Қара өлең үлгілері
Осы сөзді жақсы айттың, замандасым, Екі елуге жасыңыз аман барсын. Қайда жүрсе, жақсының жаттығы жоқ, Алса Құдай, әуелі жаманды алсын.
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Осы сөзді жақсы айттың, замандасым, Екі елуге жасыңыз аман барсын. Қайда жүрсе, жақсының жаттығы жоқ, Алса Құдай, әуелі жаманды алсын.
Келеді ердің ері екі елуге, Ақ тұйғын құс қонады мекеніне. Жаманға жазатайым ісің түссе, Білмессің бір басыңның не екенін де.
Өзі мұнда жақсының кілті аспанда, Сөз түспейді ауызға ер сасқанда. Тойда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Өңкей жақсы жиылып бас қосқанда.
Бел десең де, тау деме аласаны, Аласаның басынан мал асады. Сөзі де ерсі жаманның, өзі де ерсі, Ойнап-күлсең жақсымен жарасады.
Күн батпайын десе де, кеш қоймайды, Жаламалы жартаста ешкі ойнайды. Жаманға жайды білмес айтсаң бір сөз, Басыңа бір тиындай ес қоймайды.
Айтайын мен бір сөзді мағыналап, Құлақ сал, жасөспірім, жаңа талап. Жаныма шарапаты тие ме деп, Жүремін жақсыларды жанамалап.
Жаманға жалпаң қылма малы бар деп, Жабыдан айғыр салма жалы бар деп. Болмайды қарға сұңқар қайырғанмен, Есекті тұлпар деме әлі бар деп.
Жеріген үйірінен тұлпар оңбас, Саңқыған тұғырына сұңқар оңбас. Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ, Шен үшін елін сатқан сұлтан оңбас.
Түседі жаман бүркіт жайған торға, Жығады жабы мінсең қазған орға. Жаманға жайды білмес ісің түссе, Қапыда басың батар қалың сорға.
Көйлектің кесте тіктім әдібіне, Адамның жолықтырма бәдігіне. Жақсыға жан қисаң да арман бар ма, Жамандар қайдан жетсін қадіріңе.
Кеш болса, кер далада тарғақ ұшар, Адасып ұясынан зарлап ұшар. Баулысаң кей жаманды өмірбақи, Ақтамай үмітіңді жардан ұшар.
Сыры көп әр көңілдің ашылмаған, Жүйрік көп бәйгеге әлі қосылмаған. Жақсының қайда жүрсе жаттығы жоқ, Жаманның көп бөгелмес қасында адам.
Айтсаң сөз өтпейтін бар, ұрсаң—таяқ, Жаманды басқа шығар қойсаң аяп. Не жетсін жақсыменен сыйласқанға, Келеді күннен-күнге ажал таяп.
Маңырар жетім қозы телінбеген, Күйеуге төс тартылар келінменен. Кісі деп кей жаманға ісің түссе, Асаудай тыпырлайды жегілмеген.
Шежіре бойынша, Бекарыстың әкесі Қазақ, Қазақтың атасы Алаш екен. Бекарыс бабамыз керемет бай, кемеңгер, данышпан, көпшіл әділ және қарапайым болған екен. Үйіне келген қонақ қара ма, хан ба талғамай, мейілінше дұрыс қабылдап, дастарқан жайып разы қып аттандырып отырған. Бірақ ұлы, перзенті болмаған деседі. Бірде осында...
Бірде Тоғанас ауылы Қаратау үстіндегі «Көсегенің көк жонын» көктей өтіп, жайлауға көшіп бара жатқанда бір жырада, тығылып тұрған барымташылар көшкен елге тосыннан шабуыл жасапты. Ештеңені қауіп қылмай бейқам келе жатқан көштегі адамдар барымташыларға тиісінше қарсылық қыла алмапты. Қарсылық қыла алмағаны былай тұрсын,...
Пошан көкемнің айтуы бойынша Құбасай (Бораш емес) ханның қызын екі қабат қылып, екі жақ құда түсіп, келін түсіріп, құдалықта отырғанда ханның сарбаздары Ойсылдың отыз ұлын қырып салады. Сосын шабармандар ханның қызын алдына алып келеді. – Ойсылдың балаларының бәрінің де басын кестік, екіқабат әйелдерінің ішін жардық, б...
Қазақтың қария сөзі бойынша, Үйсін мен Ойсыл (Ойсын деп те атайды) ағайынды болса керек. Ойсылда отыз ұл болыпты. Сол отыз ұлдың ішінде Бораш есімді баласы жарамды болып ержетіп, әз-Жәнібек ханның қызметінде жүреді екен. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген емес пе, ханның Алтынай есімді қызы мен Бораш екеуі бірін-...
Ойсыл отыз ұлды болыпты. Хан Жәнібектің уақытында әрі дәулетті бай, әрі өте зорлықшыл болған екен. Олардың ішінде Бораш мырзаның домбырашылық өнері басым болыпты. Бораш әрі балуан, батыр болыпты. Ол хан Жәнібектің қызына ғашық болып, сөз байласып, кездесіп жүреді. Бір күні қыздың екіқабат екені де білінеді. Бұл ұнамсыз...
Жәнібектің бір ерке қызы бар екен. Сол қызға Ойсылдың ең кенже ұлы Бораштың көңілі ауады. Кенже ұлдың сотқарлау келетін әдеті бар емес пе?! Байлығы тасыған әкенің, кілең «сен тұр, мен атайын» деген сайдың тасындай батыр ағаларының арқасында Бораш тіршілікке мойын бұрмай, ел қыдырып, үнемі серілік құрып жүреді екен. Сөз...
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды