Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Жас кезде сүйенесің аяғыңа, Қартайсаң жалынасың таяғыңа. Таусылмас қанша айтсам да думан-тойда Үйренген қара өлеңім баяғыда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кигенім аяғыма қос табанды, Қалқатай, ұнатамын қостағанды. Әріптес, кел екеуміз айтысайық, Тыңдаған риза етіп дос-жаранды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көгершін жүрген жері түйе мойнақ, Ұлардың қонған жері болады ойнақ. Осындай жиын-тойда бас қосқанда, Азырақ ән салайық күліп-ойнап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айт десе қара өлеңді, тарынбаймын, Қара өлең айтқан сайын арындаймын. Мыңғырған төрт түлігі жерге сыймай, Малындай қара өлеңім Қарынбайдың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көзге әдемі көрінер қызыл тұсақ, Қалқатай, өзің жаққа жайдым құшақ. Бөгет боп тау тұрса да, тайынбас ем, Бір шытып қабағыңды қойдың тұсап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Берейін өлең айтып жамағатқа, Бұл өлең мұра болған азаматқа. Осында үлкен де отыр, кіші де отыр, Үй-іші, ауыл-аймақ саламат па?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

А дегенде дауысым шаңырқаған, Естіген жан әнімді таңырқаған. Ақындықпен өлеңді мен айтпаймын, Көтеремін көңілді жабырқаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшып жүрген әуеде сары ала қаз, Айдын көлге қонады аққу мен қаз. Құрбы-құрдас осындай бас қосқанда, Отырайық әндетіп айтып бір наз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Боз шапса, боз озбай ма бурылдан, Мен шапсам жер апшысы қуырылған. Өлеңім керегіме дайын тұрар, Қылыштай қынабынан суырылған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айт жаным, айт, айт, жаным, өлең білсең, Тірлікте не көрмейсің өлмей жүрсең. Бейнетің жасқа көрген болады ұмыт, Теңіңмен қадір білер ойнап-күлсең.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ отауға жарасар ойған манат, Ақын-салдар құрады сән-салтанат. Қара өлеңнің қаймағын қалқимыз ғой, Бірімізді біріміз жүрсек жанап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен қара өлең айтайын тыңдасаңыз, Тыңдасаңыз қара өлең, мың жасаңыз. Қара өлеңмен танысып жиын-тойда, Қара өлеңмен табысып сырласамыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің сұрша құнан, Көгеннің қозы ағыттым бұршағынан. Берейін жан сырымды өлең етіп, Қалқатай, болсаң егер жыр сағынған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу жағалауы терек екен, Теректің саясы елге керек екен. Барады барған сайын жанға жағып, Қалқатай өлеңге елден ерек екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Есік алды қарасу балдыры бар, Балдырғанға атыңды шалдырып ал. Өлең сенің не теңің мүлгіп тұрып, Алдыменен ұйқыңды қандырып ал.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара өлеңге келгенде осындаймын, Қара өлеңді ұққанның досындаймын. Қоя берсең ылдидан, төске шабам, Қандай бөгет қойсаң да, тосылмаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара өлеңге келгенде жасындаймын, Дөп тиетін сақпанның тасындаймын. Айтысамын жаспен де, кәрімен де, Жасым жүзге жетсе де басылмаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара өлеңге келгенде қырандаймын, Өлең десе, үйімде тұра алмаймын. Тасты жарған қайнары тау суындай Аққан сайын арындап суалмаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара өлеңге келгенде қақалмаймын, Өлең десе, үйімде жата алмаймын. Зеңбіректің оғындай өлеңімді Кезегімен сіз жаққа қатарлаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келгенде қара өлеңге батырдаймын, Той десе айтыссыз таң атырмаймын. Өлеңі өлеңіме сай келмесе, Көрінгенмен босқа бас қатырмаймын.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 22 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды