Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін – сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбарпы енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Сарбарпы – адамның құсқа айналған түрі екен дейді. Баяғыда елден асқан оқымысты адам болыпты. Көктің де, жердің де, судың да, оттың да, құстың да құпиясын біліпті. Бірақ адамзатқа ешбір пайда келтірмепті. Сондықтан Алла тағала оны құсқа айналдырып жіберіпті.
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жақындаса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні естіледі. Жақын келіп үйге кірсе, бесікті құшақтаған күйі бір әйел өліп жатыр екен. Анасын жерлеп болғанша бесіктегі бала шырылдап жылауын қоймайды. Сонда күйші-батыр айд...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін: Қамауда жатып хал болмас, Қасыңа қалың ел қонбас, – деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені кесіп өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапырашты Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жарған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалм...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Баяғыда кемпір мен шал мал бағыпты. Тоғыз ұлы бірінен соң бірі ес біле бастағанда шетіней береді екен. Оныншы ұлы дүниеге келгенде, шілдехананың үстіне құдайы қонақ келіп қоныпты. Қонақ кетерінде: – Сіздің балаларыңыздың иесі алып қара құс. Сол иесіне жетпей, тіл-көзден өледі екен. Бұл ауылдан жыраққа кетіңдер. Ұлыңыз...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қалмақтардың ауылын шауып, малын тартып алып, жылқыларын айдап келе жатқан батырдың алдынан біреу шығып: – Уа, батыр, осынша жылқыны өзің бағасың ба, балаңа бақтырасың ба? – деп сұрапты. Сонда батырдың баласының жоқтығы есіне түсіп, күйініп тартқаны дейді.
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз тауып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол ауылда жалғыз жетім бала бар екен: – Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, – деп Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп келсе, тө...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек хан Жиреншеге: – Әкесі өлген қалай болады? – дейді. – Әкесі өлгені – асқар тауы құлағаны, – депті. – Шешесі өлген қалай болады? – Сарқылмас бұлағының суалғаны. – Ағасы өлген қалай болады? – Оң қанаты қайырылғаны. – Інісі өлген қалай болады? – Сол қанаты қайырылғаны. – А...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста бүкіл сыншылар барлық тұлпарды сыннан өткізе келіп, күрең аттың қасына тоқтайды: – Қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, үңгір сағақ, қуыс қолтық, құлан жал, бәйгені өзге алмас, сен аларсың, күрең сал, – деп бағал...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдірш...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп шығады. Баласына: – Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң болса бері айда, – дейді. Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жатқанда, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Ж...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады. Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт: – Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны қайталасаң, жеңесің, – деп күй тартады. Тартқанда саусағымен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсе...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
...Бір бай болыпты. Ол кедейленеді. Күндердің күнінде өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп жетелеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алдына шығып: – Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба? – дейді. – Сатам, – дейді жігіт. Сөйтіп,...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы тілдесіп, сөйлесе береді екен. Оны «аңның тілін білген, құстың үнін түсінген» деп жұрт аса ардақтайтын көрінеді. Бірде әлгі күйші тоғай аралайды. Бір-бірімен таласып жатқан бұлғын мен сусар мұны көре сала тұра қашыпты. Жігіт сонда домбырасын ала салып күй шертіпті. Әл...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз салады екен. Сонда қыз: – Мен – әке-шешесі жоқ жетім қызбын, – деп қана жауап береді екен. Мына сөзді естігендер: «Ой, жетім екен ғой!» – деп ынтықтық райынан айнып, қайтып кете береді екен. Сондағы қызд...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір өзеннің жағасында жетім қыз бен бала болыпты. Ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар бұларға келіп қайықпен ойнап серуендейді екен. Бір күні қыз таудан жүзім жинауға кеткенде үйде қалған бала апасының жоғын пайдаланып қайыққа мініп жүзеді. Бірақ ол қайықты есе білмейтін. Ойламаған жерден қатты...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір қазақтың жанында жақсы көретін, қасқыр мен түлкіге найзағайдай түсетін аңшы бүркіті болыпты. Ол көп жыл өмір сүріп, ақырында қартайып аңшылыққа жарамайды. Оның қанат жүні сиреп, құйрығының қауырсындары түсіп, ұша алмай, ұшса қайтып жерге қона алмай қатты қиыншылық көреді. Бір күні аспанда өте жоғары самғап ұ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол сиырлардың арасында көк бұқа болады. Сол көк бұқа жанына ешкімді жолатпайтын сүзеген болады. Сондықтан да ішінде осы бұқа жүрген бір қора сиыр бойлай басқа малдардан бөлек жайылады екен. Бір күні жем іздеп ашық...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір сұлу қыз бен күйші жігіт бір-біріне ғашық болыпты. Күндердің күнінде жігіт алыс сапарға аттанады. Аман- есен оралып, қыздың ауылына келсе, ол осыдан сәл бұрын қайтыс болған екен. Ел-жұрты сүйегін ауыл шетіндегі көлдің қасындағы төбенің басына жерлейді. Жігіт сол жерге барып, домбырасымен қалыңдығын жоқтап, к...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан, әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса, сол Қап тауынан әрі асады екен...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан