Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Құлақымет, ендеше, Құлақымет, Құлын сойса болады бір асым ет. Өлеңді жақсы да айттық, жаман да айттық, Текті атаның баласы, рақымет!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Суытты ай ауысып қарашаға, Жарасар қара шапан аласаға. Сыйлы елдің сыйласқандай баласымыз, Ойын-той кездесейік тамашада.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңге жас күнімнен болдым зерек, Сен де ұшқыр жан екенсің орның бөлек. Құнанның құндыз қара төбеліндей Әдемі көзің қандай дөп-дөңгелек.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қуырдым қоңыр бауыр, қызыл өкпе, Көктемде қырау тұрар ұзын шөпке. Өлеңді жақсы да айттық, жаман да айттық, Баласы текті атаның, бізді сөкпе.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаяды жігіт атын көк бедеге, Көк беде арасында көп бөдене. Өлеңді жақсы да айттық, жаман да айттық, Баласы текті атаның, өкпелеме.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ағашы қия беттің бақан болмас, Өзіңмен бірге тумай апаң болмас. Бұрынғы-соңғылардың жолы тоғыз, Баратын тойға киіп шапан болмас.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қойдан-қойға жүгірер қошқарыңыз, Желбегей екі жеңді бос салыңыз. Өлеңді жаман да айттық, жақсы да айттық, Аман-есен аулыңа қош барыңыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қоршағанда айнала достарыңыз, Буынбай-ақ белбеуді бос салыңыз. Тағы талай тойларда айтысармыз, Осыменен риза боп, қош барыңыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бәйгені ат жаратып шапқан алар, Олжаны жатқан алмас, тапқан алар. Қабылда тоғызыңды толығымен, «Жеңдім» деп ауылыңа мақтана бар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көп сиырдың ішінде ақ тана бар, Мені жеңсең, үйіңе мақтана бар. Керегенің көзінен қол жаяйын, Ал, жеңілсең, тоғызды сен сала бер.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мамағаштың басында кептер отыр, Ұшайын деп қанатын ептеп отыр. Тоғыз сайлап тана бер, сақина бер, Қасымдағы жолдасым кеткелі отыр.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңіңді айт, ендеше, өлеңіңді айт, Өлеңіңді айтпасаң үйіңе қайт. Қайт дегенге қайқайып сала бермей, Бұл сөзімнің түбіне бір барып қайт.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басымда бір бөркім бар сусар сынды, Айтысып өзіңменен көңілім тынды. Тағдырдан тап келтірген айналайын, Көп түйін көкейдегі тарқатылды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сақаның біз ойнаған мұрты сынды, Айтысып өзіңізбен көңілім тынды. Тарыдай тал бойыңда бір мінің жоқ, Жүр екенсіз бақытты етіп кімді?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім жорға кер-ді, Жасауылдар қуады жолдағы елді. Әріптеске жарымай отыр едім, Тағдыр сені тал түсте қолға берді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жасым бар жиырмада, жылым—қоян, Ұйқыңнан мен дегенде шошып оян. Жеңем деп мені қалай дәметесің, Түсімде ақын бол деп берген аян.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Таңқурай қызарады сабағында, Аузымды өлең десе жабамын ба. Аузымды өлең десе жабар едім, Күнде сендей әріптес табамын ба.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен—қыран, сен болғанда ақ лашын, Қарағым, сөз қуалап не қыласың. Өлең айт тәуір сайлап осындайда, Көңілі көпшіліктің жадырасын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңім жариялар жан сырымды, Тыңдаған өлеңімнен алсын үлгі. Сәулешім, саған деген бір құпиям Әр сөздің арасына жасырынды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңге жолдас болдым жастан ерте, Қара озып жөнелемін құлаш серпе. Көмейден ән мен өлең құйылады, Тасқындап тау суындай тентек, ерке.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 26 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды