Еламан баласы – Тұрсынбай Едіге баласы Шоңның заманында «Ащы» деген өзеннің бойында, «Күңгірлек» деген күзекте отырғанда, Жанқозы жылқысын жау алды. Сонда айтып алыпты: – Қарашорыңмын, Құдайдан соңғы зорыңмын: Таубай, Борай, Балағаз! Мына менің атым – Балағаз батыр. Шоң мен Тұрсынбайыңа сәлем де! Ертең Найзақараның түб...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Ж.Көпеев
Айтушы қарттар, Хангелді немересі Райымбек үш жаста ат басын алып жүрді, бес жаста өзі ат ұстап мініп, жылқы айдапты. Жеті жасында белгілі бір жігіттің сапында жылқы бағуға жарамды еді. Райымбектің нағашы атасы Жалайыр Орақ батырдың тұқымынан екен. Райымбек жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір көк тай, садақ, айбалта,...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Атасы Хангелді батыр, ...Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қоластына алуын өтінген. Райымбек бес жасында өз атының басын өзі алып жүріп, жылқының соңынан ере бастаған. Жеті жасқа толғанда асау жылқыны үйретіп, міне бастаған....
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әжібайдың әлгі көк қасқа тұлпарының тұқымы ұрпақтарына мұра болыпты. Немересі Қожамқұлға бәсіре болған көк қасқа құлын жиырма екі жыл бойы бәйгенің алдын бермепті. Ең соңғы жиырма екінші жылы, қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста ақырғы рет бәйгеге қосылған екен. Асқа келген қырғыздың сыншысы: «Қожамқұлдың көк қасқа аты...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әжібай қалмақ досы берген көк биені мініп ұзақ жол жүріп еліне келсе, аулы орнында жоқ. Қалмақ шауып, жұртта қалғандары басқа жаққа қоныс аударуға дайындалып жатса керек. Өрістегі жылқыны айдап келетін адам жоқ. – Жылқы қайда жатыр, – дейді Әжібай. – Көк төбет біледі, – дейді ауыл. Әжібайдың күшік кезінен асыраған арла...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әжібай батыр сарбаздарымен қалмақтарды ысырып тастап келе жатса, алдынан өгіз мінген қалмақ шығады. – Қол бастаған Қора деген батырың қайда? – деп сұрайды Әжібай. Анау айтпай жалтарады. Әжібай: – Айтпасаң басыңды аламын, – деп қылышын суырғанда жанынан қорыққан өгіз мінген қалмақ тұра қашады. Қазақтар тұра қуады. Қалма...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қазақтар қалмақтарды Аяққалқанға түріп тастап, әскерін алып қайтып Шелекке келіп тоқтапты. Қол бастаған батырлардың қатарында Жалайыр Ескелді, Балпық, Дулат Шеруке, Өтеген, Сегізсарыдан Биеке батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Алжан Райымбек батырлар болады. Өткелдің аузында әскерін тоқтатып қойып, елдің алдын шегереді....
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ел аузындағы аңыз-әңгімеге қарағанда, Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткірді жанарды адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі бі...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жасыбай батыр жас кезінен батыл, ешнәрседен тайсалмайтын ержүрек болыпты. Он сегіз жасында батырлық атағы шығыпты. Бір күні біреулер Ақбет тауының бір аңғарына жиналып, Жасыбайдың батырлығын сөз етіпті. – Жасыбай тірі жаннан қорықпайды. Бұл өңірде онымен батырлық салыстыратын жан жоқ. Оның әруаққа батылы бара ма соны к...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1985
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Рүстемов
Орта жүз, арғын, бес мейрамның біреуі қаракесек болады. Қаракесек деген кісі аты емес, шын аты – Болатқожа, Болатқожадан Ақша, Түйте туады. Түйтесінен Майқы, Танас. Майқыдан Әлтеке, Сарым. Сол Әлтекенің баласы – Дос батыр. Жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен қалмаққа қолға түседі. Қалмақ: «Қазақты өлтіріп т...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Адамбаев
Жидебай халқын жаудан қорғаған батыр әрі өткір тілді шешен адам болған. Бірде Абылай хан аң аулап жүріп бір төбенің басында ұйықтап жатқан адамды көреді. «Бұл неғылған жан?!» деп таңқалған хан әлгі адам орнынан тұрған сәтте: – Уа, батыр, үйге сыймай далада жатқаның қалай? – депті. Сонда әлгі кісі: – Демалуға қазақтың к...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.Құлпейісов
Жидебай әулие де, ақын да, жұлдызшы да болған. Батыр жорыққа шығарда қол жинап, қойдың тіс тимеген жауырынына қарап (кейде отқа жағып, күліне қарап та) жорықтың қандай нәтижемен бітетінін алдын ала айтып отырады екен. Алдағы істі болжағыш, көріпкел, қолбасшы болған. Абылай хан Жидебай батырға Балқаш-Ақмола өңіріне жауд...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Ж.Көпеев
Қартайған кезінде жастық шағындағы жолдасы Қараменде есіне түсіп, жас кезіндегі сәттерін және қартайып, қажыған шақтағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болады. Ол кезде ел арасындағы қатынас тек атпен ғана болғандықтан өзі бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақырып: – Шырағым, тобықтыда...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Ж.Көпеев
Күндердің бірінде Әкесі Бердаулет ел аралап жолаушылай кеткен бір орайда Жәнібек түйе жаймауға белін бекем байлап, он сегіз атанды шөгеріп, қылтасын қиып тастап үйіне келіпті. Ана баланың сырына қашанда қанық емес пе? Уақытсыз уақта көзі қанталап, өңі қашып, сұрланып келген ожар ұлы туралы кәдік ойлай қалған шешесі: –...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қазақта атақты Жәнібек үшеу: ноғайлы жұртының ханы – әз-Жәнібек, Абылайдың қолбасшыларының біреуі – Шақшақ Жәнібек және Ер Жәнібек. Кейінгі Жәнібектің руы – керей. Әкесі Қошқар деген кісі үйіне Шақшақ Жәнібек келіп қонған түні әйелі босанып ұл тапқан соң баланың атын ырымдап Жәнібек қойған. Осы Жәнібектің бастауымен Ке...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1969
Өңір: Қазақстан
Жәнібек батырдың Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға, Құмыл қатарлы кіндік кесіп, кір жуған байырғы мекеніне елінің іргесін қайта жәйіп, күлін төгуі – өз өміріндегі аса ұлы, ізгі арманы еді. Бұл тек Жәнібектің ғана емес, хан Абылайдың, Қабанбай, Бөгенбай бастаған қазақ қолбасыларының, бүкіл қазақ халқының ортақ тілегі еді....
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жәнібек өтміштегі тар жол, тайғақ кешірмелерін былай еске алады екен: 3. Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санаймын, қаптаған жаумен шайқассаң, өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды басымнан кешірдім, тар жол, тайғ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Татанайұлы
Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылды да, Абылай хан оны жете сынамақ болады. Сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреген алай-дүлей бір түнге тура келеді. Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жоңғар шапқыншыларының қазақ даласын жаулауға мол дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған Абылай бастаған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан шегініп, сан жеңіп, ілгерілеудің бірінде қазақ қолы тағы да шайлағып, қаша соғысады. Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе жатқан қолдың ішінде Абылай д...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның қаракесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін әйелі бірнеше жыл бала көтермей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шапт...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан