Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Алқа таққан ақ мойын қарағым-ай, Неден, қалқам, көңілің болады лай. Сені аңсап, сағынып келіп едім, Жолыға алмай өзіңе барамын-ай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жоғарыдан келемін төмендетіп, Өткен күнді елес қып, өлең етіп. Сен есіме түскенде, ерке сәулем, Еңсем түсіп отырам төмен кетіп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тобылғының түбінде ін бар ма екен, Сүйген жардың бойында мін бар ма екен. Сағыныштан мен бүгін әнге салдым, Ақ сәулені көретін күн бар ма екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сусылдар шайы көйлек кір болмаса, Айтпаушы ем өтірік сөз шын болмаса. Отырмын көп ішінде атыңды атап, Дауысыңды бір шығаршы тым болмаса.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жирен тай ма, ақ тай ма, қызыл тай ма, Айдап салсам, жатады терең сайда. Айтар болсаң, сөзіңді бүгін айтшы, Бүгіннен соң бір ауыз сөзің қайда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жыртық-бүтін кигенім, жыртық-бүтін, Жұлым үйден шығады қисық түтін. Қайсыбірін айтайын арман қылып, Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Есігімнің алдында жалғыз арша, Көп қызыға қараймын бұған қанша. Жақсы әуенің кетпейді құлағымнан, Қайта айналып өзіңе жолыққанша.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жоғарыдан келемін заулай түсіп, Орған қамыс қалады баудай түсіп. Қалқатайдың қылығын еске алғанда, Жата алмаймын төсекте аунай түсіп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Хас сұлудың жанары жалтылдайды, Білімдінің сөздері алтындай-ды. Қайсыбірін айтайын арман қылып, Сені ойласам, буыным қалтылдайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айғайладым, артыңнан дауыстадым, Дауыстаймын дедім де, дау ұстадым. Бірге отырып өзіңмен сырласқанда, Бір пиала шайымды тауыспадым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алтын аяқ болғанда, күміс табақ, Құралай көз болғанда қиғаш қабақ. Іздегенмен сіздей жан табылмайды, Табылса да, болады некен-саяқ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көл шетінде жайқалған құрақтайсың, Арда емген енесін лақтайсың. Жанарыңа қарасам, көз тоймайды, Құйып қойған шыныға сынаптайсың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келем десең, ей, қалқа, бір келе ғой, Менің айтқан сөзіме, шын сене ғой. Есік ашық болғанмен, шешем ояу, Бота болып тұсымнан сүйкене ғой.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аққу көлден ұшады балақтаған, Не қойды екен көп сақтап қарақ маған. Ауылың шалғай кеткенде, ей, қарағым, Айналайын көзіңнен қарап қалған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ей, қалқа, замандас боп тудың нағып, Кигенің кәмшат бөрік, үкі тағып. Шомылған айдын көлге сен бір аққу, Тұйғындай төңкеріліп ілсем қағып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әліптеп ақ жүзіңе таң қаламын, Ғашық боп бір өзіңе сандаламын. Мәжнүндей ішім толған ғашық оты, Сыртыма шығара алмай зарланамын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап, Шығарайын шерімді бірден талдап. Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең, Үш қоршалсаң да, ойым бар сені алмақ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Боз аттың болды-ау талай былқылдағы, Кетпейді қыздың даусы ұйқыдағы. Жүруші ем медеу көріп мен сыртыңнан, Сүмбедей қара жорға жылқымдағы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алқызылдың басында ала ноқта, Айналайын қарағым, еркем, тоқта. Кезең жерде кез болған едің, сәулем, Кешегі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Немене өлең шіркін, ермек деген, Саудагер ел ішінде көлбектеген. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Зар болдым көлеңкеңе елбектеген.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 42 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды