Қазақша
Қойлыбай – Орыс ауылы
Қойлыбай – Шағырайдың Қойлыбайының баласы. Әкесі Қойлыбай бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылайханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң: «Осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлектемей ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсысың қонаққа аласың?» – дегенде, Қойлыбай бай:
– Өмірінше боламын десе де, біздікінде болсын, – деп, Құдайдың құтты күні бір ақ қарабас қой сойып күтіп, қыстанашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен. Ақ патшаға барған соң қазақ жұртының бір-біріне: «Сыйының алды не болады екен?» деп сұрағанда: «Қазақ рәсімінде – жетім болады екен» деген соң Қойлыбайға бір қыз жіберген екен және ит терісіне атын жаздырып, достық хат жіберіпті. Сол қыздан екі бала туыпты, бірінің аты – Малтабар, бірінің аты – Қосжетер. Осы екі баланың тұқымы осы күнде өсіп-өніп, өз алдына ел-жұрт болыпты, «Орыс ауылы» деседі. «Орыс ауылы» атанудың мән-жайы – осы.