Орта жүздің алты тайпасының шығуы туралы (І нұсқа)

Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады. «Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам маған серт, Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет! – де...

Қазақша
Орта жүздің алты тайпасының шығуы туралы (І нұсқа)
Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады. «Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам маған серт, Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет! – деп, алтауына алты қой сойыпты. Қойын сойғаннан кейін Жанарыс әлгілерге: – Аттарыңды тынықтырып, осы қойлардың етін жеп, тауыспай жібермеймін! – дейді. Сонда қожалар мұның шынымен құлап, ықылас қылғанына риза болып: – Осы алтауымыздың атымызды бердік, алты ұлға ата боласың! – деп баталарын беріпті. Олардың аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Есімқұлқожа, Қосымқожа екен. Содан Жанарыстың қатындарының аяғы ауыр бола бастап, бәйбішеден төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның аты қойылыпты. Бәйбішеден туған төрт ұлға – Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа деп қояды. Қарақожадан – Арғын, Аққожадан – Найман, Ақтамбердіқожадан – Қыпшақ, Дарақо жадан – Қоңырат, тоқалдан туған Есімқұлқожа мен Қосым қожа дан Керей мен Уақ тарайды.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ