Іздеу интерфейсі

Ауызша мәтіндерді жинаушы, өңір, айтушы және ертегі типі бойынша зерттеңіз.

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі.

1 Жалпы жазба
48,701 Бірегей сөзформа
5991 Орташа құжат ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

1 / 1 жазба көрсетілуде

Алдардың өгіз семірткені. Керуенбасын екі алдауы

Бір күні Алдар үлкен қара жолмен сапар жүріп келе жатып, мал айдаған үлкен бір керуенге кездеседі. Алдар жанынан жортып, өтіп бара жатқанда керуенбасы: —Әй, жігітім, босқа жүргенше, мал таппайсың ба?—дейді. —Табайын,—дейді Алдар. —Олай болса, біз саған жүз өгіз берелік. Соны қасымызда жайып, айдап отыр. Осыған көнесің...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Kazakhstan ТМЖ 1004

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Корпус мақалалары

Фольклор деректерін жүйелеу және түсіндіру бойынша мақалалар.

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақ фольклорының ауызша мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды.