Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен екен. Өгізді оттату үшін үлкені—басына, ортаншысы—беліне, кенжесі құйымшағына мініп, оттанады екен. Бір күні жайылымда жүргенде, өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кенжесі: —Өгіз жапаламағалы бүгін он күн болды, осыны ор...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1921
Өңір: Kazakhstan
Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Әкесі өлгесін жетім қалған балалары азып-тозып кетеді. Жетім балалар күн көру тәсілін іздейді. Сонымен балалар бір күні жолға шығады. Жолда келе жатқанда олардың алдынан екі жол кездеседі: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса келер. Жетім балалардың ең кішісінің аты Елемес екен...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: О.Еңсегенов.
ATU 554
Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір кү...
Әуелгі заманда бір шаһарда бір қарт пен кемпір болған бір нысапты тауфиқты ұлы. Күндерде бір күн бұл жігіт сапар шығуға ойлап атасынан, анасынан рұқсат сұраған. Рұқсат алып кетіп бара жатып, бұл жігіт бір шаһарға барып кірген. Ол шаһар тас болған. Әрбір үйлері һәм нәрселері, кісілері кейбіреуі отын кескен жерінде балта...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 410
Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Б...
Бір ешкі бұрынғыдай қойдан қалып, Адасып маңырайды ойбай салып. Таба алмай ешбір дыбыс жүгіреді, Қорқады өлемін деп естен танып. Жер қалың тоғай еді бадамы көп, Тағат қып тұра алмайды бір шөпті жеп. Алақтап есі шықты жан-жағына, Қасқыр қу қай жағымнан келеді деп. Бір қасқыр даусыменен келді жетіп, Бұл ешкі қорықты жама...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж. Жантөбетов
ATU 122С
Шегіртке селдір қанат серке санды, Өткізді өлеңменен бүкіл жазды. Онсыз да қыс болғанын білмей қалып, Ұрынды көзі көріп ақша қарды. Жарқырап қауыс туды жауын жауып, Жүруге болмай қалды құрып сауық. Гүлдердің арасында өскен сансыз, Жер көлден таба алмады тамақ тауып. Жаз күні әзір еді жеген асы, Кез келген тамақ еді шөп...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жапанға қонса бүркіт алып жемін, Мақтанып жол бермейді сөйлеп еркін. Семірген ертегінің есегіндей, Өзінің ұмытар өткен күнін. Есектің қалай десең жайы мынау, Бір адам жүреді екен етіп ылау. Дамылсыз ертелі-кеш мінгеннен соң, Әбден-ақ жалы кетіп болған бұрау. Үстіне жүк артқан соң мініп ауыр, Арқасы неше жерден болған ж...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж. Жақыпұлы
Бір шортан жүзіп судың тереңінде, Мысықтың болды құмар өнеріне. «Мені де қалдырма» деп қырға шықсаң, Мысыққа жалынады келеді де. «Ұстасып саған тышқан сүзектерден, Болайын һәр дайында көмегіңде». Қой деді мысық айтты қырға шықпа, Жетеді суда балық керегіңе. Біле алмай іс мәнісін қор боларсың, Көнеді әр қызмет шеберіне....
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Пәс тұтып, мазақ қылма ешбір жанды, Кейітпе, келсе қолдан, мұсылманды. Еркі бар не қылса да жаратқанның, Босатса құдіретімен қысылғанды. Адамзат бірде әзіз, бір демде қар, Пенденің бұл ортада не еркі бар. Пәс тұтпас өзін білген ешбір жанды, Зіл депті әзіл түбі бұрынғылар. Әзілді көп қылады біздің қазақ, Жан көрсе жуасы...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж. Жақыпұлы
Бір аю дос болыпты бір адаммен, Жеңіліп бірін-бірі ұнағаннан. «Адам мен аюдайын болмадық» деп, Сыртынан көрген адам қылады арман. Адамның аю құшу-ақ аманына, Ешбір сөз келтірмейді қиялына. «Адамның маңдайына кірген тікен Өзімнің кірсе дейді табаныма». Өштесі осы адамның өштесім деп, Жанымен қағады екен өкпесін кеп. Бет...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1972
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Т. Бекхожина
Түсірген тәкәппарлық торға құсты, Пейілінен адам табар қылған істі. Мерт болған менменсінген өзін білмей, Өзіне-өзі шапқан жолбарысты. Жолбарыс патшасы еді бір тоғайдың, Қасқыр мен түлкі, қарсақ бір қарайдың, Көзіне көрінгеннің бәрін жұтып, Зәресін алған еді бірталайдың. Зәһәрі бір тоғайға қатты батты, Аңдарды неше түр...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1972
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Т. Бекхожина
ATU 1168А
ATU 1336
ATU 1383
Сықақтап күлмегейсің нашарларға, Қортитып жәбір берме нашарларға. Төмпешік аңғармаған арба аударар, Осындай бар-ды мақал қашаннан да. Күшіңе сенбегейсің кеудеңдегі, Ол маған демегейсің тең келмейді. Тыңдаңыз ұшыраған оқиғасын, Арыстан өз күшіне сенгендегі. Арыстан патшасы тамам аңның, Тамам аң ну орманға қарағанның Аю...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бар екен бір қу түлкі жұртты құртқан, Жейді екен сүйек-саяқ ескі жұрттан. Бір жылы тышқан жоқ боп ашығыпты, Тышқан ауып кетіпті бүкіл сырттан. Түлкінің тышқан келмей мәні болмас, Жесе де сүйек-саяқ қарны тоймас. Жемтігін қалған-құтқан мен жейін деп, Қасқырға іздеп келіп болды жолдас. Қасқыр: «Ей, түлкі, сен тоясың маға...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: И. Өкпенов
ATU 20А
Бір есекке дос болыпты бір бөрі, Айтуға бұл тарихты келді жөні, Әр нәрсе өз шамасын білген жақсы, Білмесе босқа кетер арам тері. Ол есек дос болыпты бөріменен, Білмейтін дос қадірін серіменен. Қасқырмен ажал айдап дос болыпты, Өзінің жүре бермей теңіменен. Достыққа жүрді біраз жөніменен, Алдаған ашқарақтың ебіменен. Қа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1941
Өңір: Kazakhstan
Бір қасқыр жапан дүзде кезіп жүрді, Көрінген адамзаттан безіп жүрді. Жұртына бір ауылдың тіміскілеп Жүр екен бір ақ күшік көзі көрді. Қасекең ақ күшікке келіп жетті, Табылды іздеп жүрген жемім депті. Көрді де қасекеңді әлгі ақ күшік Еркелеп тыраң етіп жата кетті. Қалжырап қарны ашқаннан қыңсылайды, Қасқырдың ызғарына к...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Б. Жақыпбаев
ATU 117.
ATU 47D
Бір қасқыр қаңғып, қаңғып таппай сарық, Тамағы болмағансын аш бопты арық. Не жаман тіршілікте, аштық жаман, Аштарға ататын таң, жоқ қой жарық. Жолығып сөйлеседі семіз итке, Сорпамен тойып жүрген итке қарап, Сұрайды: «Нақ шыныңды сөйлеші ит, Не үшін жүре алмайсың малға сиып, Жей алмай көптен бері тамақ тауып, Жүр едім м...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Тоқты: —Қасқыр-ау, аузың құрсын ырбаңдаған, Жол таппай қараңғыда тұрған жаман. Ер болсаң, тайлақ пенен тайды жеші, Тоқтының несін жейсің тырбаңдаған? Қасқыр: —Тоқтышақ, не десең де құтылмайсың, Ішінде шым қораның қутыңдайсың. Әуелі сені жеймін, сосын тайды, Бәрібір кезегіңнен құтылмайсың. Тоқты: —Я жерсің, я жемессің,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Көп қойдан қалған ұйықтап бір жас қозы, Адасып жонда қалған жалғыз өзі. Шаршаған жалғыз қозы ыстық күнде, Өзенге су ішкелі келді өзі. Су ішіп рахаттанып тұрғанында, Бір қасқыр шыға келді жайнап көзі. Қызғыштап көл қорыған шағаладай, Қозыға кіна таққан қасқыр сөзі: «Ішесің рұқсатсыз қалай суды, Басқаның көлденеңдеп кімн...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU ІІІА
Бір қасқыр алыс жерден сапар шеккен, Қалжырап тамақ таппай жүрген көптен. Жел жақтан өлген малдың иісін сезіп, Шайнамай жұтты бірін көп сүйектен. Қасқырдың қорқаулығын әркім білер, Жеңсе де, жеңілсе де қолында өлер. Жұтқаны шайнамастан тоқбас жілік, Болмады көмекейден ары жүрер. Қақалды жілік жүрмей қасқыр құсып, Қан а...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan