Жиренше туралы әңгіме

Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген екен. Мынадай түрде естіртті: – Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім? – Асқар тауы құлады десейші. – Шешесі өлсе қайтеді, шешенім? – депті. – Ағар бұлағы суалған есепті...

Қазақша
Жиренше туралы әңгіме
Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген екен. Мынадай түрде естіртті: – Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім? – Асқар тауы құлады десейші. – Шешесі өлсе қайтеді, шешенім? – депті. – Ағар бұлағы суалған есепті болады да. – Ағасы өлсе қайтеді екен, шешенім? – дегенде: – Оң қанаты қайрылған есепті дағы. – Інісі өлсе қайтеді екен, шешенім? – депті. – Сол қанаты қайрылған есепті дағы, – депті. – Апа-қарындасы өлсе қалай болады, шешенім? – дегенде: – Ұзын өрісі қысқарған есепті дағы. – Қатыны өлсе қайтеді, шешенім? – дегенде, қамшысын екі бүктеп, шалт жүгініп, қамшысына сүйеніп отыр екен. Қамшының сабы шарт етіп сынып, үзіліп кетіпті. – Қатын өлсе қамшының сабы сынған есепті болады да, – депті. – Қамшысының сабы сынғанда қатыны өлсе, жай майы бұзылды. Жай майы бұзылған есепті болды дейін деп отыр едім, – дегенде, Жәнібек хан: – Шешенім, олай болса өзіңіз айтқандай, қамшыңыздың сабы сынғандай жұмысыңыз болды-ау! – деген. Осылай есіттірген екен дейді. Қайдан білейін қасында жоқпын, мүмкін естіген құлағымның жазығы жоқ деймін....
Ағылшын
A Story About Zhirenshe
When Jirenche went on a journey, his wife passed away. Upon returning from his journey, he first met with Khan Zhanibek, who had already heard the news. He conveyed it in the following manner: – What happens if a father dies, my wise one? – You could say the mountain has fallen. – What happens if a mother dies, my wise one? – he asked. – It would be like a spring brook has dried up. – What happens if an elder brother dies, my wise one? – he inquired. – It would be like the right wing has been broken. – What happens if a younger brother dies, my wise one? – he asked. – It would be like the left wing has been broken too, – he replied. – What happens if a sister or a female relative dies, my wise one? – he asked. – It would be like the long pasture has been shortened. – What happens if a wife dies, my wise one? – he asked, while folding his whip in two, sitting up straight, and leaning on his whip. The handle of the whip snapped with a crack and broke. – If a wife dies, it would be like the handle of the whip has broken, – he said. – When the handle of the whip breaks and the wife dies, it means the good oil has spoiled. I was about to say it has spoiled like good oil, – when Zhanibek Khan responded: – My wise one, if that is the case, then it seems your situation is like that of your whip's handle breaking! – he said. This is how it was conveyed, they say. How would I know? I was not there; perhaps my ears are not to blame for what I heard...