Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4282 Жалпы жазба
174,823 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4003 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4282 жазба көрсетілуде

Аққу (IV нұсқа)

Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қалады да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен....

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Композитор Дина мен өнерпаздар

Ертеректе белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас жігіттер келіпті. Ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбырасын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина: – Алыңыз, жаным, тартыңыз! – деп ризашылық білдіріпті. Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар е...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қара қасқа ат

Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген жүйрік ат береді. Кенже сияқты, Нұралының атқа құмарлығы болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын еске түсіретін ескерткіш сияқты болады...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көгентүн

Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүн дейтін. «Менің Бапас абысыным – Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кербез

Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болады. Дина сияқты ол да феодалдық ауылдың салт-санасынан жоғары адам екен, оның даусы күшті болмаса да, нәзік, құлаққа жағымды болыпты. Жаздың кешкі майдақоңыр самалында, ауылдың у-шуы басылғ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бұлбұл (II нұсқа)

Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан болмайтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы, сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас беру, міне, мұның бәрі де – ад...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сабазым-ай

1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданына қарайды екен. Қату тауындағы Дәрбіті өзенінің бойындағы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. Ол у...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жолаушы

Бәзғаламның әкесі Айқынбаймен бірге туысқан Қажыке молланың кенже ұлы Ергенбай оқытқан дін сабағына қанағат етпей, 1919 жылы үлкенірек ғұламадан дін оқуын оқымақ болып Дөрбілжін ауданына барады да, сұрастырып жүріп Мүсейінбай деген ұйғыр молланы тауып соған жалданады. Оқып жүргенде Тұрпаннан бір топ саудагерлер келеді....

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Молқоңыр

Өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төр...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жаңылтпаш

Өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындармен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамырластық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қалжыңы жарасқан дәстүрге айналған. Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, Өскенбай күйшінің...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дайрабай (V нұсқа)

...Дайрабай Алтай руынан Сармантай елінен екені рас, ол аса мықты балуан жігіт болған. Әрі әнші, әрі домбырашы, бірақ өте кедей болған. Оның жамағайыны Көбен деген бай кісі болады. Ол әрі мақтаншақ, атқұмар сараң да болады. Дайрабайдың жалғыз биесінен туған Қара көк бестісі аса жүйрік болады. Оны Көбен толық құнын берм...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дайрабай (ІV нұсқа)

Дайрабай – әңгімеге шебер, әзілге ұста, ашық-жарқын адам болыпты. Өзі әнші, күйші, сері атанған, жалғыз атты кедей екен. Бір күні Дайрабайды Алтайдағы Тобықты Құбылтай деген нағашысы шақырады. Бірақ ел арасына өзінің өнерімен аты шыққан Дайрабай, қолы тимей, бұл шақыруға бара алмайды. Сөйтіп жүргенде елде үлкен той бол...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дайрабай (ІІІ нұсқа)

Көбен байдың қиянат-зорлығымен түрмеге түскен Дайрабай бір күні орайын тауып, қашып шығады ғой. Сол бетінде, бой тасалау үшін Қорғалжын көлінің қалың қамысын паналайды. Ну қамысқа бойлай еніп, аралап келе жатып, бір қасқалдақтың ұясына тап болады. Ұяға үңіліп қараса, екі-үш сары үрпек балапан аузын ашады дейді. Дайраба...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дайрабай (ІІ нұсқа)

Дайрабай мен Көбен деген жамағайын байдың арасы жақсы болмапты дейді. Мұндай қырбайлыққа себепші Көбеннің шолжың болып өскен жалғыз баласы болса керек. Көбен бай өзімен иықтас Қанжығалы байының Ажар дейтін қызын баласына алып берген. Қыз аларда болатын жөн-жоралғыда Дайрабай күйеу жолдас болып барады. Көбен байдың бос...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дайрабай (І нұсқа)

Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда мен құданың бастары сай келіп, сөздері жарасқан соң, болашақ күйеу бала жөн-жоралғысымен қыз көруге барады. Сол салтпен Көбен байдың баласы да қыз көруге шығады ғой. Бұл өзі, ата дәулетімен алшаңдап өскен, өмірді...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақшолпан (ІІ нұсқа)

Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты сай, төңірегіне ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек. Сонсоң да ел-жұртқа еркін, ерке болып бой жетіп еді дейді. Той үстінде, бір жағы сол еркелігі бар, бір жағы қимастық сезімі бар, Шолпан қыз төңірегіндегі қ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақшолпан (І нұсқа)

Мәмен «Ақшолпан» күйін өткен заманның атадан балаға жеткен бір аңыз әңгімесін естігенде шығарып еді дейді. Қазақтың бүйіріне шаншудай қадалған қалмақ заманы болса керек. Ол кезде әйгілі Төле, Әйтеке билер тірі екен. Күндердің бір күнінде Ұлы жүз бен Кіші жүздің жапсарындағы ауылдардың арасында кикілжің болып, Кіші жүз...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кіші Қаратөс

Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты домбырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен. Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген Қаратөс оған: – Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені көріп, ізімді басар іні б...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қыз Ақжелең мен Қазанғап

Қарашаның үйіре соққан бораны айналаны ақтүтек етіп жіберген. – Қарашада соққан боранды алғаш көруім. Сірә, биыл жұт болмаса игі еді, – деді екі аттылының егделеу келгені. Жолаушылар бұйрат құмның желкесіне шыққанда, таяқ тастам жерден жылтыраған от көрінді. Іңір қараңғылығы жаңа түсе бастаған шақ еді. Екі жолаушы қаза...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бұраңдама, келіншек!

Қазанғап күйшінің өнері шартарапқа тарап белгілі бола бастаған шағы болса керек. Қайда барса да, елі құрметтеп қарсы алған ғой. Жылда жазғытұрым ауыл-елді аралап, күмбірлетіп күйін тартып, майын тамыза, әңгімесін айтқанда, күйді ұйып тыңдап отырған жұрт, өздерін таңғажайып сырлы дүниенің ішінде жүргендей сезінетін еді....

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 32 / 215 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды