Алтын-Жаппас туралы

Халық арасында тараған ауыз екі шежіреде Кіші жүздің қабырғалы Байұлы бірлестігі он екі атадан тұрады делінеді. Ол көбінде былай тізбектеледі: Шеркеш, Есентемір, Таз, Ысық, Адай, Беріш, Байбақты, Қызылқұрт, Тана, Масқар, Алаша, Алтын, Жаппас. Бірақ санамалай келгенде олардың біреуі артық болып келеді. Кіші жүздің Батыс...

Қазақша
Алтын-Жаппас туралы
Халық арасында тараған ауыз екі шежіреде Кіші жүздің қабырғалы Байұлы бірлестігі он екі атадан тұрады делінеді. Ол көбінде былай тізбектеледі: Шеркеш, Есентемір, Таз, Ысық, Адай, Беріш, Байбақты, Қызылқұрт, Тана, Масқар, Алаша, Алтын, Жаппас. Бірақ санамалай келгенде олардың біреуі артық болып келеді. Кіші жүздің Батыс бетінен келген шежірелерде өздерінен қашықтау Сыр бойы мен Ырғыз жақты мекендейтін Алтынды санаққа қоса бермейді де, оны бірде: «Алтын – қыздың аты, ұзатылған жерінен қайтып келіп, туысы Жаппаспен қоныстас болады, содан Алтын-Жаппас атанады», – десе, екінші бір шежіреде: «Жаппастың шешесі Алтын Орта жүз Қыпшақтың қызы екен. Кейбіреулер «Алтын-Жаппас» деп шешесін баласына қосып, Байұлын 13 атаға жеткізеді», – деп түйеді. Келесі бірінде «Алтын Жаппастың қызы екен. Адайдың ба- ласы Келімбердінің Ақпан деген баласына шығыпты. Ақпан мезгілсіз өліп, жесір қалады. Әмеңгерлік заңына көнбей төркінінің маңына көшіп келіп, өз алдына Алтын деген ру болып қалыптасып кетеді», – делінеді. Ал Алтын елінің шежірешілері Бақтысиықтың (немесе Қыдырсиықтың) бәйбішесінен Алтын, тоқалы Самса шешемізден Жаппас туыпты. Екеуі еншілес болғандықтан, қатар аталады», – деп түйеді де, өздері тарпынан он екі ата Байұлына Тананы немесе Байбақтыны (екеуін бір-бірінің баласы деп) қоспайды.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ