Жаңбыршы (Үзінді)

Құба таудың басында қалмаққа аттанады. Қостөре екі жүз кісі ертіп, тауда қарауыл қарап жүреді. Жаңбыршы батыр келер деп күтіп жүреді. Қостөре мен Жаңбыршы кездеседі. Қостөре қалмақ сөйледі: – Өзің қайда барасың? Мен қалмақтың ерлері, Екі жүз кісі қолым бар. Жапанда жалғыз бір өзің, Айтшы маған жөніңді, Не қылайын деген...

Қазақша
Жаңбыршы (Үзінді)
Құба таудың басында қалмаққа аттанады. Қостөре екі жүз кісі ертіп, тауда қарауыл қарап жүреді. Жаңбыршы батыр келер деп күтіп жүреді. Қостөре мен Жаңбыршы кездеседі. Қостөре қалмақ сөйледі: – Өзің қайда барасың? Мен қалмақтың ерлері, Екі жүз кісі қолым бар. Жапанда жалғыз бір өзің, Айтшы маған жөніңді, Не қылайын деген ойың бар? Білдірші маған жөніңді? Жаңбыршы сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Мекенімді сұрасаң, Өзен судың бойында. Төбесі шоқты қалмақты Алуға бар ойымда. Қостөре қалмақ сен бе едің, Іздеген жоғым сен едің? Мен ноғайлы деген Елдің ері едім. Құба таудан ел көрем, Шабармын елді, – деп едім. Өзімнің атым – Жаңбыршы, Егер қалмақ кездессе, Жекеге жалғыз барармын, Жапанда жалғыз дарамын. Мен азбын деп тұра алман, Қалаңа ойын салармын. Қостөредей бастының Басын кесіп алармын. Тобына бүлік салармын, Жолдассыз туған дарамын. Қалаңды шауып аламын, Құмарың болса, кел, – деді. Ұрысуға Жаңбыршы Қалмаққа атты жөндеді, – Берегірек кел, – деді. Қостөре қалмақ сол кезде – Маған кезек бер, – деді. Сол уақыт болғанда Жаңбыршы сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Бірің қалмай, бәрің кел, Кезектесіп тұрмалық, Бір соғысты салалық. Қостөре қалмақ жапырды, Екі жүзі мол еді, Қостөремен алысты. Сол соғыстан мол соғыс, Жеті күн соғыс салады, Елге хабар барады. Елге хабар барған соң, Қалмақтар енді қамады. Жаңбыршы батыр қалмақтың Үстінен өтті самалдай. Жеті күндей соғысып, Қалмақтың алды қаласын. Қостөредей қалмақты Алдына салып айдады, Қайыра қолын байлады. Жаңбыршы батыр шығып, ең әуелі жау алған жері осы екен.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.