Қара өлең үлгілері
Қара су, жақсы берсе, шайдан жақсы, Қара нан, жақсы берсе, майдан жақсы. Жаманға назыңды айтсаң, тоңқ етеді, Қараған қабағыңа қайран жақсы.
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Қара су, жақсы берсе, шайдан жақсы, Қара нан, жақсы берсе, майдан жақсы. Жаманға назыңды айтсаң, тоңқ етеді, Қараған қабағыңа қайран жақсы.
Бәйбішеден Тарақты жалғыз екен. Ортаншы әйелден: Алтай, Қарпық, Шаншар, Бошан, Қостанай, Торғай – осы алтыұл туыпты. Кіші әйелден Шор жалғыз екен. Шор әрі батыр, әріби болған қара кісі екен, «Қаракесек» атаныпты. Өсіп-өнген ел болғандықтан «Қаракесек – Шормыз, бір Құдайдан өзгеден зормыз» десетін сөздері болған екен.
Төменгі түлкі қақтым шаң қамыстан, Созылып қара тазым жетті алыстан. Жақсының жүрген жері күнде қызық, Жаманнан өкпе мен тек кек қалысқан.
Сен маған арман болдың жырақтаған, Дос көріп енді кімге сыр ақтарам. Жапанда жалғыз бас боп қалған артық, Жаманға жар болғанша ұнатпаған.
Қалайы қанша жисаң, күміс болмас, Жақсылыққа жамандық қылған оңбас. Жаманға жазатайым бітсе дәулет, Шалқақтап ішпей-жемей болады мас.
Түбінде топтан жүйрік жеке шығар, Сөзіне кей жаманның ішің бығар. Әр сөзің сол тойда айтқан естен кетпей, Мен жүрмін лебізіңе болып құмар.
Жақсылар айтар сөзге жорғалаған, Жамандар жауап таппай қорғалаған. Жауабым сауалыңа сай келмесе, Жамағат болар еді қолдамаған.
Жамандық жасырынбас көмгенменен, Жақсылық жоқ бағасын ел бермеген. Жаман жақсы болмайды еш уақытта, Бос мақтап, жалған көңіл бөлгенменен.
«Жесір қатын Апай атанған Қаракесек қатыны еді» деседі. Байы өлген жесір қатын үйінен қара-торысымен төркініне келіп, артынан Қаракесек іздеп келіп: «Бұрында тапқан баласы бар болу керек, буаз, екіқабат кетіп еді» деп, даулаған. Еркек бала тапқан екен де, оны бөтен бір жерге асыратқан екен. «Екіқабат келмеді» деп, жан...
Дос сыналар ең ұзақ жолдағы іспен, Қасқыр жолдас болмайды жолбарыспен. Жаман қанша кесапат жасаса да, Шарапаты жақсының болмақ үстем.
Жүйрік көп бәйгіге әлі қосылмаған, Сыр да көп астары әлі ашылмаған. Жақсының қайда жүрсе, жаттығы жоқ, Жақсыдан жақсы сырын жасырмаған.
Біріншіден не жаман, өсек жаман, Екіншіден, сүймеген төсек жаман. Ер жігіттің бойында болмаса өнер, Жүргенінен не пайда есен-аман.
Ауылым теректінің аңғарында, Жамандар талтаңдайды мал барында. Аулыңды жер түбінен табамын ғой, Мойнында шым күреңнің жал барында.
Руы – Арғын, оның ішінде Қаракесек. Осы Қаракесек болып аталуының себебі бар екен. Арғы атасы Мейрамсопы (деген) адамнан төрт бала туады: Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Шегіндік. Бұл төртеуі бәйбішеден туады, ал тоқалдан Болатқожа туған екен. Бәйбішеден туған төртеу Болатқожаны кем ұстаған. Болатқожаға еншіні кеш береді....
Мейрам бабамыздың бәйбішесі Алшын Құдыс деген байдың қызы екен. Ұзатып бергенде бір күң беріпті. Сүйегі бітімі сұлу екен, аты – Қарқабат. Бәйбішесінен рұқсат алып, мұны да алыпты. Мұнан бір ұл туады, атын Болатқожа қойыпты және үлкен бәйбішесін ұзатып алып келгенде, енесі қарттықтан келе алмай, Құдыс байдың бір келіні...
Мейрамсопының бәйбішесі Кіші жүзде зор Тымақ байдың қызы екен. Соны ұзатып әкелгенде үш әйел ертіп келіпті. Біреу қызметші күңі Болатқожаның шешесі – Қарқабат. Анау екеуі – бірі жеңгесі, бірі сіңлісі әкеп-салып қайтатын. Бірақ қазақ пен қалмақтың шабыншылығынан ауып, Кіші жүз бір жаққа, Орта жүз екінші жаққа көшіп, ел...
...Ел-жұрттың көшіп-қонып жүретін заманы екен. Сондай бір абыр-сабыры көптеу көш-қон кезінде Шегендіктің бәйбішесі босанып, арыстай бір ұл бала дүниеге келеді. Дәл сол күні жауын-шашын болып, ол да бір жағынан берекені алыңқырап тұрса керек. Көш үстінде асығыс құрылған қамсау күрке, сол күркенің панасында босанған ана,...
Сал ес біліп, оны-мұныны аңғара бастасымен, көрінгенді бір сұрап қоймай қайталап, сұрауын тоқтатпайтын әдеті болған. Баласының бұл әдетін ертелі-кеш байыптаған Шегендік: – Ай, Қақсалым-ай, қақсап, қақылдап, қайталап сұрауыңды қоятын уақытың болар ма екен? – дейді екен. Шегендіктің осы сөзінен Сал – «Қақсал» атанып кетк...
Қалмақ пен қазақтың қырқысып жүрген шағында ата-анасынан айырылып, ай далада адасып қалған бір баланы Қарқабаттан туатын бес бала мал қарап жүріп тауып алады. Балаға қызыққан бес жігіт: «Мен аламын, мен аламын!» – деп өзара таласады. Біріне-бірі көнбей шешесіне келіп төрелеседі. Сонда шешесі балаларына: «Сендер өзара к...
Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала тауып алады. Балаға екеуі таласып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгінеді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің адуындығына бағып: – Алшы түссе де, тәйке түссе де, бүк түс...
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды