Корпусқа оралу

Кім неден күшті?

Ертек-ертек ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Қырғауыл жүні қызыл екен, Құйрығының жүні ұзын екен. Мұзға тайып жығылып, Жанбасын сындырған екен. (Сол уақытта құдай тағала) сонда мұздан сұрапты: —Мұз-мұз, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, күн көзі жарқырап шыққаннан құрымас едім. —Күн-күн, сен неден күшті болдың...

ATU ТМZ242 ATU ТМА2251.І
Қазақша
Кім неден күшті?
Ертек-ертек ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Қырғауыл жүні қызыл екен, Құйрығының жүні ұзын екен. Мұзға тайып жығылып, Жанбасын сындырған екен. (Сол уақытта құдай тағала) сонда мұздан сұрапты: —Мұз-мұз, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, күн көзі жарқырап шыққаннан құрымас едім. —Күн-күн, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді? —Бұлт-бұлт, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, жауа-жауа жусанның басын көгертпес пе едім. —Жусан-жусан, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, қошақан басымды жер ме еді? —Қошақан-қошақан, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, көтімді қасқыр тартар ма еді? —Қасқыр-қасқыр, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді? —Мерген-мерген, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді? —Тышқан-тышқан, сен неден күшті болдьщ? —Мен күшті болсам, ала жаздай тасыған азығымды құмырсқа теріп кетер ме еді? —Құмырсқа-құмырсқа, сен неден күшті болдың? —Менің күшім арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан шойынды көтергендіктен күшті болдым дегенде: —Е, сен құдайсыз күшті болған екенсің ғой, олай болса,— деп, белден қылышпенен бір салғанда, қылдай болған. Өзіндей бұйымды көтеру де содан қалған.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.