Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4573 Жалпы жазба
178,941 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3838 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4573 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Дауысым, әнге салсам, саңқылдайды, Айтыста қара өлеңім сарқылмайды. Лайық жақсы өлеңге жауап тауып, Жақсылар ақ алмастай жарқылдайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жауынсыз жердің шаңы басылмайды, Күн нұры түспей гүлдер ашылмайды. Өлеңмен айта отыр өз жайыңды, Жақсыдан жақсы сырын жасырмайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қай мерген, мына мерген, білте мерген, Шашың бар, қолың қара күлтеленген. Көсілген көмекейің ақын дейді, Өлеңді қара дауыл сілте бермен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде аял болмас, Жаныңды аялаған ажал қоймас. Күл де ойна гүлің барда тіршілікте, Тамаша күнде осындай даяр болмас.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара сөз, ұйқастырса, болады өлең, Өмірдің алды таяз, арты терең. Тағдырдың тап болған соң кезеңіне, Үмітті ақтайды деп саған сенем.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір нәзік көк аспаннан сағым көрдім, Сол сағым ашатындай бағын көлдің. Қарсылас айтыстағы әріптестің, Талмайтын қара өлеңге жақын көрдім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу жағалауы терек екен, Саясы жазда елге керек екен. Айтады сұрағыма жауап тауып, Қалқатай қара өлеңге зерек екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қаракөк жылқы ішінде дөнен болса, Шабысы шаң жұқпастай ерен болса. Өзіңмен тағы армансыз айтысар ем, Осындай ертең де той өлең болса.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылың о көште ме, бұл көште ме, Қымызың маған құйған тегеште ме? Жеңемін деп отырсың желдей есіп, Өлеңіңе қарап ал, өңештеме!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шығады аузымды ашсам өлең гулеп, Он қап өлең әкелдім аузын түйреп. Он қаптың біреуінің аузын ашсам, Әріптес тұра қашар тонын сүйреп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өнерің былтырғыдан биыл қандай, Тыңдауға өлеңіңді ел жиылғандай. Қасыма өзің келіп отырғанда, Болды ғой өзекке өлең құйылғандай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тал ма екен, қатар өскен қайың ба екен, Бірі күн, бірі әлде айым ба екен. Аралап, таңдап тауып келіп тұрмыз, Қос қалқа айтысуға дайын ба екен?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сыртыңнан айтушы еді әркім мақтай, Екенсің кербез сұлу арғымақтай. Өлеңді көрген жерден қоя бердім, Естуге лебізіңді тағат таппай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өзіңді өзімменен салғастырам, Даусың деп келеді алғашқыдан. Екі ойлы боп тежеле бастап едім, Айтысты енді құлашына жалғастырам.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде бөгелмеймін, Бәйгеден күнде келген дөнендеймін. Қара өлеңде қарсылас әріптестің Бірінен соң біреуін көгендеймін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Асқан сұлу екенсің сенің өзің, Көркіңе сай ақылды айтқан сөзің. Өлеңіме өзгеше ерік беріп, Әрең шыдап отырмын етіп төзім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын айт дегенде әрияйдай, Өлеңім өзен суда дария айдай. Келіп ем топтан озып ақын ба деп, Отырмын жауабыңа жари алмай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын мен бір өлең төтесінен, Орыстың құйғытқандай көшесімен. Ақыннан осынау жүрген жеңілмеймін, Келмесе жаңа туып шешесінен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын айт десеңіз сары сағыз, Сағызды шайнай берсе, қалмас маңыз. Көсілген көмекейің ақын болсаң, Өлеңнің қара дауыл майын тамыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қасқырдың азу тісі айда-сайда, Баланың мектеп көрген тілі майда. Сыймаған тілі аузына ақын болса, Дауылын қара өлеңнің қаптат айда.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 100 / 229 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды