Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Мысық пен тышқандар

Мысық бір күні тышқандарды қонаққа шақырып хабарландырыпты. Тышқандар хабарландыруды тапсырып алған соң: – Мысық бізбен қылыштасқан жау еді. Бүгін неғып қонаққа шақыратын дос бола қалды, бір сұмдық бар ма, қалай? – деп қауіптеніп, ақыры қонаққа барысады. Мысық басына сәлдесін орап, «қонақты» қарсы алып, алдарынан шығып...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1990 Region: Қазақстан Collector: Б. Мұқаметкәрімұлы

Мысық пен тышқан

Мысық тышқанды алдап інінен шығармақшы болады. Тышқан інінде тұрып: – Жүз тиын – көп байлық, жол да қашық емес. Бірақ қымбатқа түсеме деп қорқам, – депті.

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Жалқау мысық

Бір үйдің мысығы бейқам өмір сүріпті. Қарны тоқ болған соң, қимылдауға ерініпті. Жалқауланғаны сонша, тіпті тұмсығының астынан жорғалап өтіп бара жатқан тышқанды ұстауға да құлқы соқпапты. Ақыр тышқан: – Біздің маубас, – деп, мазақтайтын болыпты. Бір күні қожасы екі-үш қап бидайды үйіне кіргізіп қойып, өзі сыртқа шығып...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Қызыл мысық

Араларындағы айтыстарды бітіріп, араздықтарына ағалық ету үшін арыстан аң атаулыны аралдағы алаңға жияды. Тағылардың тартып алғаны мен азулылардың айдап алғанын айта келген аңдар адам айтқысыз көп еді. Үлкен құлағы үдірейген, қорқақ жүрегі лүп-лүп еткен қояндар тобы да талай арыздарын ала келіседі. Қоянқұлақтау келген...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1980 Region: Kazakhstan ATU 103 ATU 103А ATU СУС103

Ертегі. Мақта қыз бен мысық

Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төг...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1927 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ATU 2022

Мысықтың түлкіге қонақ болуы

Бұрынғы заманда айуандардың өзінің арасында патшасы болған. Патша келген уақытта айуандардың бәрі оған құрмет қылып тұратын болған. Бір күні мысық түлкіге қонаққа барады дағы: «Мен жер жүзіндегі айуанның патшасымын, маған сойыс әпкел», – деп түлкіге жарлық қылады. Түлкі бұған сойыс іздеп аю мен қасқырға барады. Оларға...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ATU 103

Күшік пен мысық

Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүргенде, қасқыр жүгіріп келіп: – Күшік, мен сені жеймін! – дейді. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – дейді. – Жарайды, жарайды, менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап айтты: – Маған қа...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1894 Region: Kazakhstan Collector: О.Әлжанов ATU 117 ATU 47D

Мысық пен қоян

Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әк...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1921 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ATU 2493

Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. –...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1960 Region: Қазақстан Collector: Н. Төреқұлов ATU 230

Тазы мен елік

Тазы елікті қуып келеді. Елік тазыға: «Әуре болма, сен маған ешқашан жете алмайсың», – дейді. – Неге? – Мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келем. Сен мені өз иеңе жағыну үшін қуып келесің, – дейді елік.

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Иттің сыншысы

Бір Шайқожа деген адамның Майтабан атты бір үлкен қара төбеті өзі сақ болса керек. Сол Шайқожаның үйіне біреу жақындаса, оны келіп абалайды. Жақын келген ешкім жоқ болса, қара жолға барып, тап жолдың қасына жатады. Бір күні сол Майтабан сол жолда жатса, Ерқожа деген адамның Майлыаяқ атты бір көк төбет иті сол Майтабанн...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan Collector: Я.П.Гордиенко

Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлігі сай бір бай болыпты. Ол байдың өз иттерін Төрткөз, Мойнақ қойғандықтарын түсіндіріп өтпекшімін. Төрткөз қойғанының себебі – басқа денесі қап-қара болып, жалғыз-ақ екі көзінің үстінде көзінің көлеміндей екі сарғышы болған. Шақырған уақытта құйрығын бұл...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1923 Region: Kazakhstan Collector: Султанбек Сүлейменов

Сайтан торғай мен самұрық

Құстың тым құрдым сиықсызы – сайтан торғай, салтанатты да сәндісісамұрық. Сайтан торғай бір жолы шөптің түбіне жұмыртқалайды. Сол маңда бір тастышқанның іні бар екен. Ол өзі жоқта сайтан торғайдың жұмыртқасын жеп кетеді. Оның үш жұмыртқасы бар екен, сөйтіп оның екеуін тастышқан жейді. Сайтан торғай осы жайлы самұрыққа...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Торғай мен тышқанның қазыға жүгінуі

Бір таудың басында бір топ ағаш бар екен. Сол ағаштың басына бір торғай ұя салыпты да, бір тышқан оның түбінен ін қазыпты. Бір күні тышқан мен торғай шармаяқтасып қалады. – Торғай, сен, ылғи менің інімнің аузына саңғисың да, інімдегі жиған-терген дәнімді бұлғап болдың! – дейді тышқан. – Тышқан, сен ағашымның түбін кеул...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Есірік торғай

Құстардың патшасы Қыранның жыл сайын көктем кезінде өз бұқарасына арнап салтанатты той өткізетін әдеті екен. Барлық құстарды тағы да көктемде өтетін той салтанатына шақыртады. Құс атаулы түгел белгіленген уақытта топ-тобымен патшаның ордасына қарай шұбырыпты. Орда қызметкерлері патшаның нұсқауы бойынша құстарды рет-рет...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU 235 ATU СУС244

Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті. Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Торғайдың өсиеті

Өткен заманда бір саятшы тор құрып қойса, торына бір кішкене торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп: – Мен кішкене торғаймын, апарғанда союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсамен өлемін. Онан да мені еркіме қоя бер, мені еркін кең дүниеге жібер. Мен сізге екі ауыз өсиет айт...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә. Мұратов

Шудалы торғайдың ертегісі

Ертеде бір шудалы торғай бар екен. Ол торғай келеді де бір ешкіге айтады: «Ешкі, ешкі, мына тобылғының бүршігін неге жемейсің», – дейді. Ешкі айтады: «Ой, тәйірі, қойшы, өзім көк шөп жеп тойып тұрсам». «Тұра тұр сені қасқырға айтып сорыңды қайнатайын», – деді торғай. Бір қасқырға келді, айтты: «Мына жерде бір ешкі тұр,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1920 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ATU 2022

Қоян мен қасқыр

Өзен жағасындағы тастақта бір қоян көп шөмшек теріп әкеліп отты маздата жағып, оған енді жылынайын дей бергенде, өзеннің жоғарғы жағынан аяғын сүйрете басып келе жатқан көкжал қасқырды көріпті. Оның өткен жолы сұр көжекті жеген қанды ауыз екенін де жазбай таныпты. Сонан ол өзінше сақтық етіп, онан құтылудың амалын да т...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Қоянның өш алуы

Ертеде бір қоян мен бір арыстан іргелес жақын тұрыпты. Олар көрші отырса да, бір арыстан астамшылық істеп, қоянды өз бойына тоғытпай, әмсе әлімжеттік жасап, оны шырқыратып жүреді екен. Қоян оның қорлығына шыдамай, одан өшін алудың қазанын асыпты. Ол бір күні арыстанға: – Ей, аға! Құдды өзіңіз сияқты бір хайуанға кез бо...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы ATU 1168 ATU 1336 ATU 1383 ATU 92
Previous Page 245 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment