Жәнібектің бір ерке қызы бар екен. Сол қызға Ойсылдың ең кенже ұлы Бораштың көңілі ауады. Кенже ұлдың сотқарлау келетін әдеті бар емес пе?! Байлығы тасыған әкенің, кілең «сен тұр, мен атайын» деген сайдың тасындай батыр ағаларының арқасында Бораш тіршілікке мойын бұрмай, ел қыдырып, үнемі серілік құрып жүреді екен. Сөз...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
«Ұлы жүзде бері келе Бақтияр деген атадан екі бала болады» – деп еді. Үлкені – Ойсыл, кішісі – Үйсін. Ойсылдан «Үш тамғалы» мен «Сіргелі» тарайды. Ойсылдың отыз ұлының бірі – Бораш батыр екен. Бораш кезінде ру көтеріп, жау басқыншыларға қарсы бірнеше жорық-шабуылдарға шығыпты дейді. Тағдырдың жазуымен Кіші жүздің ханы...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ойсылдың отыз ұлы болған. Отыз ұлы ешкімге бағынбай, еркін жүреді екен. Тіпті сол кездегі Жәнібек ханға да бағынбай, оны басынып, ханның қызын Бораш деген батырдың баласы алып қашып кетіпті. Жәнібек хан ашу-ызасын білдірмей, өтірік құда-жекжат болып, тойына Ойсылдың отыз ұлымен қоса туыстарын да шақырыпты. Тоғайда қыры...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Алатау батырдың даңқы көпке жайылып, елін-жерін қорғап жүрген шағы. Бірде қазақ, бірде қалмақ жеңіске жетіп, кейде текетірес түсіп жатады. Бірде Хазар теңізі жақтағы Кіші жүз елінен «жау тиді» деген хабар келді. Алатау Қоңыраттың батырларын жинап, жорыққа әзірленеді. Өздері қарамағында отыр ған Ташкендегі Тұрсын ханға...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бозан – Шымырдың кенжесі. Ол еркелеу өскен, өткір ойын батыл да бүкпесіз айтатын бір беткей кісі болыпты. Бір елдің бетке ұстар зиялылары мен ақсақалдары жиналып даулы мәселелер туралы әңгіме қозғап жатады. Әрқайсысы өз ойларын ортаға салып, пікір таластарын көпке жібереді. Бұлардың ішінде қатысып отырған Бозан шыдамай...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бір аңызда Борас бабамыз он төрт перзент көрген, бірақ олар жастайынан шетіней берген. Осындай ауыр қайғыға душар болып, бір Аллаға жалбарына әулие-әмбиелердің басына түнейді. Бұл жолы да түсінде Баба Түкті Шашты Әзіз келіп аян береді: «Тоғатайдың 9 ұлындай ұл берейін бе, әлде түйенің 4 емшегіндей төрт ұл берейін бе?»...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жаугершілік заманның бір шатқалаңында төрт бала елден айырылып, айдалада адасып қалады. Құлан 13-14-терде. Жанай мен Теке 7-8-дерде, ең кішісі Төлеміс аяғын енді апыл-тапыл басқан шамада болса керек. Балалар аш-жалаңаш, бір-бірімен қол ұстасып, Төлемісті біресе жетектеп, біресе арқалап күн жүреді, түн жүреді, елін таба...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Аппақ ишан ел-елді аралап, ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тақсырқожа баласы, діндар емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботбай ауылына келеді. Ботбай ишанды үлкен құрметпенен қарсы алып, ауылында үш ай ұстап, қонақ қылады. Сонан бір күні бай елін жинап, ишанға малдан нәзір...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бименбеттің ағасы, Таздың екінші баласы Бәйімбеттің ертерек қайтыс болуына байланысты Қайып атты бір баламен әйелі жесір қалады. Бименбет жесір жеңгесіне әмеңгерлік жолмен қосылып, Қайыпты тәрбиесіне алады. Бименбеттің бірінші әйелінің қара, жеңгедей алған екінші әйелінің сары болуына байланысты, ел біріншісінен тараға...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Құттықадамұлы Қанкөшекке 600-дей жылқы бітіпті. Сауын биелерін үйірімен бөлек баққызады екен. Бірде осы сауын билерді бағып жүрген жылқышыларды байлап тастап, ұрылар түгелдей айдап кетіпті. Қол-аяғы байлаулы жылқышыларды ертеңіне өрістен тауып алыпты. Қанекең төңірекке сұрау салып, көрген-білгендер болса, сүйіншісі дай...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бөлектің шешесі Айбике атты кісі екен. Бөлек өзінің ата қонысы «Долаңқара тауы» аталып кеткен жайлауда дүниеге келген. Оның атын Бөлек қойған анасы көрінеді. Ол жөнінде мынандай аңыз бар. Бөргелтайдың Киікбай атты тұңғыш ұлы болған. Айбике екінші баласына жүкті болып жүргенде күйеуі қайтыс болып, жесір қалады. Жас қалғ...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Суан өте ірі, кеуделі адам болған екен. Ат үстінде екі тізесі жерге аз тимейтін көрінеді. Бұл алып адамды тек бөрте қызыл аты ғана көтереді екен. Жоңғарлармен көрші отырғандықтан, жылқыларына тыныштық болмапты. Бір жолы сондай бір қарбалас кезде Суан байдың жылқысын жоңғарлар айдап кетіпті. Жасы жетпіске таман келіп қа...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Суан Жетісу өлкесіне алғашқы әйелімен көшіп барып, тұрақтап қалады. Өзі атқа мінгенде, тізелері ат құлағына жетердей сом денелі, көрікті екен. Жай мінері – «Торытөбел» деген мықты аты, жарыстарға қосары, шаң жұқтырмас «Ақшабдар» жүйрігі, палуандығы, тапқыр сөзді, турашылдығымен маңына жұрт жиналған, сері мінезді. Оған...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазығұрт тауының оңтүстік бауырынан Келес өзені ағады. Келесті көргенде Асан Қайғы: «Екі Келес, бір Талас тастамай ат сауырына артып жүрер жер екен», – депті. «Таяқ ұстап келген тай мініп кетеді, тай мініп кеткен таяқ ұстап қайта келеді», – депті тағы бір бабамыз. Осы Келес өзенінің саға тұсында Бағыс Суандар тұрады. С...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Атамыз Таубұзар деген кісі балуандықпен ел шауып, дүние кезіп жүріп, Үндістан деген шаһарға кезігіпті. Бұл шаһарда Мысыр қиссасы, Нұр қиссасы деген екі палуанмен кездесіп, шаһар халқы болып бұл үш палуанды күрестіретін болыпты. Сонда Туабұзар айтыпты: – Мен бекер ел кезіп жүрген адам емеспін, – депті, – менің екі жетім...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Сағым атамыздан жалғыз ұл Елбақты ғана, одан төртеу: Тоқан, Тоқыш, Есбол, Байбол туады. Үлкендердің айтуынша, Елбақты ерте үйленгендіктен бе екен, балалары өзімен қарайлас қатар өседі. Бәрінің де шал болып қалған кезі екен. Елбақты атамыз балаларын ертіп бір тойға кешігіп барады. Ел тарқаса да төрт баласымен бір үйде о...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
«Қосқұлақұлы Қаржау батыр халыққа танымал Үйсіннің бір тармағы – Албанның Ханкелдісімен жолдас әрі сенімді серігі, бас сардары болған. Ол Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарда соғыс өнеріне жетілген, ерен ерліктерімен жұрт көзіне түседі. Абылай ұйымдастырған Қабанбай жорығына, қырғыз батыры Әтеке жырықты және қалмақ ха...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Кәдірдің шын аты – Бәйіт екен. Еліне елеулі қадырлы болғандықтан Кәдір деп атап кетіпті. Кәдір Қабылдың қолында өсіп, ержетеді. Осы арада бір әңгіме қозғаудың реті келіп тұр. Ол әңгіме Кәдірдің осы елге, яғни Батырша ауылына қалайша келіп тұрақтағаны жайында. Мұны білетін кәрі құлақтар бізге былайша түсіндіреді: Кәдірд...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Батыршаның сексеннен асқан кезі екен дейді, үлкен келіні атасының дәретінің көбіктенгеніне қарап: «Атамның белінде әлі бір-екі бала бар екен, күш-қуаты да мығым, әйел әперсек қайтеді?» – деп күйеуі мен қайындарына ақыл салады. Бәрі мақұл көріпті. Әкелеріне келіп айтқанда: «Ондай ойларың болса, кәнеки, онда да Мақпал сұ...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
«Батыршаның азан шақырып қойған аты – Бесбұлақ екен. Қалдаудың Бесбұлақ және Қосбұлақ атты екі ұлының есімі де жер-су атауына байланысты қойылған. Қоныс болған «Бесбұлақ» басында туған баласының атын Бесбұлақ қойған ғой. Баласы ержетіп 15 жасқа келгенде атасы Тілеу батырдың жылқысын қалмақтар айдап кетіпті. Тілеудің қа...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан