Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Айт дегенде айтайын әри-айдай, Көп торыдым ауылыңды жарым айдай. Адал ниет, шын көңілің менде болса, Ерітейін ішіңді сары майдай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шалғынды құс қонады айдын көлге, Мен жүрмін ынтық болып бұраң белге. Есіме сен түскенде, беу, қарағым, Көзімнен үйрек жүзер аққан селге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Хат жазамын қағазға қалам басып, Нұр жүзіңді көргенде болдым ғашық. Сыртым бүтін бұл күнде, ішім жалын, Асыл еді сүйегім кетті жасып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бешпентім бар үстімде тайға алғандай, Қадірім бар сәулеме ойға алғандай. Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, Менің сәулем болады бәйге алғандай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан қалқа, кете көрме серттен тайып, Жүремін сені көрсем көңілім байып. Жас жастың тілегі бір деген сөз бар, Тезірек жауабын бер, болмас айып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қараймын жабығымнан қудай бойлап, Ұйқы жоқ күндіз-түні бір сені ойлап. Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Өмірді өткізейік күліп-ойнап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім, Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің. Сол үкі азар болса жүз теңгелік, Көңілімді қалдырып, зар еңіреттің.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шаба алмас арғымақ ат тер қатқан соң, Көрген жер көз жаздырар ай батқан соң. Мәңгілік достық жүрек деуші-ақ едім, Қайтейін көңіл шіркін бір қатқан соң.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен енді, сенсең еді, сенейінші, Зар илеп ақ боз аттай желейінші. Жеріңді уағдалы айтып қойшы, Кезінде уәделі келейінші.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен енді, сенсең еді, сенсін десең, Не етеді сәлем деп сен келсін десең. Бар дейді жан қалтаңда жарты мейіз, Не етеді, бүтін беріп жесін десең.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көз алдымда ақ жүзің күлімдейді, Бір өзіңнен басқаға білінбейді. Сен есіме түскенде, ей, қалқатай, Ұзақ таңға көзім бір ілінбейді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алтын басың болғанда, мақпал шашың, Қаламменен сызғандай қиғаш қасың. Мұндай сымбат тұрғанда бір өзіңде, Жабыттамай ауылыңды кім шыдасын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан қалтама салғаным он екі құрт, Қалқатайдың ауылын көрдің бе жұрт. Қалқатайдың ауылын көрген болсаң, Сүйіншіге берейін орамал, шыт.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шыт шұлғау, шүберек байпақ, кәзелі етік, Мәскеуден кидім бешпент дөңгелентіп. Даусыңды естігенде бұлбұл құстай, Қараймын жан-жағыма елең етіп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ тісің аузыңдағы маржан тісің, Болар ма мұндай душар сүйген кісім. Сүйкеніп сүйген кісім өте шықса, Қазандай қатты от жаққан қайнайды ішім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жорғалайды көк ала малдың басы, Етекке саудыраған сайдың тасы. Кеткенде ауылың алыс, әй, қарағым, Көл болар омырауға көздің жасы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көзге түсер, ер салсам, бай көк дөнен, Аралайын ауылыңды тай көкпенен. Бірге жүріп, бірге өскен, беу, қалқатай, Сағынғанда қараймын әйнекпенен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Хат тауының бауырында қарға жүрер, Қара жолмен шиқылдап арба жүрер. Біте қайнап, бірге өскен, қарағым-ай, Сағынып шыбын жаным зорға жүрер.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өнерпазға немене өлең деген, Ауыздығын шайнайды дөнен деген. Ауылың алыс кеткенде, беу, қалқатай, Жүрісіңді сағынам көлбеңдеген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көк ала үйрек ұшады көл дегенде, Ынтызарым құриды сен дегенде. Алты айшылық жолыңа азық болар, Сірне татыр сілекей шөлдегенде.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 45 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды