Қара өлең
Су ағады арықта шыр айналып, Өлмегенге мал бітер бір айналып. Оралыңның барында ойна да күл, Кім бар, кім жоқ, келгенше жыл айналып.
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Су ағады арықта шыр айналып, Өлмегенге мал бітер бір айналып. Оралыңның барында ойна да күл, Кім бар, кім жоқ, келгенше жыл айналып.
Тұра алман сен дегенде тойға аттанбай, Құрбыңмен неге отырсың ойнап қалмай. Құрбыңмен азғана күн ойнап қалсаң, Жабарсың қабырғаңды бойдақ малдай.
Жас қартаяр, қартаймас құрбы көңіл, Құрбысыз күн не керек, құрысын өмір. Қимас құрбы туыстан болар жақсы, Құрбың келсе, көңілдегі ашылар сыр.
О, тағдыр, би қылмадың, бай қылмадың, Көңілімді бақытты етіп жай қылмадың. Жабысып қайда барсам кедейшілік, Екі елі етегімнен айырылмадың.
Нар маяға нар бота жарасады, Мейірімді жоғыңа қарасады. Ар-ұяттан айырылған жетесіз жан, Тапқан жалғыз тарыңа таласады.
Жиреншенің әйелі өліп, әйел көріп жүріп бір шалдың қызына кездеседі. Бір қараша үйдің алдында бір қыз шығып тұр екен. Қыздың үстінде қызыл матадан көйлегі бар екен. Көйлектің үшкілі ақ мата екен. Қыздың аузы үлкендеу екен. Жиренше жолығып тұрып: – Мына үйдің шаңырағының үлкенін-ай, – депті. Қыз: – Үлкен болса, түтіні т...
Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген екен. Мынадай түрде естіртті: – Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім? – Асқар тауы құлады десейші. – Шешесі өлсе қайтеді, шешенім? – депті. – Ағар бұлағы суалған есепті...
Жиреншенің баласы өте жуас екен. Әз Жәнібек хан Жиренше шешеннен: – Жақсыдан жаман туар ма? – деп сұрапты. Сонда Жиренше: – Жақсыдан жаман тумайды, – деп жауап беріпті. Жәнібек хан: «мұнысы қалай?» деп ойына алып жүр еді, Жиренше шешен өлгеннен кейін неше жылдардан соң әз Жәнібек хан қалмақтарға қарсы жұртқа аттанатын...
Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап: – Осы сенің балаң қалай жаман туды екен. Шешесі Қарашаш, әкесі, Жиренше, сенсің. Осындай екі сұңқардан ең бері болғанда тұрымтай тумай, әлжуаз жағалтай болып туғанына таңым бар. Өзі бір қой аузынан шөп алмайтын момын сорлы ғой, – деп кекете сөйлегенде Жиренше тұрып: – Хан ием, д...
Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бірнеше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жағалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып, бір келіншек оны сауғызып тұр екен. Ханның ойында: «тоқалдыққа бір қыз алсам» деген мақсаты болу керек, қасындағы уәзірлеріне: «Ана қызға барып, біреуің бір ауыз сөз сөйл...
Жиренше мұнан соң бір нашардың қызын алған. Оны да сынап алыпты. Әкесі мен шешесі қайыр сұрайтын қара қасқа кедей екен. Соның он екі жасар жалғыз қызы. Қыз үйінде жалғыз отырғанда Жиренше үйіне барып қыздан: – Әке-шешең қайда кетті? – деп сұрағанда, қыздың берген жауабы: – Алақандай бетін жұдырықтай нанға сатқалы кетті...
Жиренше бір күні бір жақтан даладан жалғыз келе жатса, бұрын көрмеген басқа порымды адам кез болып жолығады. Мұрны біздей, көзі тұздай, беті қырдай суық екен. Жиренше келемеждеп кету үшін: – Әй, – деді. – Сен қай жұрттың сұмырайы, сұмпайысың? Қайдан жүрсің? Мұрның біздей, көзің тұздай, бетің қырдай, – дегенде, ол айтты...
Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрмеген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп сөйлеп, Жиренше мен ханның арасына пәле салуға өздерін өлімнен алып қалғаны есте жоқ. Бұрынғылардың айтқаны бар емес пе, «жаманға жақсылық қылсаң, атыңды ерттеп қойып қыл!...
Көз жетті дүние қайта келмесіне, Ешкімге артық дүние бермесіне. Сыйласып тең құрбыңмен көңіл көтер, Дүниенің баяны жоқ пендесіне.
Дүние өзі жақсы, баяны жоқ, Жүйріктің шабысы бар, аяңы жоқ. Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай, Өмірдің бас жағы бал, аяғы боқ.
Дүние көз жеткісіз мұнарланған, Кімдер алдап, білмеймін, кім алданған. Арбасынан бір күні лақтырар деп, Пенде тыныш жатпайды күмәнданған.
Дүние баяны жоқ бұл бір жалған, Бұл дәурен бұрынғыдан бізге қалған. Барында оралыңның ойна да күл, Бүйтіп кез келе бермес көңілге алған.
Он бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып, бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады. Жиренше жұртқа қарап тұрып: – Мынау үйде екі қатын бар екен. Екінші үйдің жұртына қарап: – Мынау үйде екі сұлу қыз бар екен. Үшінші жұртқа қарап тұрып: – Мынау үйдің иті көп...
Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жиренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз...
Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар, өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып, шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апара жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мын...
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды