Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Ақсұлудың Найман ұрпағын жалғастыруы және ел билеуі (VІІІ нұсқа)

Тоқпанға әкесі Найман Үйсін Найманбай бидің қызы Ақсұлуды алып береді. Тоқпан жиырма жасында ауырып өледі.Тоқпан өлгеннен кейін көп кешікпей-ақ артынан шешесі де өледі. Найман жетім, Ақсұлу жесір қалады. Жетім қалған, ұлғайған Найманға Ақсұлу кемпірінің қырқы өткеннен кейінҮйсін Дулат бидің қызы Әлпешті алып береді. Бі...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Өкіреш Найман немесе Әзбураның ұрпақты сақтауы (VІІ нұсқа)

«Өкіреш Найман» дегеніміз – Найманның аты. Сопы мырза тоқсан үш жасқа келгенде жалғыз ұлы өліп, келіні Әзбура зарлап, жесір қалыпты. Ол: «Атам ұрпақсыз кетпесін, қатын алып беріп тілеу тілейін, атамнан ұрпақ қалса, орнын сақтайын», – деп ойлайды. Сонан Ақтобық деген атқа мініп, Қарақалпақ деген елге барып, бір байдың Т...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Әлпештің Өкірекке қосылып мұратқа жетуі (VІ нұсқа)

Найманның соңғы уақытында Ақсары дейтін баласы Әлпеш дейтін қызға үйленеді, бірақ көп ұзамай Ақсары өледі. Әлпеш он жеті жасында жесір қалып, атасы қарт Найманды бағып отыра береді. Найманның атастыруға басқа баласы болмаған соң, туыстарынан Тоқпан дейтін бір жігіт-баланы еншілес інісі әрі бала етіп асырап алады. Тоқпа...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Әлпештің Өкірешке тиіп, Найман ұрпағын сақтап қалуы (V нұсқа)

Найманның осы үш баласы жаугершілікте өліп, Әлпеш деген он жеті жастағы келіні жесір қалған. Найманның мұны алатын баласы болмаған. Туысқандары Арғын, Қыпшақ балаларының алғысы келген Найманның келіні Әлпеш: «атамның атын жоғалтпайым» деп, қырық жетіні қырқа матап беріп, бір қыз алып береді. Найман бұл уақытта жетпісті...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Өкіреш туралы аңыз (ІV нұсқа)

Орта жүзде Қарақожа тақуалығымен, «Ақсопы» мырзалығымен «Атымтай», әділеттілігімен «Қазы» деп аталған. Қарақожаның өзінен, яки баласынан Найман туған. Найманның баласы – Өкіреш, бағзылар «Өкіреш» лақабы дейді, оған мынадай мәтел де айтады: «Өкіреш атты Найман-ды, Қартайғанда қыз құшып, Өкіреш атын алған-ды». Найманның...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Өкіреш» деген лақап аттың шығуы (ІІІ нұсқа)

Найманнан туған төрт ұл: Тоқпан, Үйелеш, Күйелеш, Сартсопы майданда жаугершілікте өліп, Найманбайдан туған Елтай ауыр жарақатты болып, үйіне найзаға салып әкеледі. Найманның төрт ұлы бірдей өлген соң Найманда ұрпақ қалмайды. Тоқпан жиырма алты жасында өліп, әйелі Ақсұлу жиырма екі жасында жесір қалады. Алатын әмеңгері...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Өкіреш Найман (ІІ нұсқа)

Найманның жалғыз ұлы Тоқбан жиырма алты жасында өліп, оның әйелі Ақсұлу жиырма екі жасында жесір қалыпты. Бұл кезде Найман сексен алты жаста, ал Арғын тоқсан алты жаста екен. Арғын «інім белгісіз қалмасын» деп, ал келіні Ақсұлу «атамның аты жойылмасын» деп Найманға әйел алып беріпті. Ақсұлу «қыз ене» дейді екен. Қыз ен...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найман тарауынан (І нұсқа)

Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі – Қарақожа, онан Арғын дедік. Бірі – Аққожа, бұл Аққожадан – Найман. Кейбір сөйлеушілер «Момынқожа» дейді. Найманнан – жалғыз бала – Шұбартай. Бұл Шұбартайды дазарығып көрсе керек. Шұбартай қыршын жастай өліп, келіншегі жесір қалса керек. Сонда Арғынның көп балалары: – Ме...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Өкіреш найман [Найман туралы бір аңыз]

Көтеш ақын өзі бай болған, өзі семіз болған, жүз асып жасаған. Сабаз дей тұғын бәйбішесі: «жалғыз шұнақ қойды жеті қотан қылдым» деген екен. Қартайған шағында ауылы Қарағайлы шоқыда тұрғанда жау тонап, жалаңаш тастап кетіп, өзін ит-құс жеп тастапты. Шеру деген жерден денесінің қалған тамырын тауып алысыпты. Жатқан жері...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найман ұрпақтары

Арғын, Найман бір туған. Найман (Өкіреш Найман) 88-нде қайтыс болады. Найманның өз ұлы өліп қалады. Оның әйелі өте ақылды кісі болыпты. Атасының дәретін көріп, әлі де бір бала тудырарлық қайраты бар екен деп, Үйсін Төле бидің қызын алып береді. Найман ол қызбен бірінші түнеген түні бойынан әлі кетіп, өкіріп жығылыпты д...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Орта жүз – Найман руы туралы

Найман елі Қытай тарихында сегізінші-тоғызыншы ғасырда белгілі болған екен. Оқыран өзенінің басы Моңғолдан Ертіске дейін қоныстанған, Найман руының алғашқы патшасы Нарқыш Таян, Инаш қаған, Бұқа хан, Таубұға, Бұйрық хан және үлкен рулардың басшылары Тоқпан, Елата, Өкіреш, Кетбұға,Төлегетай, Сүгірші болған екен. Он үшінш...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Дәулетбике

Орта жүз Қыпшақ, оның ішінде Торы Қыпшақ, оның ішінде Түйішкеден өрбіген аталардың бірі «Дәулетбике» деп аталады. Дәулетбикенің қыздай тұрмысқа шыққан адамы Түйішке ішіндегі Мұрат деген кісі екен. Мұрат қайтыс болып, Дәулетбикені әмеңгері Мәмбет алады. Әмеңгері Мәмбетке қосыларда Дәулетбике: «Бөлек ауыл болып отырайын»...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Құрман-Қыпшақ Апай

Керекуге жиырма бес шақырым жерде «Құрман тұзы» деген тұз бар. Сол Құрман Қыпшақ екен де, өзі мейілінше бай болған екен. Жылқысының есеп санын өзі де білмейді. Жалғыз баласы болыпты, «бөрі тонды, бөрте атты» атанған жылқышысы болыпты. Малға шын жаны ашып қарағандықтан, жылқы билігі сонда болыпты. Байдың жалғыз баласы с...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бес таңбалы қыпшақ туралы

Бұрынғы қариялар Орта жүзды «Жеті арыс» деп сөйлейтұғын. Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты. Қыпшақтан: Шолым Әліп, мұнан: Ақкөбік Әліп, мұнан – Мүйіздісары Әліп, мұнан – Тоқтар, мұнан – Қобыланды. Қара, Сары, Қытай, Еділ, Жайық атанған аталары бар. «Бесеуі бір туысқан» деседі. Кімнен туып, өсіп-өнгені...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қыпшақ туралы аңыз (ІІІ нұсқа)

Ұлы патшалардың алыс сапарға шыққанда әйелдерін алып жүретін әдеттері болатын. Осы әдетпен нөкерлерінің кейбіреуі де әйелдерін ала жүруші еді. Оғыз ханның бір бегі де әйелін алып барып еді. Өзі ұрыста өліп, қатыны қашып құтылып, екі судың арасында тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн суық еді...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Әлеуке

Орта жүз Тарақты тайпасы он екі рудан құралған. Олар: Қыдыр, Жәші, Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Қарашие (Көгедей), Келіс (Әлеуке), Алакөз, Шәуке, Апай, Тоқтауыл рулары. Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан, өзімен қадірлес күндесінің (Келістің екінші әйелі) баласын етек астынан жер...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тарақтының Апай аталығы

Орта жүз Тарақты тайпасының құрамындағы он екі ата рудың бірі Апай деп аталса, енді бірі Тоқтауыл деп аталады. Апай Тоқтауылдың Жағалбайлы еліне ұзатқан апасы (әпкесі) екен, бала көтермепті. Содан, уақыт өтіп, Апайдың жасы ұлғайып, күйеуі дүние салған соң, елге көшіп келіпті. Сонда, Тоқтауыл апасының көңілін аулап, бір...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Кіші Арғын немесе Тәнбісопы

Қаранайдың Нартайлақ деген бір ұлы болыпты. Балғаның өзі, бәйбішесі және онан туған ұлы Тай түгел өліп, Айсұлумен Күнсұлу [деген] қыздары өгей ағасы Барғананың қолында қалып, жетімдік зарын тартады. Сөйтіп жүріп Нартайлақпен Айсұлу бір-біріне ғашық болып, байланысады. Айсұлу жүкті болып қалады. Оны сезген өгей ағасы Ба...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қарауыл

Боттыбайға Қарауылдан бір жігіт келіп, сіңіп тұрып қалыпты. Өзі әр нәрсенің жөнін білетін, онымен бірге күн есебін, әуе райын байқайтын есепші болыпты. Бір үлкен жұтта ел жұтап қалғанда, Боттыбайдың жылқысын басшы боп бағып, алыс жақсылық жерге апарып, аман, семіз, күйлі қылып әкеп берген екен. Сонымен байдың қолайына...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ақбикеш пен Мақпал [Арғын Әйдерке, оның ішінде Мақпал]

...Дәстүр бойынша Бағаналы Ербатырдың Ақбикеш деген ару қызы Арғын ішіндегі Әйдерке атасынан шыққан Таңғұлы деген кісінің Солтан деген баласына ұзатылады. Бәрі де жазудан ғой, Ақбикеш келін болып түскен соң, сегіз-тоғыз жыл өтсе де бала көтермей қойыпты. Ақылына көркі сай Ақбикештің бұл жағдайы әулет-атаның ғана емес,...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 56 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды