Корпусқа оралу

Сәмен қу

Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді»,—дейді. Сәмен: —Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер,—дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады. Бір кезде Сәмен Бақтияр...

Қазақша
Сәмен қу
Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді»,—дейді. Сәмен: —Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер,—дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады. Бір кезде Сәмен Бақтиярдың үйіне келіп, ешнәрсе күтпестен Құран оқиды. Артынан көңіл айтады. Сонда отырған 4-5 адамға: —Е, Бақтияр анаугі ана елден әйел алмай, басқа елден әйел алған ба?—дейді. Отырғандар аң-таң болып, «жоқ, ондай, мұнда [й] өзгеріс болған жоқ»,—дейді. Сәмен: —Неге Бақтияр... ана қалхоздан бір әйелге сөйлесіп жүр еді,—дейді. Сол кезде Бақтияр келеді. Бақтияр кірісімен әйелі алдынан тұра жүгіріп: —Е, мені тірідей өлді деп, Құран оқытып, әйел алмақшы болып жүр екенсің ғой, әйеліңді барып ал,—деп ұрысады. Бақтияр басында түсінбей, аң-таң болып отырады. Сәменге қарайды, жан-жаққа қарайды. Аң-таң. Сонда Сәмен: —Ә, Бақтияр, сенің әйелің ашуланбайды екен,—дейді. Сонда Бақтияр: —А, Құдай ұрған екен!—деп, сонда түсінеді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.