Қаракемпір-Шеркеш

...Бір байдың қызына қаншама құдалар түсіп, айттырыла тұрса да, келісімін бермей қала береді екен. Әкесі қызының бұл қылығына ренжи тұрса да, көңілін қалдырмай: – Өз сүйгеніңмен кет, қалың мал сұрамай-ақ қояйын, – дейді. Осыны естіген Дербістің әкесі баласына: – Сен барып осы қызға жолығып көрсеңші! – деп кеңес береді....

Қазақша
Қаракемпір-Шеркеш
...Бір байдың қызына қаншама құдалар түсіп, айттырыла тұрса да, келісімін бермей қала береді екен. Әкесі қызының бұл қылығына ренжи тұрса да, көңілін қалдырмай: – Өз сүйгеніңмен кет, қалың мал сұрамай-ақ қояйын, – дейді. Осыны естіген Дербістің әкесі баласына: – Сен барып осы қызға жолығып көрсеңші! – деп кеңес береді. Дербіс қыздың аулына келіп түскенде, бұрын қанша қонақ келсе де бұтын жимай көсіліп отыра беретін Зылиха ұшып тұрып, тамақ дайындау қамына кіріседі. Сонда жеңгесі: «Саған не боп кетті?» – деп таңданса керек. Осы қыз ұзатылып кетіп, Дербістің аулында өтілген тойға қатыса алмаған бір ағайыны тойдан оралған балаларынан: – Жеңгелерің ұнады ма, қалай екен? – деп сұраса, олар жарыса: – Ой, несін сұрайсыз, әке, отыр ғой бір қара кемпір! – депті. Бір күндері әлгі тойға келе алмаған адам Дербістің үйіне келіп, үй сыртынан: – Әй, Дербіс, бармысың үйде, сөйлесейін деп едім, десе: Дербіс үйде жоқ еді, аң қағуға кеткен. Түсіңіз, үйде қара кемпір бар, – деген әйел дауысы естіледі. Бұдан кейін осы атау бүкіл елге жайылып, бертін келе рудың аты «Қаракемпір» атанып кеткен деседі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ