Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің ала құнан, Үркеді ала құнан саяғынан. Көңілің шыныменен менде болса, Кездесейік бұлақтың аяғынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің құла құнан, Үркеді құла құнан құлағынан. Шынты пейілің, шын көңілің менде болса, Табысайық ақ жардың бұлағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің күрең дөнен, Қашады төстен түлкі сүмеңдеген. Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып қалқатайдан жүрем деген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің қасқа тайым, Қасқа тайдан мінбеймін басқа тайын. Беріп кет кетеріңде бір белгіңді, Дәтке қуат етейін, қалқатайым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім астымдағы құла қасқа, Айтамыз амандықты мал мен басқа. Құламен құйқылжытып салдыртқанда, Көз қырын жіберуші ем замандасқа.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің қасқа құнан, Қыздардың сақта Құдай асқағынан. Шыныменен құласа көңіл шіркін, Жолығайық ауылдың тастағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің торы құнан, Торы құнан ақсайды тобығынан. Шыныменен көңілің менде болса, Жолығайық ауылдың қорығынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жылқы айдаймын белеңменен, Қара көк, белі сұлу дөненменен. Кеткенде ауылың шалғай, беу, қарағым, Жүрейік хабарласып өлеңменен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жылқы айдаймын белеңменен, Қара көз өзі сұлу дөненменен. Кеткенде жерің шалғай, әттең, құрбым, Жүремін сені жоқтап өлеңменен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып, Қолыма бір солқылдақ шыбық алып. Сенімен бір ойнаса, мен ойнаймын, Мойнымды боз жорға аттай бұрып салып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барып бел асады, Бір жақсы бір жақсыға жанасады. Кеткенде ауылың шалғай, ей, перизат, Өлеңді не деп айтсам, жарасады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым биік таудың ашасында, Белгісі жүйрік аттың шашасында. Менімен хат алысып, хат берісіп, Бір күні уәде беріп қашасың ба?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Ылайкөлге, Дүрия бешпент жарасар қынай белге. Қайран жар қайта айналып қосылмай ма, Айналайын көзіңнен, жылай көрме.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Құмайкөлге, Дүрия бешпент жарасар қынай белге. Ауылың шалғай кеткенде қимас қалқам, Мені ойлап, жан қалқам, жылай көрме.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Көлмекөлге, Көлмекөл алыс дейді көрмегенге. Түскенде сен есіме, ей, қарағым, Жүремін әрең шыдап өлмегенге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Алмалыға, Кім көнбейді тағдырдың салғанына. Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам, Кетер ме екен біреудің қармағында.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Алмалыға, Ой бөлмеймін шын істің жалғанына. Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам, Жетер ме екен қол созған арманына.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым көшіп барады Сарымсаққа, Шыбын жан шықпайды екен сағынсақ та. Келмеді қыста хабар, жазда хабар, Сарғайып елесіне табынсақ та.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылыңның қонысы Белтұрғанда, Шөптің басы қимылдар жел тұрғанда. Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің, Қайда кетіп барасың мен тұрғанда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тоқым салсам жарасар тел күреңге, Сіз кеткен соң телмірдім мен біреуге. Сағынғаннан төрт болып екі көзім, Қарайғанға қадалып телміруде.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 49 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды