Корпусқа оралу

Түлкі менен қасқыр

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: – Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, – дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: – Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! – дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай...

ATU СУС2
Қазақша
Түлкі менен қасқыр
Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: – Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, – дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: – Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! – дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.