Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4404 Жалпы жазба
176,706 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3957 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4404 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Дос іздеп кілең сайдың тасындай бір, Жас көңіл әлі күнге басылмай жүр. Барында оралыңның ойна да күл, Артында кімнің малы шашылмай жүр.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Орғисың бірде марал, бірде еліктей, Ешкімнің сөзі сені жүр ме ерітпей. Жеңіл ме, салмақты ма жиырма бесте Қалмайды жігіт шіркін бір желікпей.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тас үйдің салдым жаңа түтіндігін, Бөлістік бір сиырдың сүтін бүгін. Кісіге алған, берген не болады, Көңілдің білдірмесе бүтіндігін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Нәрсенің кісідегі кілті аспанда, Епсіз жан екі сасар бір сасқанда. Абайлап алды-артыңды шамалай біл, Көп асқан жолығады бір тосқанға.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басына шықтым шауып боз биіктің, Көрініп көшкен жұртың тез бұйықтым. Тәтті етін бөдененің бөле жеген Қылығы кетер ме естен кермиықтың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Болғанда ақылың дария, кеудең кеме, Кемесіз дариядан өтем деме. Кеудеңде санаң болса, талап ізде, Талапсыз мақсатыма жетем деме.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөзіңнің риза болдым нұсқасына, Айтады әркім назын тұстасына. Жараспайды жастарға серттен таю, Сене тұрып өмірдің қысқасына.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көл жағалай тізіліп құстар отыр, Оны көріп қаршығам ұшқалы отыр. Айта берме сырыңды әшкерелеп, Маңымызда дос отыр, дұшпан отыр.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жарасар таққан божы бірешкеге, Жақсылық тілемесем адам деме. Сілкініп осындайда бір шықпасаң, Көзіме күйік болып келдің неге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мал әдемі көрінер қиядағы, Бұзылмайды жұмыртқа ұядағы. Төмендеуі адамның тіпті оңай, Жүріп тұрған басынан тайса бағы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуелі керек нәрсе білім деген, Білімсіз ілтипатқа ілінбеген. Екінші, елден таңдап бір сұлу ал, Қиғаш қас, оймақ ауыз күлімдеген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Не асыл заттың бәрі жерден шығар, Меруерт, маржан тастар көлден шығар. Қанша тентек болса да бала кезде, Тез ес жиса, жақсы адам ерден шығар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бай кісі үйде отырып малды айтады, Сал жігіт сүйер ғашық жарды айтады. Туған ел, өскен жерден шетте жүрсең, Сағынтып ойдан кетпей сарғайтады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бар қашаған құтылмас, жоқ табылмас, Қараңғыда атылған оқ табылмас. Тіршілікте сыйласшы, ойнап-күлгін, Көре алмаған көп дұшпан боқ та қылмас.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Уайымнан өлмейді адам, ажал біреу, Босқа ойлап неге керек жадап-жүдеу. Адам—үй, қайғы—дауыл соқса келіп, Ығында жыққызбайтын ақыл тіреу.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басынан ақындар сөз асырмайды, Әр жерде екі жақсы қосылмайды. Қосылса екі жақсы сәті түсіп, Қызығы өле-өлгенше басылмайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан кенет ыстықта «өлім» десе тоңар, Тамшыға пейіл қосса, кесе толар. Ішінде бір терінің ер азамат, Тірлікте неше толып, неше солар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ені жоқ, таңбасы бар қара ала аттың, Болады бәрі қымбат асыл заттың. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» деген сөз бар. Жігітке залалы көп жаманаттың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қой семіз көрінеді қырқылмаған, Баласы сен біреудің былқылдаған. Барында талабыңның талпынып қал, Бос қалар жастық шақта ұмтылмаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мал таппас еркек болмас, құрарын айт, Ұл таппас қатын болмас, тұрарын айт. Бірде шат, бірде қапа болып жүріп, Көңілдің қай уақытта тынарын айт.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 78 / 221 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды