Мұхаммед Құдай досты, Пайғамбарым, Құрбандық сол тақсырдан менiң жаным. Жарандар, хикаятын сөйлейiн мен Әли ұғлы Мұхаммед-Ханафияның. Құданың Әли Хайдар Арысланы, Алланың шын жаратқан данышпаны. Айында мұхаррамның қылдым кеңес, Көзiммен көрiп тұрып бұл нұсқаны. Жiгiттер, тыңласаңыз менен назым, Ағалар, айыптама ақылым...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Жаратып жiберiп ең бұл ғаламға, Өзiңсiң ризық берген жүмлә жанға. Жазбаққа бiр хикаят қалам алдым, Жәрдем ет, Хақ, тiлiме, Қадiр Алла. Тарихтан алдым жазып қарадым да, Назым ғып шығармақ боп талабымда. Бiр падиша Мұхтар атты өткен екен Исламға халифа боп заманында. Ғаламға әдiлдiкпен шыққан аты, Ғалидан Шаһимардан арғы...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Омар Шонаев
Қара көк жылқы ішінде сетер екен, Дүние, ойлап тұрсам, бекер екен. Барында оралыңның ойна да күл, Бұл дүние әлі-ақ алдан кетеді екен
Жанр: Қара өлең
Жас та өткен бұл дүниеден, кәрі де өткен, Ақ та өткен, қара да өткен, сары да өткен. Барында оралыңның ойна да күл, Хан, дана, қожа, молда бәрі де өткен.
Жанр: Қара өлең
Ән салсаң өзімдей сал дүрілдетіп, Сағымдай суға түскен дірілдетіп. Біраз күн көңіл жықпай ойна да күл, Күн болар бірің қалар, бірің кетіп.
Жанр: Қара өлең
Жаратқан Пәруардигар пана болған, Сол нұрдан жаратылған дiн мұсылман. Хазiретi Мұртаза, Шаһимардан Не қылса һәр iсiне тәубе қылған. Кәпiрде бiр патша бар Зеңгiр атты, Келбетi пендеде жоқ салтанатты. Ғали атты палуанды көрмедiм деп, Дүниенiң төрт бұрышымен соғыс қыпты. Рүстем Дастан олардан арман қалған, Зеңгiрге азап қ...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С.Сауытбеков
Қос етек көйлек кидім дүриядан, Екеуміз ұшқандаймыз бір ұядан. Қалайық ойнап-күліп осындайда, Кетерміз әлі-ақ өтіп дүниадан.
Жанр: Қара өлең
Ән мен күй ақтарылсын қазынамыз, Жарасып ойын-күлкі базынамыз. Қайраңдап кемең бір күн қалса аралда, Бірге өткен бұл күндерді сағынамыз.
Жанр: Қара өлең
Жiгiттер, иманыңнан күдер үзбе, Айтайын аз мәселе ендi сiзге. Бұрынғы өтiп кеткен ер жұмжұма Қылыпты қамқоршылық бұрын бiзге. Жарандар, иманыңнан күдер үзбе, Айтайын аз мәселе ендi сiзге. Тақсыр Иса пайғамбар бiр күндерде Сейір қылып шығыпты жапан түзге. Ұстасаң рузенің пiтiрiн бер, Шығарда хош болғай жаның сенiң. Жапа...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Дүние, ойлап тұрсам, артың шолақ, Әркімді алар бір күн ажал тонап. Сыйласып тіршілікте ойна да күл, Біреуге бұл жалғанда біреу қонақ.
Жанр: Қара өлең
Әуеде ұшып жүрген ала құр-ды, Тұсыңнан болсаң да артық анақұрлы. Кейбіреу қасақана көзге ілмейді, Қадыл едің орнына санап үлгі.
Жанр: Қара өлең
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе, Айтайын осы мәселе ендi сiзге. Пайғамбар тақсыр Ғайса бiр күндерде Сейiл құра шығыпты мидай дүзге. Ұстасаң, пiтiрiн бер оразаңның, Шығарса пәк болса жаназаңның. Тақсыр Ғайса сейiлден келе жатса, Алдында қубас жатыр бiр адамның. Бөксесi жоқ, кеудесi жоқ қубас жатыр, Жарымы су, жарымы құм...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Бисмиллаһи рахман ир-рахим Бисмилла деп қаламды ұстайын да, Жаман сөз күнә болар тастайын да. Әуелiнде Құдайға хамду айтып, Андан соң бiр қиссаны бастайын да. Өтiптi Қатыран деген бiр падиша, Айтайын бiр қиссаны жұрт ұнатса. Бұ қиссаға құлағың құрышы қанар, Естiген ғашық болар дәмiн татса. Бұл өзi – өлең қылған кiтап с...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Бекболат – қаракесек ішіндегі қазақ еліне даңқты қаз дауысты Қазыбектің баласы. Ол хан Абылайдың ақылшысы, сүйікті де сенімді биі болды. Басқа билер оны күндеп, ханнан айыруға әрекеттенді. Бірде қаракесектер хан маңындағы төлеңгіттермен араздасып, олардың бірсыпыра жылқысын барымталап алады. Соның ішінде хан әулетінің...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әуелi сөз сөйлейiн бисмилладан, Өлмей қалмас анадан туған адам. Өлмей тұрып сөйлейiн мен бiр қисса, Туған жан бәрi де өлер ата-анадан. Құлдық, тағат қылсаңыз бұ дүниеде, Өлсең иман табарсың о дүниеде. Тәңiрi досты Пайғамбар төрт жарменен Бiр күнi кеңес қылды Мәдинеде. Қатыран шаһарында бiр қыз болған, Жақын жерде шаһар...
Жанр: Діни дастан
Жыл: 1897
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Мәулекей Жұмашұлы
Таланға тағдыр Алла жазса басып, Болмайды әмiр әйласына не мiнәсiп. Iлгерлi Пайғамбардың заманында Бiр жүһүд етедi екен қақпан кәсiп. Қақпанын құрып көздеп салады екен, Бұйырған несiбесiн алады екен. Бiр күнi қақпанына түстi киiк, Қуанды, ететұғын талап екен. Киiктiң егiз ылақ бар баласы, Туғалы үш күн болған екен анас...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Аяпұлы Үбiсұлтан
Шынқожа батыр атағы алғаш шыққаны – жоңғардың Доба деген батырымен жекпе-жекте шығып, өлтірген кезі. Ол кезде ол жиырма бір жаста екен. Тағы бір соғыста қалмақтың ірі, егде тартқан батырымен жекпе-жекке шығып, Шынқожа екі сүбесінен саусақтарын батыра көтеріп лақтырғанда, қалмақтың қабырғалары қолында қалған екен. Тағы...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әкесінің әділдігі мен көрегендігі бала Шотанға да дариды. Оның жастық шағы жоңғардың бейбіт жатқан қазақ еліне шабуыл жасауымен тұспа-тұс келеді. Шотанның ерлігі ерте танылады. Ол алғашқы ерлігін 1723 жылы Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қолының Қаратаудың Сығанақ асуында жоңғармен болған үлкен шайқаста көрсеткен. Осы соғы...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп шайқасқан аймағы – Үшқоңыр, Суықтөбе, Қоңыртөбе тауларының төңірегі. Бұл кісі жекпе-жек өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін ат үстінде қас-қағым сәттен үрдіс қимылдардан артына талай-талай өнерлер қалдырған....
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
О заманда бар екен жалғыз киiк, Тамам кәуiр аттанды тұзақ жиып. Тұзағына кәуiрдiң киiк түсiп, Кете алмады бұл киiк тартып үзiп. Құдайым, жеткiзбейсiң бiздi дүзге, Естiмеген сөз кетер құла дүзге. Киiк деген азғантай өлеңiм бар, Тыңласаңыз, айтайын оны сiзге. Киiктi алды ол кәуiр торын құрып, Аққа жығылды ол киiк мойын қ...
Жанр: Діни дастан
Өңір: Қазақстан