Ол заман – қырғызы, қалмағы және қалғаны бар, көршілес қазақ ауылдарына әлсін-әлсін шапқыншылық жасап, маза бермейтін жаугершілік уағы. Бірде атқа мінер еркек кіндік түгел жауға аттанады. Осындай қарбалас шақта басқа жақтан тағы бір жау келіп ауылды шабады. Аласапыран кезінде ауыл адамдары үйлерін тастай қашып, кереге...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ағымсары ішінде ағайынды Қайыпберді, Қалпе дейтін аталар бар. Қайыпбердіге қарағанда, Қалпелер аз ауыл. Ежелгі ел тарихын жақсы білетін қариялар Қалпелердің неге аз екенін әрі кешігіп, кенжелеп өскенін былай деп айтып түсіндіретін еді. Қалпе атадан Желкілдек жалғыз туады. Мәйеке – екінші жанама аты. Қалпе ауылының әйел...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ерте кезде Дулат елінің Сары биі (қайсыбір әңгімеде Қара би деп те аталады) Албан елін аралап жүріп Досалы бидің ауылына келеді. Сол кезде Бірімбеттің бәйбішесі (Үмбеттің бәйбішесі) Шажаға тон тігіп жатса керек. Сүйерқұлдың өз кіндігінен тараған төрт ұлы (Шоған, Досалы, Қожбанбет, Жарты) және Шоғанның еншілестері Алжан...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты – Тұмар. Қартайғанша шашы ағармапты. Сондықтан жасы кішілер ол кісіні «Қарашаш ана» деп атайтын болыпты. Одан туған баланың аты – Атша бар. Бұл есім ру атын алып кете алмайды. Одан жараған үрім-ұрпақ «Ошақты» атанып кетеді. Ол жөнінде мынадай аңыз бар: Енші алу рәсімінде Тұмардың алдын...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапырашты ананың сіңлісі екен. Мапырашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты: – Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп, өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің екінші әйелі сұлу Зеріптен Жалмембет туған. Жалмембеттің бірінші әйелі – Қоңырат ішіндегі әйгілі Қызыл бидің (Мелде би) қызы Жұпар. Осы Жұпар ұзатылғанда өзімен бірге бірнеше күтуші қыздар еріп келсе керек. Солардың ішінде ақылына көркі сай Сыланды есімді бір қыз болады. Кейін осы қызды Жалмембет ұнатады...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйбішеден туған Ақтөбет, Бертіс ерте марқалап өсіп, кейінгі үш қатынының балалары кенжелеп өседі де, аз болады. «Аздың атасы бір» деген, біз бірігіп жан сақтайық», – деп, Әлти, Қосай, Баянай бірыңғай болып, бұлар «Үш тоқал» атанып, үшеуі еншілес болады. Ақтөбет, Бертіс тұқымы «Бәйбіше» атанады. Осы күнге дейін ел арас...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қалдының әйелі он екі бала туған екен. Өкінішке орай, он екі баланың екеуі ғана – Қалдықыз бен Айқым тірі қалады. Қалдықыздың есейген шағында, Айқымның жас кезінде анасы қайтыс болады. Қалдықыз бойжеткен соң Тобықты еліне ұзатылады. Ол кішкентай жас інісі Айқымды бірге ала кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Айқымның не...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Байбағыстың екінші ұлы Түнқатар саудагерлікпен айналысқан адам екен. Осы кәсібімен Қазанға барғанда бір әйел алады. Ол әйелінің тілінің мүкісі болғандықтан қазақ арасында тым сіңісе қоймаған көрінеді. Түнқатардың Бұқара, Самарқандқа барып жүріп алған екінші әйелі сарт болады. Бірі – ноғай, бірі – сарт екі әйелдің балал...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Шөңке қартайған шағында Албанның Құрман атасынан тараған Киікбайдың баласы Шалабайдың ауылына жас баласы Жұмабайды ертіп барады. Олар келгенде ауыл иттері мен Шалабайдың да қасқыр алатын төбеттері жан-жаққа қашады. Баласы мен екеуінің де киімдері көнетоздау болғандықтан Шалабайд...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насат батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен. Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің ортаншы әйелі Зеріптен туған жалғыз ұлдың есімі – Жалмамбет. Жалмамбет ақыл тоқтатып, оң-солын танып, жасы отызға жақындағанда қоңырат Мелде бидің (Қызыл би деп те атайды) үлкен қызы Жұпарға үйленеді. Жұпарды биязы мінезіне орай ауыл адамдары «Мапырашты» (кейбір шежіреде «Мираш» деп те аталады) деп атап...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек би үш некелі болса керек. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден – Байтоқты (кейбір деректерде – Сарыбай) туып, одан өрбіген ұрпақ «Сарыүйсін» атанған. Екінші әйелі Зеріптен – Жалмамбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты туған. Үшінші әйелі Нүриладан (бұл кісіні ел-жұрт қадірлеп «Домалақ ене» деп атаған) Тілеуберді (жанама...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бірде Бәйдібек би жанына сенімді серіктерін ертіп, сайланып шығып саят құрады. Аң-құсы жыртылып-айырылатын қалың жынысты кешіп келе жатса, «гүр-р» еткен жолбарыс дауысы естіледі. Бес қаруын сайланып шыққан жігіттер дереу тақым қағып, із кессе, уыздай байталды жығып, етін еңсере жеп жатқан жолбарысты көреді. Жас етке сы...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің ортаншы әйелі Зеріп – Шынтас байдың қызы. Биязы мінезді, асқан сұлу, адамгершілігі мол, үй тіршілігіне ұқыпты кісі екен. Одан жалғыз ұл Жалманбет дүниеге келеді. Отызға келгенше үйленбеген көрінеді. Серілік құрып жүргенде Жұпар деген қызбен көңіл қосады. Жұпар – шығыста көршілес жайлаған Қоңырат руынан ш...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жәлмәмбет туады. Жәлмембет отызға келгенше үйленбей, серілік құрып жүріп Мапыраш атты қызбен көңіл қосады. Мапыраш анамыз ұл табады. Бірақ қан көп кетіп, ұлын сүйе де алмай, қайтыс болады. ...Баланың атын анасына ұқсатып Шапырашты деп қояды. Бұдан соң Жәлмәмбет өзінің туған балдызы Қар...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Кейбір шежірелерде Кішкене Палуанға өкпелеп кетіп қалып, Ұлы жүзге барып, Үйсіндерге қосылып, Бәйдебек бидің бәйбішесінен туған Сарыүйсін баласы Байтоқты байға келіп малын бағып, жалшы болады. Байтоқтының Мырзатаз деген бір ұлы, Қоңыр деген бір қызы бар еді дейді. Кішкененің жұмысы жағып, қойдан жылқы бағуға ауысыпты....
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанады. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, ш...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бәйбішесі Мараудан он ұл (Мөйлау, Қойлау, Мойсал, Қайсал, Айтуған, Байтуған, Ерсары, Бисары, Байтоқты, Сарыбай), екі қыз көреді. Марау өжет, бірбеткей, қайсар: өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне ермейтін мықты адам болған деседі. Бүкіл елге билік жүргізген ақылды ана болғандықтан, ел-жұрты оны...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібектің бәйбішесінің есімі Сарықыз екен. «Сарықыз» десе, дегендей, ақсары, шегір көз адам болыпты. Бәйбішелік жолына лайық әміршіл, адуын мінезді еді дейді. Сарықыз бәйбішеден Бәйдібек тоғыз ұл көріпті. Бәйбіше ауылы атанып, ақарлы-шақарлы ел болып отырады екен. Бірде ел жазылып жайлауға шыққан кезде, Сарықыз бәйбі...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан