Жиренше шешен (ІІ нұсқа)

Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз тауып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол ауылда жалғыз жетім бала бар екен: – Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, – деп Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп келсе, тө...

Қазақша
Жиренше шешен (ІІ нұсқа)
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз тауып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол ауылда жалғыз жетім бала бар екен: – Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, – деп Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп келсе, төрде бір сұлу қыз отырады. – Сіз кімі боласыз Жиренше шешеннің? – дейді. – Мен Жиреншенің қызы Қарлығашпын, – дейді. – Олай болса, тыңда, – деп жетім бала домбыраны теріс бұрауға салып, «әкең өлді, қарындас» дегізіп, бір зарлы күйді тарта жөнеліпті. Қабырғасы қайысқан Қарлығаштың көңілін жұбатпақ болып, жетім бала домбыраны оң бұрауға түзеп, сабырлы салмақты тарта келе, өзінің де жетімдігі есіне түсіп кетіп, зарлап қоя бергені дейді.
Ағылшын
Jirenche Shezhen (Version II)
The famous Jirenche, while far away, falls ill and passes away in a foreign land. No one has the courage to find the right words and inform Jirenche's family about the death of the eloquent speaker. In that village, there is a lone orphan boy: – I will inform Jirenche's family about his death, – he says, and arrives at Jirenche's village, entering his home. Upon entering, he sees a beautiful girl sitting in the main room. – Who are you, the daughter of Jirenche? – he asks. – I am Jirenche's daughter, Karlygash, – she replies. – Then listen, – says the orphan boy, tuning the dombra incorrectly and playing a mournful melody that says, "Your father has died, sister." In an attempt to comfort Karlygash, whose heart is heavy with grief, the orphan boy corrects the tuning of the dombra and begins to play a calm and measured tune, but he suddenly remembers his own orphanhood and starts to weep.