Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Жамал-ай!

Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көші...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бөкен жарғақ (І нұсқа)

Ертеде ағайынды екі жігіт болыпты. Әкелерінен жастай айырылып, шешесі үшеуі өмір сүреді екен. Алаңдары болмай өскен ағайынды екі жігіт жастайынан аң аулауды кәсіп етіпті. Бойлары өсіп, бұғаналары қата бастаған кезде бұлардың аңшылығы төңірегін тәнті ететін болыпты. Әсіресе түздің бөкен сияқты көп кездесетін аңын аулауғ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сау қаз

Бұл күйдің аңызы «Ақсақ қаз» күйінің аңызына жалғас айтылып, күйдің өзі де жалғас тартылады. ...Сонымен, сұр мергеннің оғынан жаралы болып, үйірімен бірге жылы жаққа ұшып кете алмай, ене қаз иесіз аралда зарлап жалғыз қалады. Бауырына басқан балапандарынан айырылып, қанаттас серігі ата қаздан көз жазып, қасірет шерін т...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақсақ қаз (І нұсқа)

Көктем туа жер ананың тас емшегі жібіп, төс емшегі иіген кезде жыл құсының шұбап келіп, дала төсін думанға бөлейтін әдеті. Салқын сабат көлге, жасыл жайлау белге ынтыға жеткен мың сан құс кешікпей-ақ ұя салып, жұмыртқа төгеді. Ұрпағын өргізіп, табиғаттың аялы алақанында мәре-сәре күй кешеді. Осы әдетпен, жыл сайын қалы...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жетім бала

Ертеде, жаугершілігі мол заман болса керек. Бірде, қаннен- қаперсіз бейбіт жатқан ауылды жау шауып, ойранын шығарады. Ойда жоқта басталған аласапыранда бір балажан ана есейіп қалған жалғыз баласын қазанның астына жасырып үлгереді. Ауылдың қарсыласқандары ажал тауып, қолға түскендері пенде болып, жаудың айдауына кетеді....

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бегім бер (ІІ нұсқа)

Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін талғажау етеді екен. Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегі...

Жанр: Күй аңызы

Бегім бер (І нұсқа)

Ел аузында «Жанкент жеті рет күйреп, жеті рет көтерілген» деген сөз бар. Соның бірі Шаншар ханның ханымы Бегім-анаға қатысты айтылады. Шаншар хан Жанкенттің әміршісі болып тұрған күндердің бірінде нөкерлерін ертіп, сейіл-серуен құрып, аң аулауға шығыпты дейді. Шаһардан ұзаңқырап шыққанда ханның есіне садақ ұштайтын еге...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қос мүйізді Ескендір

Әйгілі Ескендір патшаның басында қос мүйізі болса керек. Бірақ мұны тірі жан білмейді екен. Себебі шашын алдырған сайын сол шашын алған адамның басын шаптыртып тастап отырыпты. Мұның мәнісі, Ескендірге түсінде бір әулие аян беріп: «Егер шашыңды алушыдан басқа адам мүйізіңнің бар екенін білсе, сол күні жарық жалғанмен қ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Нар идірген (І нұсқа)

Ертеде бір кедей шал мен оның ақылына көркі сай жалғыз қызы болады. Кедейліктен басқа міні жоқ, ұжымдары жарасқан, төңірегіне сыйлы жандар екен. Жар дегендегі жалғыз нарын сауып тамақ, мініп көлік етсе керек. Соның арқасында ешкімге көзін сүзіп тіленбей, барды қанағат етіп күн көреді. Күндердің бір күнінде сауып отырға...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Балжыңгер (І нұсқа)

Ертеректе байлық-берекесі шалқыған, сән-салтанаты келіскен Байсары деген бай өтіпті. Мекені Өр Алтайдың салқын сабат аясына біткен Марқакөлдің шүйгін жағасы болса керек. «Бірі кем дүние» деген емес пе, Байсарыда тұяқ жалғар, шаңырағына ие болар ұл болмапты. Бірақ, оның есесіне ақылына көркі сай, жұрт аузына ілінген Айы...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қызылқан (І нұсқа)

Көктемде ұшып келіп, күз түсе жылы жаққа қайтатын жыл құстарының ылғи алдын бастап, қарқара тарта ұшып отыратын Қызылқан атты бір құс болыпты дейді. Қызылқан өзінің соңындағы мың сан құсты небір қанат талар шөлден, топшы талар белден өткеріп, оты-суы мол өлкеге бастап келіп жүреді екен. Бірде моншақтай тізіліп, жылы жа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жорға аю (І нұсқа)

Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі. Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен. Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі. Көз алдында ақ көбікпен араласып, бір...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шұбар киік (ІІ нұсқа)

Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желіні жер сызған киік екен, бірақ аң деген көзің құрты емес пе, аңшы «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» дейді де, садағын кезенеді. Осы кезде шұбар киікке тіл бітіп: – Ей, Сұрмерген, мені атпа. Әлі бауырын кө...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шұбар киік (І нұсқа)

Ертеде құралайды көзден ататын бір аңшы болыпты. Тәңірінің бұйыртқан несібесін түзден теріп жеп, аң аулап күн көреді екен. Күндердің бір күнінде сағым шалған сары далада өзегі талып, өкпесі өшіп аң аулап келе жатса, бетегелі белде жайылып жүрген жалғыз шұбар киікті көреді. Иіс шалдырмау үшін ық жағын алып, сайды жалдап...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Тауқұдірет

Есте жоқ ескі заманда домбырада жалғыз ғана ішек, тауқұдіретте жалғыз ғана қанат болыпты. Тауқұдіреттің жалғыз қанаты еркегінің оң жағына, ұрғашысының сол жағына бітеді екен. Домбыра не істерін білмей іштен тынады. Тауқұдірет болса күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қалықтап ұша алатын қос қанат сұрап, «құдірет-ау, құдір...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шақыру (І нұсқа)

Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үйлерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қара өлең

Біріншіден не жаман, өсек жаман, Екіншіден, сүймеген төсек жаман. Ер жігіттің бойында болмаса өнер, Жүргенінен не пайда есен-аман.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең

Ауылым теректінің аңғарында, Жамандар талтаңдайды мал барында. Аулыңды жер түбінен табамын ғой, Мойнында шым күреңнің жал барында.

Жанр: Қара өлең

Көзкөне

Көзкөне – аздау ұрпақтаған, аз ру. Оның үстіне Жамалайдың балаларының бірі Қаражан деген тентек бала Тілеу мен Қабақтың пір тұтып, отырған жалғыз қожасының жалғыз баласын «Ұлықұмның ішінде, түйеңді менің жеріме жіберіп жайдың», – деп, ұрып өлтіріпті де, мәйітін түйесінің мойнына байлап жіберіпті. Кек алу үшін бүкіл Тіл...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Күре

Жаманшаның тоқалы, Сасық пен Сырымбеттің шешесі мырза адам болыпты. Үйіндегі бар асты қазанға аямай күреп салып асып, түсіріп жатады екен дейді. Үйінен қонақ кетпейтін болған, ағайындары да жиналып келіп ас ішіп тарап жатады екен. Осы әйелінің жомарттығына сәйкес Сасық-Сырымбеттен тараған ұрпақтар «Күре» деген ру атаны...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 48 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды