Қазақша
Төртінші әңгімесі
Бір күні хан Жиреншені шақырып:
– Жердің түбі қайда, соны біліп кел! – депті. Сонан Жиреншекең:
– Бас тақсыр! – деп атына мініп, жердің түбі сен қайдасың деп жердің түбін іздеуге кетіпті дейді. Сонан біраз күн жүріп, ханның қасына қайтып келіпті дейді. Хан айтыпты дейді:
– А, Жиреншем, аман-сау келдің бе, жердің түбі қайда барып тоқтайды екен, білдің бе? – депті. Сонан Жиренше айтыпты:
– Хан тақсыр, жердің түбі алыс емес, жақын екен. Жеті тау асқасын балықты көлге барып тоқтайды екен, – депті. Қазақтың қарттары айтады Жиреншенің жеті тау дегені – жеті қабат жер, су үстінде тұрады екен, Жиренше соны айтыпты дейді.