Арғынның екінші қатынының аты – Момын. Бұл Момыннан туған: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы мен «Маябоз» ұранды Тобықты. Қара сопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл мен «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сары сопыдан: «Үшбай» ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Керей, Уақ...
Жанр: Шежіре
Ақжігіт, Жанжігіт қызы өз күйеуімен қашып кеткенін естіп, Есқара би көңіл айтқан екен: – «Қыз ұзатқан қырғыз шапқанмен бірдей», – деп еді. Жасаусыз қыз ұзатыпсыз. Өзімен-өзі қашып кеткен баланың алдын не қылайын?! Арты өзіңе қайырлы болсын! Құдай берген жоқ шығар. Сенің ырысында қой түнетсе де жарайды. Күйеудің қалың с...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Алтай жігіт күнінде жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып қанжығалы Піспек байдың жылқысын баққан. Ішпек, Піспек деген екі ағайынды байлар екен. Сонда Піспек бай іңірде өз қолынан арқандаған атын түні бойы қарап, орнынан таба алмай әуре болады екен. Таң атса, шөптің, оттың, судың тұнығында арқандаулы тұрғанын көреді е...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Осы күнгі Керей, Уақ деген елдер бар. Олар Арғынның тоқалы Момынның қоңсысы болыпты. Момын оларға қатын әперіп, енші бөліп беріпті. Олар Момын балаларына Момыннан енші алған кірмесі болады. Уақ, Керей – екеуі екі арыс болады. Бұл екеуі «жолдан келген жеті руға» қосылады. Жетіру дегеніміз – Асанқайғының елінен, Бәйбәше...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Күлік қожа диуана болған. Мәжзуп қатын-баласыз, үйсіз-күйсіз, тажародлік һалатта харабатлардан болған. Заманындағы адамлар таһир әулиешілігін көрген. Мұның заманында «Шоң бидің Қарақожасы» деген әулие өткен. Сол Қарақожаның бибісі (бәйбішесі) пұшпағы қанамай, перзент көтермей кешіккен. Жаздың күнінде Қарақожаның бибісі...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қарақожа жасында жалаңаш жүреді екен. Үстіне киім кигізсе, жұлып тастай беретін болыпты. Мұның бала күнінде, заманында бір шадта болыпты (қазақша бір хикаят деп айтады). Ол шадта бір байдың жалғыз баласы қырық жігітпен жорық қа аттаныпты. Аттанып кеткен күні кешке байдың жалғызы: – Басым ауырды, атқа жүре алмадым, қыры...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!» – деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, са...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады. «Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам маған серт, Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет! – де...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Аққа жақса, жұқпайтын күйе болмас, Жүзік көзі қызарып шие болмас. Адам нанбас жақсыдан жаман туса, Тұқым қумай тұрақты кие қонбас.
Жанр: Қара өлең
Тексізден текті шықпас мақтаса да, Қанатын қыран ұшар қақпаса да. Жаманның ісі алға баспақ емес, Жақсылар жазатайым жақтаса да.
Жанр: Қара өлең
Жақын боп кім жанасар жаман, қуға, Жақсыға кез келгеннің бәрі тума. Саналы май жесе де, нысап қылар, Қайғысыз семіреді қара суға.
Жанр: Қара өлең
Кең тұсау сөзде де ұзын арқан болар, Баласы жомарт елдің дарқан болар. Достан—сый, жақыннан жан аямасаң, Көп дұшпан көре алмаған талқан болар.
Жанр: Қара өлең
Дөнені не жүйріктің, бестісі не, Душар болғын адамның естісіне. Жазатайым жаманмен болсаң жолдас, Үлкен-кіші қарамас ес-түсіңе.
Жанр: Қара өлең
Бұлт басса таудың басын, сұстанады, Бұтақты майыстырып құс қонады. Барында өміріңнің ойна да күл, Ырсиып өлгеннен соң тіс қалады.
Жанр: Қара өлең
Жүреді жақсы жігіт өз жайына, Талшық қып адал дәмін таңдайына. Кетпеннің мұқатпақ боп басын бассаң, Тиеді сабы келіп маңдайыңа.
Жанр: Қара өлең
Жапсаң да кілем сиыр түйе болмас, Құлындап есек пақыр бие болмас, Бір жаман бір жаманға қосылса да, Екеуі бір-біріне ие болмас.
Жанр: Қара өлең
Ит қызыл болса дағы түлкі болмас, Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас. Әркімнің шылауында жүрер жаман, Өмірі өз басының ырғы болмас.
Жанр: Қара өлең
Би болмас надан белін буғанменен, Тазармас заты жаман жуғанменен. Әртүрлі әр адамға нәсіп тиер, Бәрі де бір кәсіпті қуғанменен.
Жанр: Қара өлең
Мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас, Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас. Кей жаман мал бітті деп ел билейді, Халық та сол жаманға іңкәр болмас.
Жанр: Қара өлең
Киім тікпес шын шебер үлгі білмей, Сұлу қызбен көреді ел гүлді бірдей. Жамандармен көп ойнап, сан күлгенің Қайдан болсын жақсының бір күніндей.
Жанр: Қара өлең