Корпусқа оралу

Шал мен түлкі

Бұрынғы уақытта, бір қу түлкі болыпты. Бір шал қой айдап жүр еді, оған түлкі келіп: «мен сені өлтіремін»,—дейді. Шал: —Мені өлтірме,—дейді. —Қалағанымды бермесең өлтіремін,—дейді. —Менен қалаған нең бар?—дейді. Сонда түлкі айтты: —Маған ханның қызын алып бермесең, өлтіремін,— дейді.—Ертең ханның қызын әкеліп осы қой ай...

Қазақша
Шал мен түлкі
Бұрынғы уақытта, бір қу түлкі болыпты. Бір шал қой айдап жүр еді, оған түлкі келіп: «мен сені өлтіремін»,—дейді. Шал: —Мені өлтірме,—дейді. —Қалағанымды бермесең өлтіремін,—дейді. —Менен қалаған нең бар?—дейді. Сонда түлкі айтты: —Маған ханның қызын алып бермесең, өлтіремін,— дейді.—Ертең ханның қызын әкеліп осы қой айдаған жерге кел,—дейді. —Мақұл деп шал қайтып кетеді. Түн болып таң атады. Шал байқұс ханның қызын қайдан тапсын. Қойын айдаған жерге қайтып келді. Келіп қойын айдап жүр еді, түлкі келді. —Қане, шал, маған ханның қызын алып келдің бе?—дейді. Шал: —Ханның қызын таба алмадым,—дейді. —Ханның қызын таппадың өлтіремін,—дейді. —Қой, өлтірме,—дейді. —Ханның қызын таппадың өлтіремін,—дейді. —Қой, өлтірме, және қалағаның болса, берейін,—дейді. Сол кезде шалдың іші қорылдап қоя берді. Сол уақытта түлкі айтты: —Шал, ішіңдегі не,—дейді? Шал айтты түлкіге: —Жас уақытта тазының екі күшігін жұтып қойып едім, шығып келе жатқан шығар,—дейді. Сонда түлкі айтты: —Ой, шал, мен қайда тығыламын,—дейді. Сонда шал айтады: —Міне, дағар бар, сол дағардың ішіне кіріп бұғып жат,— дейді. Сонда, түлкі дағардың ішіне кіріп кетеді. Аузын буып алып түлкіні дағарымен ханға алып жүреді. Ханға түлкіні алып барып: Міне түлкі, ханның қызын алып бер деп, жанымды көп қинады, мұны сонымен амалдап, сізге алып келдім,—дейді. Сонымен шал түлкіден аман құтылады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.