Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Өлең айтқым келмейді ерінгенде, Бойым байсал тартады керілгенде. Жерден алтын тапқандай қуанамын, Қалқатайдың төбесі көрінгенде.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, Армандамын ауылыңа бармағанға. Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Ойнап-күліп мейірім қанбағанға.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалтаңда бет қарайтын айнаң болсын, Алдайтын он бес қызды хайлаң болсын. Қаншама күйдім-сүйдім десең дағы, Жігітке өз жарындай қайдан болсын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте, Екі он бес қосылса тең келмес пе. Қалқатайдың бергені жарты мейіз, Бөліп жесек екеуміз, олжа емес пе.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ана тау мына таумен төте шығар, Пышаққа ұста соққан жете шығар. Барында тіршіліктің ойна да күл, Сұм жалған баяны жоқ өте шығар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Боз аттың, бойдай тал-ай, бой денесі, Адамның қолқа—жүрек—жан денесі. Артына өлген адам қарамайды, Қара жер бауыры суық әлденесі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ үйдің ат байладым кермесіне, Ешкімнің көз салмаймын бермесіне. Барында тіршіліктің ойна да күл, Мен кепіл сұм жалғанның келмесіне.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қай жалған? Мына жалған—пәни жалған, Жалғанның көбі кетіп азы қалған. Барында тіршіліктің ойна да күл, Күлмеген-ойнамаған қапыл қалған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дүние ойлап тұрсам жалған екен, Ғаламды он сегіз мың алған екен. Жібіндей машинаның қайран әнім, Шалдығып шапқан аттай қалған екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жігітке сулық қандай сұр шекпендей, Мінезі кей жаманның тай тепкендей. Барында оралыңның ойна да күл, Боларсың әлі-ақ бір күн су сепкендей.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Түлкісі бұл тепсеңнің қызыл түлкі, Адамды жалықтырмас ойын-күлкі. Биікке ойда тұрып қол сермеймін, Болсын деп көңіл шіркін көтеріңкі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дұрысы қой ішінде ісек-тұсақ, Туралса, қойдың еті болады ұсақ. Атасы атамыздың өлеңші екен, Болайық біз де өлеңші солар құсап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөйлей бер, қызыл тілім, сен де өлерсің, Жібіндей машинаның дөңгелерсің. Барында тіршіліктің ойна да күл, Киіп ап ақ көйлекті жөнелерсің.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөйлей бер, қызыл тілім, жақ барында, Басында таудай талап, бақ барында. Барында оралыңның ойна да күл, Тәңірім өзі білер сақтарын да.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Естен кетпес етікпен су кешкенім, Жауқазындай жадырап бірге өскенім. Жаманменен сан ойнап, сан күлгенім, Өзіңменен бір ауыз тілдескенім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаным-ау, қайын сіңер, қайын сіңер, Қайрылып қара інгенді тайлақ емер. Бас қосып өңшең жақсы отырғанда, Жаман адам ортаға қайтіп сіңер.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сары маңыз, жаным-ау, сары маңыз, Сарғайып сары майдай қалар аңыз. Көпшілік, қоштасқалы келіп едік, Көргенше, көріскенше арымаңыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Буындым белбеу алып белім үшін, Мал түсер барымтаға елім үшін. Артыңнан ар ма десем қарамайсың, Кетейін өлең айтып көңілің үшін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Екі ауылдың ортасы қамыс-пішен, Қу жаманнан, дүние-ай, қашан кетем. Қу жаманнан, дүние-ай, кетер едім, Аяғыма сен болдың алмас кісен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дүние өтіп жатыр құмай Құдай, Ақ бетке ажар кірмес сүтпен жумай. Бірге өскен құрбы-құрдас жүрсің қайда? Қанатын қайшылаған аппақ қудай.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 53 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды