Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4273 Жалпы жазба
174,654 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4009 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4273 жазба көрсетілуде

Едігенің төрелігі

Көшіп жүрген қалашылардың ішінде екі қалашы бір дөнен атанға таласыпты. Әрқайсысы өз інгенін көрсетіп, содан туды дейді. Едіге тапқан түйелерді көріп, екеуін де мұрындығынан байлап тастайды да, таласқан атанға шылбырдан тақымбұрау салып, қинап шыңғыртады. Сонда ботаны тапқан інген мұрындығын үзіп кетіп, атанның үстіне...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Едіге туралы

Балалармен ойнап жүрген Едіге келе жатқан екі кісіні сонадайдан көріп қалып, қасындағы жеткіншекке: «Өздерің сәлем бермеңдер, сәлем берсе, алыңдар, «сәлем бермедіңдер» деп сөксе, жауабын мен беремін», – деп ескертеді. Кісілер бұлардың жанына жақындап келіп, үнсіз тұрғандарын көріп: – Балалар, үлкен кісілерге неге сәлем...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Едігенің төресі

Ертеде бір нашар, кедей адам болған екен, өзінің жалғыз ұлынан басқа жақын туысқан ешкімі жоқ екен. Қатынынан ұлы он екіге келгенде айырылған екен. Бала он төртке келген соң әкесі опат болып, мүлде жалғыз, жетім қалды. Әкесі өлген соң бір жылдан кейін бала бір бай саудагерге жалданды. Жалақы турасынан екеуі де ештеңе д...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Едіге батыр

Ноғайлы елінде Қайғылы Науайы (енді бір аңызда Бабай Түкті Шашты Әзіз деп аталады) атағы алты алашқа жайылған арқалы әулие домбырашы болыпты. Ол жаздың жарық айлы түнінде, ел-жұрт ұйқыға шомғанда, өзі Атырау (Каспий) теңізінің жағасындағы «Ақшағылдың» басына шығып домбыра тартқанда Қайғылы Науайының сазына перінің қызд...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Ер Едіге

Ер Едігеден естігенімді сөйлейін. «Ер Едігенің сөзі» деп, қариялар тақпақ қылып айтып отырушы еді: Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Ел шетіне жау келсе, «Мен шығайын!» – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жас үлкен болса: «Әзизім, сіз білесіз!» – дер екен. Едіге деген ер екен, Елд...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Ер Едіге

Қазақ жұртынан Едіге деген ер шықты. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Ел шетіне жау келсе: «Мен шығайын! – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы үлкен болса, «Ғазизім, сіз білесіз», – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы кіші болса, «Ботам, сен тұ...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Ер Едіге

Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған диуана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен. Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, ди...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Тоқтамыс хан мен Едіге батыр

Бұрынғы ноғай ұлдарынан Тоқтамыс деген хан болыпты. Оның «Түкті аяқ» дейтін сұңқар құсы болатын, жылында бір туып, үштен артық жұмыртқаламайды екен. Сол сұңқарды тәрбиелеп бағып тұратын Құттықая деген бір адам болатын. Сол сұңқар жұмыртқалаған уақытта Темір хан деген хан Құттықаяға кісі жібереді: «Сұңқардың бір жұмыртқ...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1930 Өңір: Қазақстан Жинаушы: С.Ғайниддинұлы

Едіге батыр туралы

Екі шаруа жігіт Нарын құмын мекен еткен. Бәйгеге ат жаратып, аңға ит жүгірткен сал-сері болса керек. Бір күні алты айшылық жол жүріп, бір қыранның балапанын әкеледі. Оны баптап, өсіре бастайды. Құсын аңға салып, қызығын көреді. Қыран құс аңды қаққыш болады. Оны естіген хан қыранды қалап, кісі жібереді. Бірақ иесі берме...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Тілеужанов

Еңсегей бойлы ер Есім

Қазақ жұртының бұрынғы үлгілі билері сөз бастағанда: «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы» деп сөйлейді екен. Сол Есім хан – әз Жәнібектің тоғызының бірі Жәдік ханның немересі екен. Қазақ жұртына хан болып тұрғанда пайтахт Түркістан шаһары болған екен. Соның заманында Ташкентте Қатаған деген жұрттың ханы Тұр...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Орманбет хан әңгімесі

«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» деп айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орманбет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты. – Кім боласыз? – деп сұраса: – Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы халифа жұртының кісісіміз, – депті. – Жол бо...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Жиреншенің қартайған шағы

Жиренше шешен қартайып, Қарашаш сұлу өліп, тоқал алып, бала тауып, балалары ер жетіп, шайпаң болып, тоқалы тентек болып сыйламай қадірі кетіп, оның үстіне хан қасынан да қалған соң бұзау бағып, тезек теріп, күнелтіп жүреді. Әз Жәнібек хан Жиреншені сағынып, жай-күйін көріп білуге жолдас ертіп шешеннің үйіне келеді. Үй...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе

Әз Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен. Бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: «Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының дауысы маза бермеді, айғырларын қырсын!» дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жиылыс қылып ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып: «Сендер саспаңдар! Ханның жауа...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1946 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т.Исмаилов

Жиренше

Күндерде бір күні әз Жәнібек хан Жиренше уәзірмен ойласып, халықты ренжітпей қаражат жинауға салықты қандай жолдармен, кімдерге салса орынды болатын жағын қарастырып кеңесіпті. Ханның қол астындағы халықтардың ішінен тек үш түрінен жиналса, заңды болар деп тауып, (дәлелсіз жұрттың бәріне салық салынса, халық ренжір дег...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында

Әз Жәнібек хан, Жиренше оның бас уәзірі, әрі шешен, білгір адам болған. Олар 14-ғасырлар шамасында болған. Осы кездегі кәсібі теңіз жағасындағы Астархан қаласын салдырған сол әз Жәнібек хан деп айтады. Өзбек ханның тұқымынан болуы тиіс. Жиренше шешеннің әкесінің аты – Кеңес, әйелінің аты Қарашаш екен. Кеңестің ұлы Жире...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1969 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Қайнарбаев

Жиреншенің ханның уәзірі болғаны

Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел: – Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, – депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де: – Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, – депті. Хан Жиренше к...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан

Қара өлең

Болмайды шапқаны аттың желгенмен тең, Мақтаған өзін-өзі өлгенмен тең. Намысты қарап тұрып қолдан берсең, Боласың тірі тозақ көргенмен тең.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең

Ақ алма, қызыл алма, жасыл алма, Жақсыдан жақсы сырын жасырар ма. Өкінішсіз шат дәурен сүрем десең, Жақсы тұрып жаманды қасыңа алма.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең

Жер жақсысы білінер қыс түскенде, Бел жақсысы білінер күш түскенде. Ер жақсысы білінбес туыстықта, Білінер тек басыңа іс түскенде.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең

Жақсы қандай, ойлашы, жаман қандай, Жүйрік қандай, мініске шабан қандай. Жәйді білмес жаманмен жолдас болсаң, Қараңғыға боларсың қамалғандай.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 20 / 214 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды