Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айым да сен, күнім де сен, Қасқа тісің ақсияр күлімдесең. Ай мен күндей жанымда сен жүргенде, Ауыт басып, адасып сүрінбес ем.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айналайын, қырғи қабақ, Сен едің суда жүзген алтын шабақ. Салсам да күміс қармақ ілінбейсің, Қайтейін қылығыңды, беу, ақтамақ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айналайын, қандай едің, Құрбыңның өзің теңдес маңдайы едің. Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта, Қол жеткен мұратыма жандай едім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айналайын, асылым-ай, Ойнар ма едім асылмен асылып-ай. Ойнай қалсам асылмен асылып-ай, Қалсын ақша төсекте шашылып-ай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, сен ар жақта, мен бер жақта, Шұлғиды кер арғымақ, бау шарбақта. Қолымда құнан атан шүйіншім бар, Ауылы қалқатайдың дәл қай жақта.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, келдің қайдан, кеттің қайдан, Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Жетер ме, айтсам сәлем тұрымтайдан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, сен дегенде қандай болдым? Байланған атып бөкен сондай болдым. Кеткенде ауылың алыс, жерің шалғай, Айырылған үйірінен қаздай болдым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, ойым бөлек сен дегенде, Сен қандай күйде екенсің мен дегенде. Тіліңнен аузыңды ашып бір сүйгізсең, Болар-ау мың күн сусын шөлдегенде.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, сен дегенде неден жаздым, Сабағын сары қурайдың белден қаздым. Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай, Сарғайып сағынғаннан өлең жаздым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, сен дегенде болдым ынтық, Арадағы дұшпанға тисін мылтық. Қағидаңа берік бол, мен сендікпін, Көре алмаған көп дұшпан жүрсін сүйтіп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, неге отырсың, өлеңдетпей, Өлеңдетіп қалайық заман өтпей. Гүл жазыңның барында ойна да күл, Албыраған ақша бет нұры кетпей.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын, ақ жүзің айдан аппақ, Сендей жанды ер жігіт қайдан таппақ. Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын, қарағым, қал жақсы ма? Сала берме көзіңді бар жақсыға. Сала берсең көзіңді бар жақсыға, Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын, қарағым, қара қасым, Қос иықта бұралған қолаң шашың. Өзіңменен бір болсам бұл өмірде, Болады ғой бақытты менің басым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын атыңнан асыл затым, Жарасқан тал бойыңа, сәулем, затың. Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам, Келмеді-ау бір жапырақ жазған хатың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын көзіңнен көлгірім-ай, Тас бұлақтың суындай мөлдірім-ай. Шаршы топтың ішінен таңдап алған, Асқар таудай айшықты белгілім-ай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен, Кім бар еді арада саған жеткен. Дүниеде не маңғаз туса дағы, Теңгермеймін ізіңе басып кеткен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын жарқыным, асылым-ай, Сөйлеспедім жақындап қасыңызға-ай! Өзің жазған хатыңды қадір тұтып, Салып жүрмін жаныма жасырын-ай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңімнің басы еді айда-сайда, Жігітке бір өткен соң дәурен қайда. Хат-хабарсыз, қалқатай, қайда кеттің, Айырылмаймын дейтұғын сертің қайда?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлең десе, таңдайым тақ етеді, Ақ тайлақ үй артында бақ етеді. Ішіне қараңғы үйдің кіріп барсам, Маңдайы қалқатайдың жарқ етеді.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 52 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды