрыс іске жан болмайды, Абайлап ақылменен ептесеңіз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жүйрік бар жүйрікте де шыға салма, Досың тұрып, дұшпанның тілін алма. Жолымды қосар болсаң жақсыға қос, Тап қыла көрме, тағдыр, пейілі тарға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір жүйріктен бір жүйрік қалыспаған, Жолдасыңа жолдасым таныспаған. Екеуінің сауабын біз алайық, Жақсы болмас жақсыдан алыстаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Арғымақтан ат жақсы, шабыс болса, Ағайыннан жат жақсы, таныс болса. Жолдас болсаң жаманмен, жарға жығар, Жазатайым аяғың шалыс болса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Болғанда шәйнек күміс, тәлеңке алтын, Досыңмен жақын жүрген болма салқын. Досыңмен жақын жүрген болсаң салқын, Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біраз тәлім айтайын балаларға, Жолдас болмас тұйғын мен қара қарға. Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй, Дос-жарансыз өмірде дара қалма.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Болғанда жұлдыз кіші, ай көлемді, Асқарға теңемейсің қай белеңді. Қуанам елмен бірге ұлыс күні, Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Астымда ойнақтаған қаракерім, Шығады шаппай қалай қара терің. Ұлыстың ұлы күні аянбастан, Ақтаршы қуаныштың тасқын селін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім ұлыс күні сұлу сары, Желгенде желпілдейді жібек жалы. Кез болған ұлыс күні қалқатайым, Бола ма бір өзіңдей жанның бәрі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қар еріп, жер көктемдей жаз бола ма, Мұз кетпей айдын көлге қаз қона ма? Наурызда ойнамаса думандатып, Көңілі адамдардың мәз бола ма?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ана тау мына таумен тиісіп тұр, Бастарын бір-біріне иісіп тұр. Екі тау баурайында өскен халық, Құшақтасып Наурызда сүйісіп тұр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады аққу көлден қазыменен, Жүреді көл жағалап жазыменен. Жарасар ойын-күлкі осындайда, Ойыңды баурайтұғын назыменен.

Genre: Қара өлең
Previous Page 80 of 221 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment