Әлім ата балаларының ру таңбаларын алуы (І нұсқа)

Әр рудың өз таңбасы болған. Ол таңба сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. Сырт көз жайылып жатқан түлікті көріп: «Мынау пәлен рудың малы екен», – деп таниды екен. Рулық таңбалар Әлім аталарында да бар. Олар жайлы кішкене әңгіме-хикаят мынадай: Әлім балаларының алдына ат- тарды әкеліп: «Ал өз таңбаларыңды бас...

Қазақша
Әлім ата балаларының ру таңбаларын алуы (І нұсқа)
Әр рудың өз таңбасы болған. Ол таңба сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. Сырт көз жайылып жатқан түлікті көріп: «Мынау пәлен рудың малы екен», – деп таниды екен. Рулық таңбалар Әлім аталарында да бар. Олар жайлы кішкене әңгіме-хикаят мынадай: Әлім балаларының алдына ат- тарды әкеліп: «Ал өз таңбаларыңды басыңдар!» – дейді. Сонда үлкен баласы Жаманақ аттың сауырына айқасқан қос шек (X) салыпты. Содан «Шекті» атаныпты дейді. Бұл таңбаны баласының аттың сауырына салғанын көріп, Әлім ақсақал: «Балам, сауырлы ел боларсың», – депті. Енді кезек Ұланақ – Сасықбайға келеді. Ұланақ бір шетін жамбасқа, төменгі жағын шідерлікке келтіріп шақпақ таңба салады. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, сен де жанбастан қалмайтын болдың ғой!» – депті. Кезек Қарамашаққа келеді. Қарамашақ келеді де, таңбасын сызық етіп аттың қабырғасынан сүбесіне (бұны «көсеу таңба» дейді) дейін тартып жібереді. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, қабырғалы ел болатын болдың», – депті. Айнықтың таңбасы жоқ, ерте өледі. Ал Тегінболат – Қарасақалдың, Тойқожаның таңбаларын ұшырата алмадық.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ