Адам оң жаққа салынғанда айтылатын жоқтау

Өлім белгісі анықтала салысымен марқұмды тірілерден бөлектеу орнының (бұрын арнайы үй тігілген) оң жағына орналастыру міндетті саналған. Оқшауланған марқұмның денесі жерленгенге дейін көзден таса етілмей, күні-түні күзетіледі де, үйдің жарығы қырық күнге дейін сөндірілмейді. Бұл зиянкестер қастандық жасауы мүмкін деген көне түсініктен туған.

Қазақша
Адам оң жаққа салынғанда айтылатын жоқтау
Түйем жатыр шаңдақта, Жез бұйдасы ақ мақта. Жыламай қайтып шыдайын, Арысым жатыр оң жақта. Мінгендей атым бурыл тай, Алтыннан қазық суырылды-ай. Арысымды салып оң жаққа, Амалым қатты қурылды-ай. Есіктің алды қарандыз, Жақын еді арамыз. Көнелерден айрылып, Арманда кетіп барамыз.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.