Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Өлеңді сен айт десең ағылайын, Жеріңнен өзің күткен табылайын. Бұралып тал шыбықтай сен тұрғанда, Өзгенің күн мен айын не қылайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын әнді бастап айдайынан, Жарқырап нұр жауады маңдайыңнан. Бағаңа бағаласам жан жетпейді, Жаралдың адамзаттың қандайынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қой емес қой бұл өлең соятұғын, Қарны жоқ қой құлақтың тоятұғын. Қара өлеңін қазақтың біраз айттық, Уақыт болып қалыпты қоятұғын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады екі сұңқар бір ұядан, Көйлегің үстіңдегі дүриядан. Өрнектеп өлеңіңді өткірлеп айт, Сен үшін айдалада мен ұялам.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылымның қонған жері қалың қамыс, Өз сөзіңе, әріптес, өзің қалыс. Өлең бізде жетеді қажет болса, Қарымтасыз біразын етем табыс.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біреудің сөз береді таңдайына, Біреудің бақ береді маңдайына. Мен дағы өз кезімде тарлан болғам, Ешкімді жуытпаған шаужайына.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір төбеден жүгірген бір төбеге, Бір төреден жүгінген бір төреге. Маған қарсы әріптес мынау болса, Қара өлеңім қасқайтып ұр төбеге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Байладым қара өгізді шет тұрсын деп, Күйсетіп сабан-топан жеп тұрсын деп. Өлеңмен сендейлерді ұтып алғам, Ұлтарақ, шұлғауымды кептірсін деп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сауырға бұлт тоқтамас жел тұрғанда, Кім жайлар жердің шетін ел тұрғанда. Айтыста адуындар кім бар дейсің, Ысқырып айдаһардай мен тұрғанда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Байқаймын өз әліңше жалды екенсің, Не беріп, кімге алданып қалды екенсің. Алыпсың бес-алты ауыз өлең жаттап, Жалынып кімнен сұрап алды екенсің.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басыңда кестелі шыт бұрыштаған, Түрің бар жауар бұлттай құрыстаған. Сонда да маған маңайлай алмайсың, Өлеңнен тұлпар мініп, ту ұстаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мініп ап қарагерді қоңыраулап, Тұсыма жетіп келдің омыраулап. Өлеңді ақындықпен мен айтпаймын, Айтамын үлкендердің көңілін аулап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ертістің сақ келеді сауысқаны, Айғыр мен аттың жөн бе алысқаны. Барысып қалдық, білем бас, аяққа, Жөн шығар тақырыптың ауысқаны.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тұрыс жоқ өлең десе пақырыңда, Қармаққа іліктің бе ақырында. Байқап бас аяғыңды, қапы қалма, Сотқардың сорлы түсер тақымына.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жағасы айдын көлдің әрлі ұсақ тас, Жиылар той болған соң кәрі мен жас. Отыру бекер қарап жарамайды, Әріптес, айтысайық, ұйқыңды аш.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жарамды жан азығы өлең деген, Өлеңді жеңе алмайсың денеңменен. Дауылын қара өлеңнің мен соқтырам, Талайлар талмасы ұстап сереңдеген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жорғамын өлең десе желмейтұғын, Қырандай айтқан сайын өрлейтұғын. Өзіңдей ісіп-кеппе жел өкпені Өлеңмен мен боламын емдейтұғын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көтерер тайқазанды темір ошақ, Шығады жауыннан соң кемпірқосақ. Менімен айтысуға неге келдің, Білетін бар өлеңің болса осы-ақ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бастаудың көзі бітер аршымаған, Айтасың не деп өлең қарсы маған. Тілегенің қарныңа, ал қабылда, Бұйымтайың сол болса бар сұраған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім бедеуше еді, Мінген сайын бедеуім терлеуші еді. Бұдан бұрын тойда өлең айтқаным жоқ, Бастағанда өлеңді не деуші еді.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 12 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды