Құрманғазы жаяулап ел шетіне келіп, бірақ ауылына баруға бата алмай, Жәлел деген досының үйіне келеді. Жәлел Құрманғазыны қойнын ашып қарсы алады. Бірақ күйшінің үй ішінің аман-саулығын айтқанда аздаған әңгімесінің кірбіңін Құрманғазы сезіп қалады. «Ел аралаған сыншы болады» дегендей, Құрманғазының қырағы көзіне ол кір...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1850 жылдардың басында Құрманғазы жоғарыда айтылғандай күй арқылы қоштасып, тағы да Жайық өзенінің сол жақ бетіне қарай кетеді. (біреулердің айтуынша, Құрманғазы Игіліктің қызы Әуесті алып келіп, ауылда аз болып, үй ішін Жәлел дейтін жамағайынға тапсырып кетеді). Ол Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Нарынбай, Өтен деге...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алғанын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда Есенқұл беріш Игіліктің үйіне түсі...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде хабар естиді. Торының құнан күнінде-ақ бәйге бермегенін жеткізушілер үлкейтіңкіреп аңызға айналдырады. Өзімшіл Әубәкір: «жалаң аяқ Құрманғазыға ондай ат қайдан бітті дейсің, біреуден ұрлап алған шығар, барып тартып алып келіңдер, іздеп келсе, көресіні көрсетерміз ол қара...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. Оның үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. Иен далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүред...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қазақ музыкасымен жете таныс болмаса да, қазақтың әншілерін, күйшілерін көп тыңдап, біраз көзі ашылып қалған Лавочкин, күй тыңдап болғаннан кейін Құрманғазыға өзінің сезгенін, алған әсерін айтады. Досының өз ойынан шыққанына Құрманғазы да риза болады. Олай дейтініміз – күйдің ортасында келетін ат шабыс ырғағы күйшінің...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің Орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып, қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тілі тигені үшін» қамалған орыс жұ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Күндердің күнінде күйші Үстіртке келіп, оның жоғары көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қанады. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын қатты тартып, өмілдірік- құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе – Манатаның» шыңына көтеріледі. Бұл шың туралы ел ауызында не...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір күні Махамбет Жәңгірдің он екі биімен бірге далада келе жатса керек. Сонда астындағы қара қасқа аты алды аяңдап, арты желіп, билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір би тұрып: «Ей, Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді, сен немене, тазы итке ұқсап жұрттың алдын бермейсің!» десе керек. Сонда Махамбет...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас жатқан адырларды қасаттанған қар алып малға жайылым бермейді. Осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тәттімбет көршілес найман елі отырған өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауық-сайранмен болады. Еліне осындай өнерлінің келіп, өнерімен мәз еткенін найман елі де теріс кө...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, кедей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыяпат, қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттімбет, өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші, сол қызды көруге аттанады. Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың күй...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Тәттімбет Омбыға барған сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төрелермен сапарлас болады. Кейбір шонжарлардың жол-жөнекей елді қатты шығынға ұшыратып, қыспаққа алған озбырлық, зомбылығына төзбей «Бес төре» күйін шығарыпты. Іштен тынып жүрген күйші бір ауылда мәжіліс құрып...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Тәттімбет танымал күйші ғана емес, тұтас Қаракесекте сөз ұстаған сері, шежіре-шешен болған кісі екен. Сонысынан болса керек, бір жолы ол Қаракесектің белгілі бір биі – Алшынбай бидің атынан Омбыға жіберіледі. Тәттімбет бұл сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев сияқты бірталай би-төрелермен сапарла...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген парызын ой таразысына салады да, өзінен-өзі мұңға батады. «Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау» деп ширығады, жанарына ыстық жас үйі...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Күйдің қалай туылғандығы туралы мынадай шежіре бар. Есімі ел көңілінде ұялаған күйші көрер тірлігін де ақырластырып қалады. Өмірінің соңғы кезінде ауру азабын шегіп, үзілер соңғы дәмін күтіп жатқан күйшіге күллі қазақтың бірталай жердегі игі жақсылары жиналып барады. Көңілін сұрап, жақсы жұбатуларын айтып отырған топқа...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1841 жылдың қысы қылышын сүйрете келіп, ақсүйек жұттың нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн көріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй кешеді. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, қардың қалыңдығына, малдың өлім-жітіміне, ит-құстың молаюына, ұры-қарының білінуіне қоса терістіктен тұрған үскірік жел жыландай ысқырып б...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Шыңжаң аймағында ғұмыр кешкен белгілі би, әйгілі күйші Бейсенбі Дөненбайұлының (1825-1898) «Бодау кеңес» деп аталатын күйі бар. Осы күйдің аңызын ақын Нүкеш Бәдіғұлұлы былай баяндайды: «Алтайдағы абақ-керей елінің бодаусыз кеткен дау-шарын бітіру үшін үлкен жиын болады. Қаба деген жердегі Алқабек өзенінің көкорай шалғы...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бежеңнің Әйнеп, Зәйнеп деген екі қызы болған екен. Арасы бір жасар тетелес өскен екі бала Бежең үйінде болса, қасынан шықпай еркелеп, әкелерінен екі елі айырылмайтын болыпты. Екі баласының мейірі Бежеңе ауған екен де, Бежеңнің жаны осы екі баласының үстінде екен. Белгілі бір жылы Бежең сапарға шығады. Бірде дем алып жа...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бежең үлкен ұлы Қара Оспанға қалыңдық айттырып, келін түсірер кезде, ырым жасап баласын қайнына аттандырады. Құда жақ қыз ұзату тойын жасап келінді аттандырыпты деген хабар жетісімен, тұңғыш келінінің қуанышты тойын асыға күткен Бежең, келін келуге бір күн қалғанда, ауыл іргесіндегі төбеге кілем салдыртады да, ауыл ақс...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Әйми керейдің шеруші руынан туған біреудің жалғыз ұлына айттырған найман руының қызы екен. Қалың малы беріліп болып алғалы отырғанда, бақытқа қарсы күйеу жігіт қайтыс болады. Жігіттің жылы өткеннен кейін «қызға біреулер құдаласқалы жатыпты» деген хабар керей жағының құлағына тиеді. Керей жақ алатын жігітін қосып, қыз ж...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан