Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4287 Жалпы жазба
174,882 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3997 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4287 жазба көрсетілуде

Жетім торы

«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгембай шыққанда, оның өкшесін басқа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қосбасқан

Халқымыздың салты бойынша, ең ауыр қылмыс, кешірімсіз күнә – қос басу. Салт бұзу жаман ырымға саналса да, қос басып, жылқы барымталау кездесіп тұрған. Бірде көршілес халықтың бір топ суық қол сұғанақтары ел тонап, қос басу емес, қыз басу, олжа салуға дейін барып, екі елдің арасын шиеленістірген қырғын болыпты. Шырық бұ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қоңыр қаз

Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады. Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал көпті көрген, өмірдің парқы мен нарқын бажайлаған, төңірегіне сыйлы, өзіндік дәулет иесі болса керек. Ел-жұртқа күйшілігімен даңқы жайылып кеткен Байжігіттің Ақсұңқарда кө...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көкбалақ

Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай емес, селт етпес сабырлы, бірақ, ұлы дүбірде тегеурін танытатын лақпа жүйрік болыпты. Екеуі де иесіне екі түрлі қызық-қуаныш сыйлап, бірі сән-салтанатымен күйшінің көңілін өс...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қайың сауған

Ол кезде иісі қазақтың қысқа қарай ірге түйістірер жері Сырдария, Шу өзендерінің бойы болса керек. Арналы өзендердің қос қапталы сыңсыған нар қамыс жиде, жыңғыл, сексеуілі ұйысқан тоғай, қыс бойы дым тисе болды оты бөртіп шыға беретін қалың қыртыс құмдауыт бұйраттар. Осынау құнарлы өңір көшпелі елді жаз шыға өргізіп, қ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақсақ құлан – Жошы хан (V нұсқа)

Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күндер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де, жаман хабарды естігісі келмеген хан: – Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын, – деп халыққа жар са...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақсақ құлан (ІV нұсқа)

Қылышынан қан тамған Шыңғыс хан шолғыншы ұстайды екен дейді. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықты сол шолғыншылар хан ордасына жеткізіп тұрады екен. Күндердің күнінде шолғыншылардың бірі әдеттегідей көргенін айтып келеді. «Осындай, «Саруалының арығы» деген жерде болдым. Ордалы құланның мекені екен. Маңайына ешкімді жола...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақсақ құлан (ІII нұсқа)

Атының тұяғы жеткен жерге әмірін жүргізген әйгілі Шыңғыс ханның Жошы деген ұлы болған. Жошы да хан боп өткен. Даңқты әкесінен тиген еншісі – Ұлытау мен Азау теңізінің арасында керіліп жатқан байтақ далада алғаш Алтын Орда мемлекетінің шаңырағын көтерген. Құландай жөңкілген көшпелі елдің басын қосып, әмірін жүргізген. Ш...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Байлаулы киіктің зары

Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің маңыраған даусы құлағына шалынады. Ол: «Қос лағым жетім қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ? Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қала алмадым», – деп зарлайды. Қорқы...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Башпай

Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай» Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тауып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде күндіз-түні қобызын сарнатып, ажалды аластап отырады ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарында...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Әуппай (ІІ нұсқа)

Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: «Әуппай, әуппай», –...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Әуппай (І нұсқа)

Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды. Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп, Қорқыттың тілеуін тілеумен болады. Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, алдандырған...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ұшардың ұлуы

Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы болыпты. Ол кездегі жақсының әдеті – жүйрік мініп, ит жүгіртіп, құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, Ұшар деген құмай тазысы бар екен. Әсіресе Ұшары қара жерден із кесетін аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын жолды ит болса керек....

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Тарғыл тана

Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп, сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі көзі көріп, көңілі түскенді қобызына күй етіп қосып, алдағыны қырық жыл бұрын болжайтын болыпты. Күндердің бір күнінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген бір әули...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сарын (ІІ нұсқа)

Қорқыт өлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Желмаясының жабуын төсеп, қобызын толассыз сарнатып отырады екен дейді. Қара қобызын сарнатып отырғанда ажал маңайына жолай алмапты. Қобыз дауысы жеті күндік жерге жетіп, дүниенің бәрін сүттей ұйытса керек. Күндердің күнінде қиян шалғайда жатқан Арқадағы бір ауылдың серуен...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сарын (І нұсқа)

Қорқыт жиырма жасқа толғанда ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие келіп, тағы да түсінде аян береді: «Уа, Қорқыт, бұл жарық дүниеде саған қырық жыл ғұмыр маңдайыңа жазылған, одан артық жүрмейсің!» дейді. Ояна келсе түсі екен, әулиенің айтқан сөзі өңіндегідей құлағында қалып қояды. Осыдан кейін-ақ Қорқыт...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Елім-ай, халқым-ай!

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар айтады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найзасы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанны...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Желмая (ІІ нұсқа)

Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойылуы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қашады. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабығын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Желмая (І нұсқа)

Қорқыт есейіп, бәсіре байланар жасқа келгенде Қыпшақ еліндегі нағашыларына барыпты. Нағашылары Қорқытқа «таутайлақтың» тұқымынан өркені түскен бота сыйлайды. Қорқыт ботаны нәрестедей мәпелеп, тіл-көзден қорғаштап, сылап- сипап өсіреді. Тірсегі бекіп, табаны қата келе бота Қорқыттың соңынан қалмай ілесіп, бір сәт көз жа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Аққу (III нұсқа)

Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт бұрышын шарлағанда жанынан сауғаны өзінің кіндік жұрты Сырдың суынан тапқан ғой. Желмаясының жабуын су үстіне төсеп, оған жайғаса отырып алып, қара қобызын бебеулеткенде аңдыған ажал маңайына жолай алмаған. Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. Ол қобыз тартқанда су ағысын тоқтатып, жел т...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 39 / 215 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды