Қара өлең үлгілері
Атыңнан айналайын қара өлеңім, Төрдегі төресі өзің бар өнердің. Той бастап, айтыста озып өзіңменен, Естіген ел алғысын ала бердім.
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Атыңнан айналайын қара өлеңім, Төрдегі төресі өзің бар өнердің. Той бастап, айтыста озып өзіңменен, Естіген ел алғысын ала бердім.
Мінгенім дәйім менің дөнен болса, Жаз мініп, күз жіберген көбең болса. Алдында ақ жаңбырдай жаудырайын, Шынымен іздегенің өлең болса.
Ақжарқын жан екенсің тілің майда, Ән білген, өлең білген жанға пайда. Барады өтіп жалған санаулы күн, Қалайық ойнап-күліп осындайда.
Айтайын тұрған кезде айдай он бес, Бас білмес бейне асау тайдай он бес. Барында оралыңның ойна да күл, Келер күн қайта айналып қайда-ай он бес.
Айт десең қамшы басып айдайын көк, Келеді айдайын көк ойнайын деп. Барында оралыңның ойна да күл, Барады заман өтпей қоймайын деп.
Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, Армандамын аулыңа бармағанға. Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Ойнап-күліп мейірім қанбағанға.
Жауғандай қара нөсер жонға барып, Қара өлең мен айтайын оннан алып. Қалқаның үстінен бір шүйілейін, Қырандай қанатымды қомдап алып.
Айтайын өлеңімді әриайдай, Көп айтсаң, әриайдай көңілге жай. Барады өтіп жалған санаулы күн, Қалайық ойнап-күліп осындайда-ай.
Өзің де көріскенше қош болғайсың, Кісімен өзім деген дос болғайсың. Бір табақтан дәм татқан құрбым едің, Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың.
Қалқатай, кетер болсаң, қош болғайсың, Тізгінін бозжорғаның бос салғайсың. Бірлесіп бір-екі ауыз өлең айттық, Құрбыңды оқта-текте еске алғайсың.
Болайын өлеңді мен бастағандай, Қасымда құрбым болса қостағандай. Үйлесіп ә дегеннен өлең мен ән, Сүйсініп сұлулар көз тастағандай.
Жүк арттым ақ атанға уық қомдап, Кім соққан үзеңгіңді қоян жондап. Отырсың «жеңемін» деп желдей есіп, Қайтесің жеңіп кетсем Құдай оңдап.
Байқасам қара өлеңнен құры екенсің, Әншейін бос шатпақтың бірі екенсің. Бекерге айтысам деп алқынасың, Кезікпей өлеңшіге жүр екенсің.
Шақырмақ түгел есік, төрдегіні, Көмекке кел десең де елдегіні. Болсаң да жеті ауызды жеңе алмайсың, Малшынбай жөніңді тап терге құры.
Мойнақта қандай жақсы мал жатқаны, Секілді күміс жүзік бармақтағы. Болсаң да жеті ауызды жеңе алмайсың, Ақынды жинасаң да жан-жақтағы.
Өлеңнің ә деп айтпақ—қиын жері, Жүйрікке бәрі бірдей ылди-өрі. Асылдың ұшып түскен сынығындай Жігіттің ел басқарар кемеңгері.
Қонған жері аулымның жусан ба екен, Жусанменен белімді бусам ба екен. Өлең айтпай отырған кей жастарды Отырғызбай бұл тойдан қусам ба екен.
Көп болар қой ішінде ісек-тұсақ, Үккен ет турағаннан болады ұсақ. Атасы атамыздың өлеңші екен, Болайық біз де өлеңші соларға ұқсап.
Атаның кім қуанбас жолы істелсе, Кетпейміз доспен тоғыз бөліскенше. Жүріңдер өлең жұптап дайындалып, Қос қалқа, қош-есен бол көріскенше.
Айтқанда өлең бастап қысыламын, Өлеңді айтқан сайын ысыламын. Шарқынша шамамыздың айттық өлең, Кезекті өзгеге енді ұсынамын.
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды