Баланың билігі

Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады. Сонда Жарасбайдың даугері: – Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін же...

Қазақша
Баланың билігі
Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады. Сонда Жарасбайдың даугері: – Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін жер емес пе? Түйенің тайлағы баланың ойнағандай мыналарың кім? – дейді. Сонда бала: – «Ердің құнын жастың жайсаңы, кәрінің шайтаны даулайды» деуші еді. Сен кәрінің шайтаны болсаң, мен жастың жайсаңымын. Төріңнен көрің жуық қалғанда, дауға араласатын сенің не жөнің бар? – дейді. Осындай билік айтқан баланың аты – Төле екен. Кейін Төле би атаныпты.
Ағылшын
The power of the child
The stout descendant of the Small Horde, Jarasbay, killed a man from the Kipchak and does not grant equality. One day, a young boy goes along with the claimants of the Kipchak. Then Jarasbay's advocate says: – This is the wedding of the bride, not the death of an old woman; it is a case that will argue for the worth of a man, the value of a bull, a distinguished judge who will always be in the right place. Who are these children playing like the calf of a camel? – he says. Then the boy replies: – They used to say, "The worth of a man is argued by the youth's noble one, and the old man's devil." If you are the devil of the old man, then I am the noble one of the youth. What right do you have to interfere in the dispute when your throne is close to being seen? – he says. The name of the boy who spoke such authority is Tole. Later, he became known as Tole Bi.